Қыс кезінде суық тиіп қалудан қорыққан көптеген адамдар таза ауада мейілінше аз уақыт өткізуге тырысады. Негізі, бұл қателік. Керісінше, таза ауада демалу адам ағзасы үшін өте пайдалы. Қыс кезіндегі физикалық белсенділік біздің ағзамыздың нығая түсуіне, тұмауға қарсы тұруға, жаз келгенше күш жинауға көмектеседі. Қыс кезінде коньки тебу арқылы адамдар денсаулығын жақсартып қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күйде болады.
Коньки адамзат тарихында өте ертеде пайда болды және бір замандары жануарлардың сүйегінен дайындалған.
Коньки тебудің пайдасы орасан зор. Мұз айдынында небәрі бір сағат коньки тебу бірнеше сағат бойы жүгіргенде кететін калорияны кетіреді. Конькимен сырғанау кезінде тізе көп жарақаттанбайды. Коньки тебу аяқ пен сан және жамбастағы бұлшық еттерді дамытады. Сонымен қатар, коньки тебу кезінде арқадағы және іштегі бұлшық еттер ширығады. Конькимен жүйелі түрде сырғанау ағзаның төзімді болуына әкеледі. Ал таза ауада коньки тепкен кезде ағза қатая түседі. Одан бөлек, физикалық белсенділік жағымды көңіл-күй сыйлайды. Көп қобалжитын адамдарға дәрігерлер конькиді жүйелі түрде теуіп тұруға кеңес тұрады. Бұл көңіл-күйді көтеріп тастайды.