«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2022-2023 оқу жылы
2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие үрдісінің есебі
Мектептің әдістемелік тақырыбы: « Жеке тұлғаның білім сапасын арттыру және жан-жақты дамыту-заман талабы»
Мақсаты: 1. Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру.
2. Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту.
3. Ақпаратты технология мүмкіндіктерін пайдалана білуге дағдыландыру.
4. Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.
2022-2023 оқу жылында мынадай тапсырмаларды алға қойдық:
1. Мектеп контингентінің сипаттамасы
Мектепте 2022-2023 оқу жылы 37 оқушы білім алды, оның ішінде мектепалды даярлық сыныбында-3оқушы , 1-9-сыныптарда 34 оқушы оқыды.
Бастауыш буында: 1-4 сыныптарда 15 оқушы оқыды,
Жоғары буында:5-9 сыныптарда 19 оқушы оқыды.
«Баратай негізгі орта мектебі»КММ-нің жанындағы шағын орталықта 10 бүлдіршін тәрбиеленеді. Барлық бүлдіршіндеге керекті жиһаздар мен балалардың жас ерекшелігіне қарай көрнекі құралдармен жабдықталған. Оқу-тәрбие жұмысын 1 тәрбиеші атқарады. Білімі; арнаулы орта, 2020 жылы педагог кадрлар біліктілігін арттыру курсынан өткен.
Мектепте сабақ бір ауысыммен оқытылады. Оқу жылының басынан бастап оқу жүктемесі мектепалды даярлық тобығ 1-сынып-35 апта, 2-9 сыныптар 36 апта оқытылды. Сабақ кестелері мен қоңырау кестелері санпингнің нормаларына сәйкес құрылған.
2. Педагог кадрлардың сипаттамасы.
2022-2023 оқу жылының басынан мектебімізде 13 мұғалім еңбек етеді. Сапалық құрамы бойынша: 12 мұғалім жоғары білімді, 1 мұғалім арнаулы орта білімді. Олардың ішінде: Педагог-зерттеуші – 5 мұғалім, 36%;
Педагог-сарапшы – 1 мұғалім, 7%;
Педагог-модератор – 3 мұғалім, 21% құрайды.
Әр ұстаздың биылғы оқу жылына арналған жылдық түйінді мәселелері бар, осы тақырып аясында жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатыр.
Мектепте үш әдістемелік бірлестік жұмыс істейді.
3.Оқушылардың үлгерімі және білім сапасы
Оның ішінде үздікке оқитын – 6 оқушы, екпіндіге оқитын – 13 оқушы, үлгермейтін оқушылар жоқ 100%, білім сапасының көрсеткіші – 61 % құрайды.
2022-2023 оқу жылындағы білім сапасының мониторингі
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті»,-деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздерді бізге мұра болып қалды. Мектеп ұстаздары атақты ойшылдарымыздың нақыл сөздерін басты назарға алып биылғы 2022-2023 оқу жылында жұмысын бастады.
Мектепалды даярлық тобының жетекшісі-Какенова А.А., 1-сынып жетекшісі Какенова Ж.К., 2-3 және 4-сынып жетекшісі Искендир Г.А., 5-6-сыныптар жетекшісі Тажибаева Г.Т.., 7-8-9-сыныптар жетекшісі Айтбаева Қ.Ж.
2022-2023 оқу жылына қойылған мақсатқа жету үшін барлық әдіс бірлестіктері тамыз айының отырысында жылдық жоспарларын құрып, бекітуге ұсынды.
Баратай ауылының негізгі орта мектебінде тамыз айында мектеп оқушыларына оқулықтармен қамтамасыз етілді. 2022-2023 оқу жылында «Алматыкітап», «Мектеп», «Атамұра», «Арман ПВ» баспаларынан ,даярлық тобы, 2-сыныпқа 100% жаңа буынды оқулықтары ауданнан берілді. Биылғы оқу жылында 1-9 сыныптар толық 100%оқулықтармен қамтылды. Жаңа оқу жылындағы оқушылар саны -34. Жетпеген оқулықтарды басқа мектептерден қабылдау-тапсыру, алмасу актісі бойынша алынды. Қазір барлық оқушылар жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқулықтармен 100пайыз қамтылды .
Республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылында да жалғасты.
2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады. Осы мақсатта Баратай негізгі орта мектебінде де «Мектепке жол» акциясы аясында жұмыстар жүргізілді.
Демеушілер тарапынан қолдауды қажет ететін патронаттық тәрбиедегі 7-сынып оқушылары Клепцов Иванға, 2-сынып оқушысы Оралбайқызы Асылайға, 4-сынып оқушысы Оралбай Нұрисламға, 6-сынып оқушысы Оралбай Кәусарға, 9-сынып оқушысы Оралбай Алинаға, сонымен қатар мектеп табалдырығың алғаш рет аттағалы тұрған 1-сынып оқушыларына көмек көрсетілді. Акция барысында осы балаларға ауылымыздың тумасы, Көкшетау қаласының тұрғыны Нахимов Мұса және «Көкше-Орман-2013» шаруашылық қожалығының директоры Жарқынбаев Жанболат оқу-құралдары салынған портфель , спорттық костюмдер сыйға тартты.
Ата-аналар осындай сауапты іске ұйытқы болған, мектеп ұжымы мен жомарттық танытқан азаматтарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады, мектебімізде осыған байланысты түрлі мерекелік кештер, ойындар, спорттық іс-шаралары жоспарланып жүргізілді.
Қазақстан Халқының Тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде 5-16 қыркүйек аралығында А.Байтұрсынұлының «Ахмет және тіл тағылымы» онкүндік өткізілді. Аталмыш онкүндік аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға және қазақ әліпбиінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
«Ахмет және тіл тағылымы» атты онкүндіктің ашылу салтанатында қазақ ақыны,әдебиеттанушы ғалым,педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлтының ұлы ұстазы» аттытанымдық сабақ өткізілді.Оқушыларға ұлтының ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы туралы деректер беріліп , презентация көрсетілді.
Қазақстан тілдер мерекесі Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл
.https://www.instagram.com/p/CiIY9dxMKSS/?igshid=N2NmMDY0OWE=
Қыркүйек айында денсаулық фестивалі «Спорт және біз» тақырыбында өтті.
Фестиваль мақсаты: Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Барысында 0,1-9-сыныптар арасында спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасында 6-шы қыркүйек күні кітапханашы Оспанова Т.С «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнап кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
7-қыркүйек күні мектебімізде «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» атты А.Байтұрсынұлына арналған әдеби кеш өткізілді.Әдеби кешке 8-9- оқушылары қатысты.Кеш барысында оқушылар ұлы ағартушының өмір жолымен танысып , шығармаларынан үзінділер оқыды.
https://www.instagram.com/p/CiQD1TTsmki/?igshid=N2NmMDY0OWE=
9-cынып оқушылары арасында «Ахмет- ұлт ұстазы» атты эссе байқауы өткізілді.Байқауға екі оқушы қатысты.
https://www.instagram.com/p/CiIY9dxMKSS/?igshid=N2NmMDY0OWE=
9 қыркүйек күні орыс тілі пәнінің мұғалімі Мушанбекова Ж.Ғ А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай педагог филологтардың қатысуымен «Ұлы педагог» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Тарих пәнінің мұғаліміТашмағанбетова Ж.Қ ұйымдастыруымен 5-9- сыныптар арасында«Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек би»тақырыбында оқушылар арасында көркемсөз сағаты ұйымдастырылды.Мақсаты:Қазыбек бидің шешендік сөздерін шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай бліуге баулу; оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру; ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілік , елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.Ең алдымен оқушылырға Қазыбек бидің өмір жолы мен шешендігін ,оның халықаралық дәрежедегі елші дипломат,әділ қазы болғандығы жайлы мәліметтерберілді.Оқушылар би шешеннің шешендік толғауларын мәнерлеп оқыды.
"Орта жүздің бас биі-Қаз дауысты Қазбек би" оқушылар арасында көркем сөз сағаты өткізілді.
https://www.instagram.com/p/Cib0pLBMOlM/?igshid=N2NmMDY0OWE=
7-9-cынып оқушылары арасында М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Өнегелі өмір»атты танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Мақсаты:Ұлтымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың өмір жолы мен жазушылық қызметі, шығармашылығынан мағлұмат беру,жазушының әлем мәдениетіне қосқан үлесі туралы мәліметтер беру.
Қыркүйек айында жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында оқу жылының басталуы және 2021-2022 оқу жылының есебі берілді. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы және мектеп формасы туралы айтылды. Жаппай біліммен қамту қорынан биылғы оқу жылында 8 бала тегін тамақпен қамтылды. Олардың ішінде 1 оқушы патронаттық тәрбиедегі Клепцов Иван 7-сынып оқушысы, тұрмыс деңгейі төмен 4 оқушы, олар: Оралбай Асылай 2-сынып, Оралбайұлы Нұрислам 4-сынып, Оралбай Кәусар 6-сынып. Оралбай Алина 9-сынып және 1-сыныптың 3 оқушысы Берік Гауһар, Серік Ділназ, Бауржан Кәусар. Мектеп бойынша 37 оқушы, соның 8 оқушысы Жаппай біліммен қамту қорынан , ал қалған 29 оқушы ата-аналар демеушілігімен тамақтанады.
Қазан айында «Нағыз достық-батылдық». Ата сөзі-алтын сөз тарауынана. «Жолбарыс пен тышқанның достығы» атты ашық сабақ 2,3-ші сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен жоспарланып өткізілді. Жауапты мұғалім Искендирова Сұлушаш Ауталіпқызы бұл сабаққа тыңғылықты дайындалып оқушылардың назарларын сабақтан ауытқуға мүмкіндік бермеді. Сабақта оқушылар толығымен белсенді қатысып, өз ойларын еркін айта білді. Мұғалім сабақта көптеген әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білді. Соның ішінде бейне, аудио жазбалар, рөлдік ойын әдістер балалардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын көтерді.
«Көптаңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту» тақырыбында-сыныпта математика пәнінен ашық сабақты Искендир Г.А. қараша айында өткізді. Көптаңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін құрастыруды түсіндіру және пәнге қатысты лексика мен терминология: алгоритм, көбейту және бөлу компоненттерінің атауларын меңгерту- сабақтың басты мақсаты болып алынды. Сабаққа оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты. Сабақтың барысында туындаған сұрақтарды қойып, тақырыпты жақсы меңгергендерін көрсетті. Кейбір оқушыларға көбейту кестесін жақсылап жаттау керектігі анықталды. Мұғалім сол балаларға көбейту кестесіне көбірек назар аударып, есте жақсылап сақтауға ескерту жасады, оқушылар толығымен келісті.
«Intellectual marathon» атты сайыс бастауыш сыныптар арасында ағылшын тілі мұғалімі Тақауова Әйгерім Болтабекқызы өткізді. Сайыс жоғары деңгейде өткізілді, мұғалім оқушылармен тек қана ағылшын тілінде сөйлесуге тырысты, оған қарамастан оқушылар мұғалімді толық түсініп, бүкіл берілген тапсырмаларды жақсы орындап отырды., сайыстың барысы бірнеше кезеңдерден құрылып, әр түрлі деңгейдегі карточкалар пайдаланылып- ағылшын тілін үйренуге жақсы үәж берді.
Күзгі мезгіліне байланысты оқушылармен «Берері мол, Алтын күз» мерекесі ата-аналар мен ұстаздардың ұйымшылдықпен жасала отырып, «күз - байлық, күз - береке, күз - молшылық, күз - шаттық, күз – қуаныш»- екенін оқушы санасына жеткізу, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу мақсатында Искендирова Сұлушаш Аутәліпқызының басшылығымен өткізілді.
Бұл іс-шарада мерекелік дастарқандар жайылып, ата-аналар арасынан әділ-қазылар мүшелері сайланып, әрбір сыныпқа ұпайлар беріліп, соңында алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барысында оқушылар ата-аналардың назарларына шағын концерт қойып-әндер мен тақпақтарын айтып, билерін билеп берді, өте қызықты өтті. Сонымен қатар ата-аналарға тосын –сый жасалып, қызықты сайыс жүргізілді. Барлық аналар сыныптарының намыстарын мықты қорғап шықты. Іс-шара мектебіміздің спортзалында өткізілді, әрбір сынып өздерінің «Алтын күз» атты қабырға газеттерін өз қолдарымен салып, оқушылар ата-аналарымен бірлесіп табиғат бұрышымен залды безендірді. Табиғат бұрышына керемет әдемі мүсіндер жасалып, көрермендерді қуанта білді.
Мектебіміздің Адал ұрпақ ұйымының қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі өтті.
Мақсаты: елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берілген негiзгi құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттеу.
Онкүндік аясында «Біз салауатты болашақ үшін» атты мектеп оқушыларымен әр үзілісте флешмоб ұйымдастырылды.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»онкүндігі аясында мұғалімдер тарапынан «Бақытты балалық шақ» тақырыбында мектеп оқушыларына тәтті үстел жасалды.
Ұлттық тәрбие бағыты бойынша 1 қазан Қарттар күніне орай Қарттарымызды құрметтейміз! Атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты:Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге,халқының салт дәстүрін нен нәр алуға ,инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Әулетіздің киесі барлығымыздың ақылшымыз шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан осы отырған аталар мен әжелер.
Беліңіз қайысқанша еңбек қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай мейірімді төгіп жүріп, күтіп баптап, өсірген ұл қыздарыңыз өркен жайып бүгіңде бір-бір шаңырақты құрып өсіп, өніп қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтар сіздерге мәңгі қарыздар. Мерекелік кеш барысы инстаграм парақшасына салынды.
«Ұстазым Ұлағатым-үлгі өнегем» тақырыбында Мұғалімдер күні өтті.
Мақсаты:
а) Оқушыларды ұстазды құрметтеуге сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
ә) Танымдық қабілеттерін арттыру. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
б)Ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсете білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектепке керегі-білімді педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім(Ахмет Байтұрсынов)
Мереке барысында оқушылар Өзін-өзі басқару жұмыстарын жандандырды.
Ұстаздарға арналған құттықтаулар болды.
Концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Қазақ тілінен 5-сыныпта ашық сабақ өтті.Тақырыбы: «Уақыт- алтын қазына, Антонимдер»
Мақсаты: Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды табады. Мәтінге сұрақтар қояды. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.
Сабақ барысында Талқылауға арналған сұрақтар, психологиялық ахуал.
«Уақыт — жан- жақты дамудың кілті»,«Дүниеде уақыттан жасы үлкен ешкім де, ештеңе де жоқ» атты тапсырмалар оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырды.
Математика 5-сынып
Тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу және азайту»
Мақсаты: бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;Сабақ барысында пән мұғалімі оқушыларға таныс әдістер қолданды. Оқушылар BilimLand платформасынан есептер шығарды.
Биылғы жылдан бастап Республика күні -мемлекеттік мерекесі ресми түрінде - 25 қазан болып бекітілді.
Сондықтан біздің әдіс бірлестігімізде «Менің отаным-Қазақстан!» атты сынып сағаты өткізілді. Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту мақсатында Какенова Жанар Каримжановна бұл іс-шараны өткізді. Іс-шараның барысында президентіміздің суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздердің суреттері, қанатты сөздер тиімді пайдаланды. Оқушылармен сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекіліктермен көптеген жұмыстар жүргізілді. Балалар үлкен қызығушылықпен қатысты.
Жекен Рыспамбетұлының құрметіне арналған 5-6-сыныптар арасындағы олимпиада Аудан көлемінде Қызылсая ОМ өтті. Шекенов Мейрам математика пәнінен ІІІ орын иеленді. Пән мұғалімі Тажибаева Г.Т.
Ағылшын тілі 5-сынып
Тақырыбы: Аnimals 5-сынып оқушылары пән мұғалімімен бірге жануарлардың аттарын атап, қосымша деректер әкелді. Сабақ барысында сыныптастар жануарлар туралы бір-біріне көп жаңалықтар ашты.
5-6 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде орыс тілі және әдебиет, математика пәндерінен ІІ орын Шакенов Мейрам,
ІІІ-орын Марат Нұрислам
«Адал Ұрпақ» еріктілер клубының негізгі мақсаты рухани адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту,оқушылардың заң талаптарына сақтауға ынтасын қалыптастыру.
Осыған орай жоспар бойынша барлық іс-шаралар атқарылды. Сыныптарда сынып басшылары тағайындалды,мектепте парасатты азамат бұрышы кұрылды,сыныптарда Адал ұрпақ мүшелері тағайындалды.Оқу жылының алғашқы адалдық сағатының бірі болып «Адалдық жолынан айнымайық»атты танымдық сабағы болды.
«Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын» атты суреттер көрмесі өтті.
Адал ұрпақ еріктілер клубында 37 оқушы бар. Адамгершілік және тәрбие бойынша
5-9 сыныптар арасында «Еңбек елдің мұраты» атты сынып сағаты өткізілді .Сабақ барысында балаларға Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? Адал, еңбек сүйгіш жалқау болмағанда,көп оқығанда ,үлкенді тыңдағанда ,еңбектің пайдасы тәрбиелейді ,күш береді қуантады,бақытты етеді,өмір сүруге үйретеді,үнемшіл болуға баулиды,жігерлендіреді,шынықтырады.Еңбек еткен адамдар ерінбесе барлық мақсаттарға –мұраттарға жететіні туралы айтылды.Абай атамыздың «Еңбек қуаныш,жалқаулық –айырмас азап,деген сөзін дәйексөз ретінде қолданып осы сөздің мағынасын ашуға тырыстық. Осы клубтың жетекшісінің ұйымдастыруымен «Құқықтық мәдениет бағыты» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
«Отбасылық зорлық зомбылықты болдырмау » және оның алдын алу мақсатында оқущшылармен «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ», «Адалдық дүкені» деген тақырыптарда түсініктеме сабақтар ай сайын жүргізіліп отырды.Сабақ барысында адам өміріндегі қарым-қатынастың мәні туралы,оқушылар арасында жағымды қарым –қатынасты дамыту,оларды ізгілікке тәрбиелеу.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың үлкен орын алатынын айтпаса да түсінікті .Осыған орай мектептегі «Адал ұрпақ» сияқты еріктілер клубының жетекшілеріне осы бағыттағы жұмыстар жүктеліп отыр. Осы бағыттағы жұмыстарда біздің клубымыздың алатын орны ерекше.
Сондықтан да баланы жастайынан отансүйгіштікке, қоршаған орта мен салт дәстүрлерді құрметтеуге, біліммен еңбекке құштарлыққа, тәртіптілік пен адалдыққа баулу керек. Бүгінгі оқушы ертеңгі еліміздің, жарқын болашағымыздың айқын бейнесі. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра ,оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Мен және менің құқығым» тақырыбында таным-сабақ ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;
- ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту;
- оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру;
1.«Біз неге құқылымыз?» сұрақ-жауап ойыны.
2.«Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады»
3. «Қызықты сұрақтар»
4. Пікірталас.
5. Бала құқығы топтастыру. Қорғау.
Қорытынды
Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
«Ұшқыр ой алаңы» дебат клубы.
Қыркүйек айында мектебімізде «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының мүшелерімен «Байқоңыр бағымыз ба әлде сорымыз ба?» атты пікірталас өткізілді.Пікірталасқа 7,8,9-сынып оқушыларынан екі топ құрылды «Жақтаушы» және «Даттаушы»
Пікірталастың мақсаты: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру. Оқушыларды сабаққа тарту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, шығармашылыққа баулу. ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтауын, адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу, әрі қызығушылығын яту. Адам баласының ғарышқа алғашқы қадам басқанына 60 жыл толуын атап өту.Ғарыш айлағының экологиялық зардаптарының себептерін тоқтала келе, оқушылардың өздеріне қорытынды шығару.
Екі топта өз көзкарастарын айтып ,дәлелдеуге тырысты Нақты дәлелдер келтіріп өз ойларын қорғап шығуға ат салысты Екі топтың мүшелері де дайындықпен келген, оқушылардың ізденістері көрініп тұр ,бірақ әлі де болса көп жұмыстар жүргізу қажет
Қазан айында мектебімізде «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының мүшелерімен «Интернет кітапты ауыстыра ала ма?» атты пікірталас өткізілді.Пікірталас басында топ басшылары« Кітап және ғаламтордың пайда болуы жайлы» хабарлама жасап, қатысушылар ой бөлісті.
Пікірталасқа екі топ қатысты «Кітап» тобы және «Ғаламтор» тобы
Бірінші кезекті «Кітап» тобының спикері Омар бастады :Ол «Кітап білім бұлағы» позициясын ұстап, кітап оқудың қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді. Екінші кезекте «Ғаламтор» тобының спикері Мақсат «Ғаламтордың пайдасы» туралы өз дәйектерін келт ірді.
Екі топта өз көзкарастарын айтып ,дәлелдеуге тырысты Нақты дәлелдер келтіріп өз ойларын қорғап шығуға ат салысты Екі топтың мүшелері де дайындықпен келген, оқушылардың ізденістері көрініп тұр ,бірақ әлі де болса көп жұмыстар жүргізу қажет.
Күзгі демалысты ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар жоспарлары құрылып, демалыс уақытында өткізілді. Отбасылық демалыс
«Менің үй жануарларым» «Мен анамның көмекшісімін» (иншот жасау). Оқушылар белсене қатысты.
#зерендібілімбөлімі #баратайнегізгәортамектебі #баратайнегізгәортамектебі #баратайнегізгіортамектебі #өзін_өзібасқару #nurova_dinara #nursulu_87082194864
Кино күні ұйымдастырылды.
Кино күні (сыныппен талдау) «Маша мен аю» ертегісі
#зерендібілімбөлімі #баратайнегізгәортамектебі #баратайнегізгәортамектебі #баратайнегізгіортамектебі #өзін_өзібасқару #nurova_dinara #nursulu_87082194864
Желтоқсан айында «Жастардың бойында патротизм сезімі бар ма,әлде жоқ па? Атты тақырыпта кітапханашы 8-9сыныптар арасында дебат өзкізді . Мақсаты:өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, туымыз бен әнұран, елтаңбамызды құрметтеу; қазақ елінің ержүрек батырлары мен елі үшін аянбай күрескен ұлттың ұлыларының ерлігін үлгі ету, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болды. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. ... Қазіргі жастарда патриотизм сезімі жоқ деп айтылып жатады, бірақ бұл, менің ойымша қате пікір. Әр адамның бойында бұл сезім бар, бірақ оны ояту қажет. 8-9 сыныптар оқушылары дебатқа белсене қатысып отырды.
Нашақорлық, ЖИТС, шылым шегудің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша «Денсаулыққа қауіп:шылым,ішімдік, есірткі», «Психологиялық тренинг», «Біз спортты қолдаймыз!» тақырыптары қамтылды.
«Бірінші байлық- денсаулық». Олай болса, «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал- ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден ішімдік, шылым шегушіліктен жерітіп, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін ұғындыру.
Маскүнемдіктің зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.Темекінің, арақтың зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу. Өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін, білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру.
Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары.
Маскүнемдік - спирттік ішімдіктерге патологиялық түрде құмартудың арқасында болатын прогредиентті ауру. Алкогольді ішуді қойғаннан кейін абстиненттi ( бас жазу ) синдромтдамиды. Алкогольды ұзақ уақыт ішкеннен соң тұрақты соматоневрологиялық бұзылулар және психикалық кері кету болады, ұзақ уақыт маскүнемдік қалыптасып , өзіне де, қоғамға да әлеуметтік зиян келтіреді. Тәртіпті бұзу маскүнемдіктің әлеуметтік салдарынан болады.
Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық адам денсаулығына көп зиянын тигізеді. Бірақ, өкінішке орай қазіргі жастар осы жаман әдеттерге өте жақын келеді. Олар осы әдеттер денсаулыққа зиян екенін біле тұрсада, шылым шегіп, ішімдік ішеді, тіпті нашақорлыққа да барады. Қазіргі таңда бұл мәселелер бүкіл халықтық проблемаға айналып отыр, сондықтан да бұл мәселеге бір адам немесе бір мекеме болып көңіл аудармай, бүкіл халық болып қарау керек.
Қазан айында жоспар бойынша оқушылар арасында «Нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Тренинг мақсаты: Жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарлату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту.
1.Өзін-өзі жағымды қабылдау, көңіл-күйін көтеру.
2.Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, бір-бірін жетік таныстыру.
3. Біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру.
4. Берілген мәселе бойынша ақпараттану деңгейін анықтауға арналған сұхбат алу. 5. 5. «Даулы бекітілім» жаттығуы Қатысушыларға ақпараттан қоса, нашақорлық мәселесіне өз көзқарастарын анықтауға мүмкіндік береді.
6. «Поезд» жаттығуы Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру.
7. Кері байланыс «Ашық айтқанда» жаттығуы Көңіл-күй жаңалықтарын сезіну.
Қараша айында «Біз спортты қолдаймыз!» тақырыбында спорттық іс-шара өтті. Спорттық іс-шараға оқушылар арасынан 2 команда құрылды. Спорттық жарыстардың бірнеше түрлері көрсетілді.
Желтоқсан айында «Қылмыс, нашақорлық-қауіпті дерт» тақырыбында жергілікті инспектор Искаков Елдос Аскербекұлымен кездесу өткізді. Кездесу кезінде оқушыларға тақырып бойынша ақпараттар берілді. Нашақорлық індеті туралы, оның адам өміріне қауіпі және жалпы қоғамға қауіпі туралы айтты.
Бастауыш сынып оқушылары арасынан «Кенгуру-математика барлығы үшін»интеллектуалдық ойын конкурысына қатысып диплом, сертификаттармен марапатталған оқушылар Бауыржан Айлин 3-сынып, Оралбайқызы Асылай 2-сынып, пән мұғалімдері Искендирова С.А.
«Жастар-2022» аймақтық асық ату және бес асық спартакиадасы Жылымды НМ өтті. Осы сайыста мектебіміздің 8-сынып оқушысы Сыздық Омар жеңіп алды.
Мектепішілік жоспар бойынша «Интернетсіз бір күн» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар сыныпта «Интернетсіз бір күн» жазуын іліп, кітапханаға барып керекті деректерін кітаптардан іздеп тауып, пікірталас сайысы ұйымдастырылды. Күн өте жақсы өтті.
Қазан айында Жаратылыстану бірлестігі апталығы жоспарланды
|
Өткізілген іс – шара |
Уақыты |
Жауапты мұғалім |
Сынып |
Дүйсенбі |
Апталықтың ашылу салтанаты «Информатика жұлдыздары» Сайыс |
18.10.22 |
Искендир Г.А |
5-9 |
Сейсенбі |
«Географиялық алаң» Интелектуалды ойын |
18.10.22 |
Ташмағанбетова Ж.К |
7-8 |
Сәрсенбі |
«Ғажайып биология» Сайыс |
19.10.22 |
Мушанбекова Ж.Г |
|
Бейсенбі |
«Математимака және спорт» Сайыс |
20.10.22 |
Тажибаева Г.Т |
8-9 |
Жұма |
Химия әлеміне саяхат Сайыс |
21.10.22 |
Садвакасова Т.К |
8-9 |
Қазан айында жоғарғы сынып мұғалімдері ашық сабақ ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуы : Информатика мұғалімі Искендир Г.А «Информатика жұлдыздары» атты тақырыпта сайыс өткізді. Мақсаты: Сайыс кезінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттырылып және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге бағыт алды.Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамытуға арналған қызықты тапсырмалар интерактивті тақтада берілді. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу үшін арнайы тапсырмалар орындалды.
«Географиялық алаң» интелектуалды ойынын география пәнінің мұғалімі Ташмаганбетова Ж.К өткізді. Мақсаты: 1. Оқушылар дүниетанымын кеңейту; 2.Жаңаны білуге қызықтыру;3. Картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру; 4. Тез ойлана білуге үйрету;5. Географиядан алган білімдерін ортага салу. Оқушылар Интерактивті тақта ,картамен жұмыс жасады. Оқушыларды топтарға бөлу арқылы сайыс өткізілді.
Биология пәні бойынша «Ғажайып биология» атты тақырыпта сайыс өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге,
- биология пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру,оқушылар арасында бәсекелестікті дамыту.
- Дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға, еңбекке баулуға, жауапкершілікке және мақсатына жете білуге тәрбиелеу. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Оқушыларға қызықты сұрақтар мен терминдер әлемі, жорға кезеңі ,сенесіңбе, сенбейсің бе? Кезеңдерді өтіп сайысқа өте белсене қатысып отырды.
«Математика және спорт» сайысы .Мақсаты: математика мен спортты байланыстыра отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және спорттық ойынға деген көз қарасын, сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Оқушылар сайысқа қызығушылық таныта отырып қатысты.
«Химия әлеміне саяхат» атты тақырыпта сайыс өткізілді. Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, пәнге қызығуын, логикалық қабілеттерін дамыту.Оқушылардың химия әлеміне саяхат арқылы білімдері жинақталады, пәнге қызығушылығы және логикалық қабілеттері артады, есте сақтауы, зейіні, сөйлеу қабілеті дамиды.
Республика бойынша өткізілетін тілдер мерекесіне арнап бастауыш сынып оқушылардың арасында «Ауылым-алтын бесігім» атты суреттер көрмесін Искендир Гульмира Алимовна өткізді. Бұл көрме -оқушылардың туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейту, туған жердің қадір – қасиетін ұғынуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, туған жеріне , еліне деген сүйіспеншіліктерін, сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілген болатын. Көрме жасау алдында балалармен сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау әдістері қолданылды. Тақтада ауыл көрінісі бейнеленген сурет ілу арқылы өздерілердің ойлары бойынша суреттер салуға ұсынылды. Оқушылар А4 парақ қағаздарына жоғары талпыныспен ауылдың бейнесін салды.
16-желтоқсан Тәуелсіздікті тойлау қарсаңында «Желтоқсан-Тәулсіздік-егіз ұғым" тақырыбында салтанатты жиыны өткізілді. Оқушылар патриоттық әндерді, отан туралы өлеңдерді айтты.
Әр сыныптың топбасшысы сыныбының атын, сыныппен бірге ұрандарын айтып болған соң мектеп президенті Сыздық Омарға рапортттарын берді. Сонымен қатар сыныптарда жеке сынып сағаттары да өткізілді.
Тәуелсіздік меркесі қарсаңында 4-сынып оқушысы Қали Аллаберген республикалық «Тәуелсіздік-тәтті сый» атты көркем сөз оқуына қатысып, өз дарынымен өзгелерден ерекшеленгені үшін мадақтамасымен марапатталды.
Биылғы оқу жылында 1-ші сыныпта үш оқушы білім алуда. Бірінші жартыжылдықта оқушылар әліппе пәнін толық меңгеріп шықты. Осыған орай 1-ші сынып оқушыларымен «Қош бол, сүйікті әліппем!» атты ертеңгілікті Какенова Жанар Каримжанқызы өткізді. Ертеңгілікке ата-аналар және ұстаздар шақырылды. Барысында көптеген қызықты тапсырмалар берілді. Оқушыларға көмекке «Әліппе», «Ақылды үкі» мен «Ана тілі» кейіпкерлері ретінде 4-сынып оқушылары келді. Осы кейіпкерлердің тапсырмаларын 1-ші сынып оқушылары өте жақсы орындап шықты, әліппеден алған білімдері- мықты екеніне көрермендерге дәлелдей білді. Сонымен қатар математика пәнінен де алған білімдерін оқушылар жақсы деңгейде екенін көрсете білді. Кабинет өте жақсы безендірілген, дидактикалық материалдар көрікті және өте қызықты болды. Ертеңгілікті соңында Жанар Каримжанқызы бүкіл оқушыларға, ата-аналарға, ұстаздарға тәтті сыйлар мен мадақтамалар табыстады.
Жаңажылдық мерекесіне арналған 29-желтоқсан күнінде балалар ата-аналарын қонақ ретінде шақырып, мектебімізде «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» ертеңгілігі өткізілді. Балалар жаңажылдық әндерін, билерін дайындап, сахнада өздерін өте жақсы ұста біле тура, әдемі қатысты. Аяз ата және Ақшақармен бірге оқушылар безендірілген шыршаның қасында айналып, жаңажылдық әндерді айтты. Кеш өте көңілді өтті.
І жартыжылдықта мектеп бойынша барлық пәндерден БЖБ, ТЖБ тапсырмалары алынып, электронды сынып журналына қойылды. Электронды сынып журналынан мектептің қорытындысы алынды. Қорытынды бойынша І-тоқсанда мектептің білім көрсеткіші төмен болған 52 пайыз, себебі қыркүйек айында басқа мектептен келген 6 оқушының 2-еуі екпінді, қалған оқушылар төмен көрсеткіш көрсетті. ІІ-тоқсан барысында аталмыш оқушылармен пән мұғалімдері, сынып жетекші, психолог жұмыс жасау барысында екі оқушы екпінділер қатарына қосылды.Мектептің І-жартыжылдың білім көрсеткіші -61 пайызға көтерілді
«Тәуелсіздіктің тәтті сыйы» көркем сөз өнері байқауына қатысқан оқушыларымыз, сертификаттармен марапатталды. Олар Марат Нұрислам және Бектас Әли
Код сағаты-2022 ұйымдастырылды. 2-9-сынып оқушылары барлығы қатысып сертификаттар алды. Пән мұғалімі Искендир Г.А.
Сыныптарда ата-аналар жиналыстары жаңа технологиямен өткізілді. Ата-аналар жиналысқа белсене қатысты.
Жаңажылдық кешіне арнап балалар бірнеше метр шынжыр жасады, ал Марат Исламия осы мерекеге орай керемет әдемі ормандағы қыстың бейнесін суретке салып әкелді. Кештің соңында барлық оқушылар Аяз ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтарын алды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша қысқы демалыс уақытында «Қыста оқимыз» атты тақырыпта оқушылар өздеріне ұнаған кітапты демалысқа алып үйде отбасыларымен кітап оқуды жалғастырды.
Мақсаты : оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын , ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
«Қысқы демалыс кезінде кітап оқимыз» Мақсаты :Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру. Қысқы демалыс кезінде оқушылар кітапханадан кітаптар алып уйге оқуға кітап алды .
Білімнің қайнап бұлағы, сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы – кітап. Өз кітапханаңды құра біл. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа,қайтан оқы.
Мақсаты :Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.Орта буын сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға тату, оқыған кітабын жарнамалауға,насихаттауға дағдыландыру. Оқушылар өздері мектеп кітапханасынан және қалалық кітапханаларға барып кітапханамен танысып ,өздеріне ұнаған кітаптарын алып қысқы демалыс кезінде кітап оқыды.
2022-2023 оқу жылының ақпан айының 9-ы күні Өркен орта мектебінің әкімшілігінің қатысуымен Ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталмыш мектептің директоры және орынбасарлары келді. Мектептің құжаттарының жүргізілуін бақылады. Сол күнгі кесте бойынша сабақ барысына, іс-шараларға қатысты. Мектептің ішкі бағдарламасы құрылды. Осы бағдарлама бойынша іс-шаралар жүрді.
Ақпанның 9 жұлдызында «Есіме мені алғайсың! Атты поэзиялық кеш ұйымдастырылды. М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы презентация көрсетіліп, Мұқағали өлеңдерінен сайыс өткізіліп, әндері орындалды.
Қазақ тілі сабағы 4-сынып. Тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Қазақстан тарихы 5-сынып. Тақырыбы: Үйсіндер туралы жазба деректер.
«Маленькие полиглотики» 1-4 сыныптар арасында
«Математика білгіштері» сыныптан тыс жұмыс 5-9 сыныптар арасында
1 наурыз 2023 жыл «1 наурыз- Азаматтық қорғаныс» күніне орай мектеп ұжымы және сынып жетекшілер өткізілетін іс-шаралар барысымен таныстырылды.
«1-наурыз Азаматтық қорғаныс күні.Төтенше жағдайлар туралы жалпы түсінік» тақырыбында 1-9-сыныптар арасында таным сабақтар ұйымдастырылды:
Мақсаты: Азаматтық қорғаныс туралы түсініктерін кеңейту.Қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру.
https://www.instagram.com/p/CpmDPiwoXUv/?igshid=MDJmNzVkMjY=
"Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрамы" Тұмылдырық пен противогазды киіп, шешу тәсілдерін пысықтау жаттығулары өтті.
https://www.instagram.com/p/CpfhFkAsAWJ/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Азаматтық корғаныс күні тақырыбына суреттер көрмесі ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/p/CpUaUr0MwOI/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Азаматтық қорғаныс-2023 Алғашқы медициналық көмек көрсету жаттығулары
https://www.instagram.com/p/CpfhvfTsrRT/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Азаматтық қорғаныс . Өрт қауіпсіздігінің алдын алу. Қауіпсіз жер (эвакуация) https://www.instagram.com/p/CpfkAr6M75D/?igshid=MDJmNzVkMjY=
1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні . Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады. Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.
«Ризамын!» флешмобы.
«Өмірге риза болып, алғыс айт!» қайырымдылық акциясы
22 ақпан жоспар бойынша 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған мереке қарсаңында мұғалімдер тарапынан мектеп оқушыларына тәтті үстел ұйымдастырылды. Оқушылар мұғалімдерге рақмет айтты.
«Аналар күні-ең керемет күн» халықаралық әйелдер күні аталып өтті. Мереке барысында концерттік бағдарламалар, құттықтау сөздер, ән-жыр, би биленді.
«Достық шаңырағының астында Қазақстан халықтары тұрады» мерекелік ертеңгілік өтті.
Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
1-Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» -деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.
«Отан қорғаушы» әскери – спорттық кешенінің нормативтерін орындау бойынша мектепішілік жарыс өтті.Жарыс барысында әскери-спорттық кешенінің нормативтерін орындады.
Әскери - спорттық эстафета. Мақсаты: Оқушыларға әскери патриоттық тәрбие беру. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысу білімін қалыптастыру. Күш жігерлерін , жылдамдықтарын , төзімділіктерін дамыту. Ұйымшылдыққа , бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу болатын. Оқушылар іс-шараға белсене қатысты.
Әскери жаттығулар орындады, жүріп-тұру жаттығулары пысықталды.
Ұлы Отан соғысына 78 жыл қарсаңында әскери тақырыптағы фильм көру ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрсетілген фильмдер «Орман хикаясы», «Жеңіс күні қарсаңында» Қазақфильм
«Ерлік-елге ұран, ұрпаққа ұран» ерлік сағаты
Берлиндегі Рейстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ Рақымжан Қошқарбаев 7-8-9-сыныптар арасында өтті.
Соғыс ардагері, Кеңес Одағының батыры , ұшқыш Талғат Бегелдинов
5-6-сыныптар арасында өтті.
Соғыс ардагері, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы 2-3-4-сыныптар арасында ұйымдастырылды.
Соғыс ардагері, Кеңес Одағының Батыры , пулеметші қыз Мәншүк Маметова
«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриотттық диктанты өткізу туралы ақпарат
Мектебімізде 4 мамыр күні сағат 11.00-де «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриотттық диктанты өткізілді.Диктанттың мақсаты Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тірбиелеу.Диктантқа 31 мектеп оқушылары , 13 ұ стаз және 1 мектепке дейінгі тәрбиеші қатысты. Диктант мәтіні мемлекетттік тілде жазылды.
Наурыздың 22-сі -Ұлыстың ұлы күні«Қазақтың салт-дәстүрлері»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Желтоқсан айында «Қылмыс, нашақорлық-қауіпті дерт» тақырыбында жергілікті инспектор Искаков Елдос Аскербекұлымен кездесу өткізді. Кездесу кезінде оқушыларға тақырып бойынша ақпараттар берілді. Нашақорлық індеті туралы, оның адам өміріне қауіпі және жалпы қоғамға қауіпі туралы айтты.
Жоспарланған жұмыстардың барлығы өз қарқынымен жүрді, алдағы уақытта “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік! деген мақсатты алға қойып жұмысымызды жалғастырамыз.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Мен және менің құқығым атты іс-шара өтті.Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту;
- оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру;
1.«Біз неге құқылымыз?» сұрақ-жауап ойыны.
2.«Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады»
3. «Қызықты сұрақтар»
Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
Тақырыбы: «Құқық бұзушылықтың алдын-алу - басты міндет»
Мақсаты: Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаның қалыптасуы
Міндеттері:
1. Жасөпірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау.
2. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау.
3. Оқушылармен байланысты туындаған дау-дамайды шешу үшін педагогтарға көмек көрсету.
Барысы: Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады.
Қорытынды бөлім: Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.
Жаппай біліммен қамту қорынан 8 оқушы тегін тамақпен жыл бойына қамтылды.
Жолда жүру ережесін насихаттау және балалар жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстар барысында «Оқушылардың көшеде және жолда өз-өздерін ұстаудың негізгі ережелері» атты таным сабақ ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03 МАИ-02 )
Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді)
6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? Деген сұрақтарға жауаптар алынды, оқушылар жол ережесінің көп сырларын білді.
«Қыздарға ұлттық тәрбие туралы» әңгіме жүргізілді.
«Қызға қырық үйден тыю» деген халқымыздың дана сөзі бар. Оған бойжеткен шағына дейін ақыл-кеңесін айта отырып, салт-дәстүрімізді бойына дарытып, әйел-ана атануда қандай асыл қасиеттерді санасына сіңіру керектігі нақты айтылады. «Қыз — жат жұрттық» демекші, ата-бабаларымыз қыздарымызды қонақ деп есептеп, оған зор құрмет көрсетіп, барған жерінде бағының ашылуын ерте бастан қамдаған. Бүлдіршін қыздың ертең ибалы келін, содан соң абзал ана атануы жолындағы тәлім-тәрбиесіне жеңіл-желпі қарамаған. Қыз баланың келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, ибалыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, шыншылдыққа баулу.
«Жыныстық қатынастан берілетін аурулар,жүктілікті болдырмау-контрацепция жолдары» дәріс өтті. Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер (Sрігоһеtа) микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні — штопырға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын жұқтырады. Денені қызарады, жара пайда болып кейіннен іріңдейді.Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), дененің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырмайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қырылдап қалады», адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін.
Діни экстремизмнен қорғау жоспары бойынша мектеп қызметкерлеріне арналған нұсқаулық жүргізілді. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін. Олай дейтініміз бүгінгі таңда жастарымыздың жат ағымға бой алдыруы, тіпті лаңкестік әрекеттерге ұрынуы қазіргі уақыттағы қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Діндер адамзат тарихында ізгіліктің құралы болғаны анық. Бірақ саяси күштер дінді саясаттың құралы етіп алып, қатыгез саяси мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланып отыр. Діни экстремизм - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Осы мақсатта мектеп қызметкерлерімен діни эстремизмнен қорғау тақырыбында әңгіме нұсқаулық жүрді.
«Діни экстремизмның алдын алу» тақырыбында оқушылар арасында түсіндірме сабақ жүргізілді.
Мақсаты: 1. Білімдік: Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру,Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
3. Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Түйін: әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған
Дін және Қоғам. Мақсаты:Діннің тарихын, мәнін және оның қоғамда алатын орнын анықтау; Адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу; Діни экстремизмнің алдын алу;
Тәрбие сағаты барысында оқушылар арасында тығыз әңгіме жүрді. Экстремизм дегеніміз шеттеу,яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді. Жалпы тәртіпті мойындамайтын,өзінің пікірімен ғана іс әрекет жасау дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі,адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады деп түсіндірілді.
Дін жастарды тәрбиелеуді бұйырады. Дінімізде жастардың алар орны ерекше. Жастар қоғамның болашағы. Ал болашақ бекем болуы үшін жастарға аса мән беру керек. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелесең болашағың соншалықты зейнетті болмақ делінді.
Қорыты келе: Алла адамға ақыл, ерік пен таңдау берген. Ақыл мен ерікті дамыта білген адамға Алланың құты тұрақтайды. Сондықтан нағыз мұсылман әрдайым Алладан мінәжат етіп,содан жол көрсетуін тілеуі қажет. Адам Алланың құты арқылы кемелдікке жетіп,оның дидар жамалын көре алады. Жақсы адамдар ғана қоғамды сенімді орнықтырады.
2 сәуір Аутизм мәселелері жөнінде бүкіл әлемдік ақпарат тарату күні аясында жұмыстар жүргізілді. Жоспар бойынша жұмыстар тізбегі жасалды. Ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды.
"Аутист балаларға өмір сыйлаймыз!" тақырыбында суреттер конкурсы өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында тақырып бойынша суреттер сайысы өткізілді.
Аутизм деген не?тақырыбында ата-аналарды ақпараттандыру және жадынама тарату жұмыстары жүрді.
Аутизммен ауыратын балалар туралы не білуіміз керек? Тақырыбында оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Оқушыларға аутизм ауруымен ауыратын балаларға деген көзқарастарын, оларға деген қамқорлықтарын білдіру мақсатында ақпарат берілді.
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн"акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында
мектеп қызметкерлері арасында әңгіме жүргізілді. https://www.instagram.com/p/CmGiMg8MjTR/?igshid=MDJmNzVkMjY=
"Менің құқықтарым" кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/CmGoa4mskk5/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Викторина Сіз өз құқықтарыңызды білесіз бе?"5-7 сынып оқушылары арасында
https://www.instagram.com/p/CmLN9H8IXOW/?igshid=MDJmNzVkMjY=
"Балалар бақытты балалық шақ үшін" би флешмобы 5-11 сыныптар
https://www.instagram.com/p/CmGnyXHMmm-/?igshid=MDJmNzVkMjY=
"Отбасы баланың физикалық және психикалық денсаулығының факторы ретінде" ата-аналар жиналысы
https://www.instagram.com/p/CmMFRess66e/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Мектепішілік ішкі тәртіп бойынша жыл басынан жоспар құрылды. Жоспар бойынша
Қыркүйек айының 8-і күні «Мектептің ішкі тәртіп ережесімен танысу» тақырыбында жалпы сыныптармен таным сабақтар ұйымдастырылды. Жыл бойына « Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыс », « Отбасындағы тәрбие» (ата-аналармен бірге).Қазан айында «Оқушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері» Психологиялық тренинг ұйымдастырылды.Оқушылар тәртібінің Ережелері"Мен және менің құқығым". «Тәрбиенің ең басты мектебі-отбасы», « Тәрбие-тал бесіктен басталады», « Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыптары бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жыл басынан ішкі тәртіпті бұзған оқушылармен жұмыс жүргізіліп отырды. Оқушылармен сынып сағаттарында, топпен, жеке жұмыстарды ТІМ , сынып жетекші және мектеп психологы ұйымдастырып отырды. 11.01.2023 жыл Оралбай Кәусар желтоқсан айынан бастап мектепішілік ішкі тәртіп бұзған оқушылар қатарында. Оқушының тіркелу себебі мінезінің өзгеруі. Кәусар өз сыныптастарымен және басқа да сынып оқушыларымен жиі келіспей жүрді. Бақылауға алынған күннен бастап оқушының тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне, мектеп психологі, тәрбие ісінің меңгерушісіне тапсырылды. Әр пән мұғалімі оқушының тәртібін қадағалап отыратын болды. Ай сайын аталмыш оқушыға анықтама жазылатын болды.
Қаңтар айында Кәусардың өзін-өзі ұстауы жақсы болды. Оқушы уақытымен сабаққа келіп жүрді. Әр сабақта өзін жақсы ұстады. Сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста жүрді.
Сабақ үстінде білгенін айтып, жауап беруге тырысып отырды. Математикадан оқушы төмен көрсеткіш көрсетіп жүр, күрделі есептерді мұғалімнің көмегімен шығарады.Ауызша сабақтарды үйде немесе сыныпта дайын болса сыныпыптастарымен қатарласып жауап береді. Үй тапсырмасын жиі орындамай келеді. Оралбай Кәусар әлі де мектептің ішкі тәртібінде тіркеуде тұр, ол 7-сыныпқа көшірілді.
«Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқан бойынша мектепішілік іс-шаралар өтті. Ақпараттық науқанның мақсаты:
балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың терезеден құлап кету нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата-аналардың назарын қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.
р/с |
Мазмұны |
Түрі |
|
1 |
«Қауіпсіз терезеден сақ болайық!» |
ата-аналар назарына арналған ақпараттандыру |
https://www.instagram.com/p/Cq2vq_9MFkG/?igshid=MDJmNzVkMjY=
|
2 |
Абайлаңыз! Москитті сетка |
әкімшілік рейд |
https://www.instagram.com/p/Cq5RjVJMpuY/?igshid=MDJmNzVkMjY=
|
3 |
«Қауіпсіз терезе» акциясы шеңберінде пропрофилактика |
Ақпараттандыру |
https://www.instagram.com/p/Cq2vq_9MFkG/?igshid=MDJmNzVkMjY=
|
4 |
Қауіпсіз терезе |
Ата-аналарға жадынама тарату |
https://www.instagram.com/p/Cq5QdgcMscn/?igshid=MDJmNzVkMjY=
|
5 |
«Қауіпсіз терезе» |
флеш-моб |
https://www.instagram.com/p/Cq5WK1RsLpN/?igshid=MDJmNzVkMjY=
|
6 |
«Қауіпсіз терезе өте қауіпті» |
Сынып сағаттары |
https://www.instagram.com/p/CrIPwjGsXsX/?igshid=MDJmNzVkMjY= |
7 |
«Балалардың өмірін қорғау» |
Әкімшілік рейд |
https://www.instagram.com/p/CrIOA3YMGmo/?igshid=MDJmNzVkMjY=
|
31 мамыр Саяси қуғын-сүргінқұрбандарын еске алу күні аталып өтті. Әр сыныпта бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында саяси құрбандардың бірқатарына тоқталып, соның ішінде қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігіне, олар туралы тың деректер айтылды.
1 маусым «Сыңғырла соңғы қоңырау» ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік барысында оқу жылының аяқталуы туралы бұйрық оқылды. Мектепішілік бұйрық бойынша жыл бойына қоғамдық жұмыстарға қатысқан ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылар марапатталды. 1,4,9-сынып оқушылары ертеңгілікке дайындаған концерттік бағдарламаларын өткізді.
Оқу жылының соңында жалпы ата- аналар жиналысы өткізіліп, мектеп директорының «Оқу жылын аяқтау туралы» 31.05.2023 жылғы № 23 бұйрығы ата- аналарға таныстырылды.Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі ата- аналарға егжей- тегжей айтылып, жазғы демалыс кезінде оқушының өміріне ата- ана жауапты екені ата- аналарға түсіндірілді. Мектеп бітіруші түлектерге, сондай- ақ кәмелет жасқа толмаған әр жасөспірімге ата- ана мото, мотоцикл, көлік жүргізуге қатаң тыйым салуы қажет екені түсіндірілді.
2022/2023 оқу жылындағы оқушылардың іс-шараларға , олимпиадаға қатысу нәтижелері
№ |
Аты-жөні |
пәні |
Қатысқан олимпиада |
Қатысқан оқушы |
|
Жетістігі |
1 |
Садвакасова Толкын Кабдырахмановна |
Химия |
КИО |
Шакенова Мөлдір |
7-сынып |
ІІ-дәрежелі диплом К-513122786 |
|
|
Химия |
КИО |
Садвакасова Толкын Кабдырахмановна |
|
Алғыс хат |
2 |
Есимсеитова Гульзагила Ермановна |
Қазақ тілі |
«Тәуелсіздік-тәтті сый» республикалық олимпиада |
Марат Нұрислам Бектас Әли |
5-сынып 5-сынып |
Сертификат Сертификат |
3 |
Какенова Жанар Каримжановна |
Математика |
Акбота интеллектуалды марафон |
Берік Гауһар Бауржан Кәусар Серік Дильназ
|
1-сынып 1-сынып 1-сынып |
І-орын І-орын І-орын |
4 |
Искендирова Сулушаш Ауталипқызы |
Математика |
Кенгуру -математика барлығы үшін |
Бауржан Айлин |
3-сынып |
І-дәрежелі диплом KENG-D-2022-01-19-48 |
|
|
Математика |
Кенгуру -математика барлығы үшін |
Оралбай Асылай |
2-сынып |
ІІІ-дәрежелі диплом KENG-D-2022-08-31-27 |
|
|
Математика |
Акбота интеллектуалды марафон |
Бауржан Айлин |
3-сынып |
ІІ-орын |
5 |
Айтбаева Қарақат Жанетқызы |
Қазақ тілі |
«Абырой» интеллектуалды білім порталы «Ілияс оқулары» |
Қазыбай Елдана |
4-сынып |
Диплом ІІ –орын |
|
|
Қазақ тілі |
«Абырой» интеллектуалды білім порталы «Ілияс оқулары» |
Айтбаева Қарақат Жанетқызы |
|
Алғыс хат |
6 |
Тажибаева Гулнар Толегенқызы |
математика |
«Ustaz tilegi»респуликалық онлайн олимпиадасы |
Марат Нұрислам |
5-сынып |
І дәрежелі диплом R0330452 |
|
|
математика |
«Ustaz tilegi»респуликалық онлайн олимпиадасы |
Тажибаева Гульнар Толегенкызы |
|
Алғыс хат ZH-3727547 |
|
|
математика |
Жекен Рыспамбетұлының құрметіне арналған 5-6-сыныптар арасындағы олимпиада |
Шакенов Мейрам |
5-сынып |
ІІ-орын |
|
|
математика |
5-6 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі |
Марат Нұрислам |
5-сынып |
ІІІ-орын |
7 |
Бабаев Кенжеболат Мималымұлы |
Дене шынықтыру |
«Жастар-2023» аймақтық асық ату |
Сыздық Омар Берік Дидар Шакенов Мейрам |
8-сынып 6-сынып 5-сынып |
ІІ-орын ІІ-орын ІІ-орын |
8 |
Мушанбекова Жанаргуль Габдуалиевна |
|
5-6 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиадасының аудандық |
Шакенова Мейрам |
5-сынып |
ІІ-орын |
9 |
Искендир Гульмира Алимовна |
Қазақ тілі |
«Тәуелсіздік-тәтті сый» республикалық олимпиада |
Қали Аллаберген |
4-сынып |
сертификат |
|
|
Математика |
Акбота интеллектуалды марафон |
Қазыбай Елдана Марат Исламия Смагулова Айша |
4-сынып 4-сынып 4-сынып |
ІІ-орын ІІ-орын ІІІ-орын |
|
|
Информатика |
«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» |
Клепцов Иван Такау Нұрислам |
7-сынып 7-сынып |
Сертификат |
|
|
Информатика |
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» Инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңіне |
Берік Дидар Кенжеболат Жалғас |
6-сынып 6-сынып |
Сертификат Сертификат |
10 |
Такауова Айгерим Болатбекқызы |
Ағылшын тілі |
«Ustaz tilegi»респуликалық онлайн олимпиадасы |
Смагулова Айша Таскенов Мәди |
4-сынып
8-сынып |
Сертификат
Сертификат |
|
|
|
«Ustaz tilegi»респуликалық онлайн олимпиадасы |
Букеова Ақерке Дулат Нұрали Қазыбай Айзере Оралбайқызы Асылай Шакенова Ясмина Сәлік Іңкәр Смагулова Айша Бауржан Айлин |
2-сынып 2-сынып 2-сынып 2-сынып 2-сынып 2-сынып 4-сынып 3-сынып
|
Диплом Диплом Диплом Диплом Диплом Диплом Диплом Диплом |
|
|
Ағылшын тілі |
«Ustaz tilegi»респуликалық онлайн олимпиадасы |
Такауова Айгерим Болатбекқызы |
|
Алғыс хат ZH3727584
|
11 |
Ташмаганбетова Жанна Кусаиновна |
Қазақстан тарихы |
Аудандық пәндер олимпиадасы |
Шакенова Мөлдір |
7-сынып |
ІІІ-орын |
|
|
|
Акбота интеллектуалды марафон |
Қазыбай Елдана Марат Нұрислам Кенжеболат Жалғас Берік Дидар |
4-сынып 5-сынып 6-сынып 6-сынып |
ІІ-орын
|
|
|
Қазақстан тарихы |
«Тарих ата» қашықтық олимпиадасы |
Шакенова Мөлдір |
7-сынып |
ІІ дәрежелі диплом |
|
|
|
«Тарих ата» қашықтық олимпиадасы |
Ташмаганбетова Жанна Кусаиновна |
|
Алғыс хат |
Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Искендирова С.А.