"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баламен сөйлесудің он ережесі

«Баламен сөйлесудің он ережесі»

  1. Үйге ашығып келмеңіз. Ашыққан адам шыдамсыз, мазасыз болады;
  2. Қатты шаршап, қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл-ой жүктемелер өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Жұмыстағы қиындыққа бала кінәлі емес;
  3. Қызметіңіз туралы айтқанда бала қызметтің одан маңызды екенін сезінбесін. Қызметіңіз сізге ұнайды, баланы жақсы көресіз;
  4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды. Ас дайындауда немесе басқа жұмыс барысында қасыңызға келген баланы итермеңіз. Бала- адам, ал кешкі ас пен жұмысты күтуге болады;
  5. Бала көмекші әрі отбасының тең құқылы мүшесі. Үйдегі ең ұнамсыз жұмыстарды тапсырып, баланы жалықтырмаңыз;
  6. Бала арқылы мен білемге салмаңыз. Сіз ересексіз, сондықтан көп білесіз. Егер де балаңыз басқалармен салыстырғанда өзіне, өз күшіне сенімді болсын десеңіз, бала ересектердей ой түйетінін сезетіндей сөйлесіңіз;
  7. Жұмыс- бұл жанұяны қамтамасыз ететін құрал. Егер өз өміріңіз үшін жұмыс маңызды болса, бала өзін бақытсыз сезінеді және тез ержетуге асығады;
  8. Тыңдай біліңіз. Көпшілігіміз баланың ісі шала, сөзі маңызды емес деп санаймыз. Негізінде оның ісі мен сөзі өзіміз сияқты маңызды. Егер балаға сондай көзқарас танытсаңыз, онда ешқандай сенімділік болмайды;
  9. Баламен кеңесіңіз. Өз ойларыңыз, уайымыңызбен бөлісіңіз. Ақыл- кеңес сұраңыз және соған жүгініңіз;
  10. Тілім нан үшін қинай бермеңіз. Балаңыз Сізден материалды тәцелді екенін айтудан қашыңыз. Балада сізге ауыртпалық түсіремін деген ой туады, бұл баланы жаралайды... Қарттық шағыңызда осындай жағдайлардан ұялуыңыз әбден мүмкін.

 

Жаңартылған күні: 24.11.2020 12:05
Құрылған күні: 24.11.2020 12:05

Текст