Сыбайлас жемқорлыққа күрес жүргізу мақсатында мектебімізде барлық сыныптарда «Сыбайлас жемқорлық қазіргі жайылған дерт», і«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бола ма?» деген тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді.Ондағы мақсатымыз:Оқушыларға сыбайлас жемқорлық оның алдын алу туралы түсінік беру. Бұл жайылған дерттің алдын алу үшін елімізде жүргізіліп жатқан іс- шаралар жайлы түсінік беру болды. Қаңтардың 16 сы күні 5-8 сыныптарда оқушыларға адамдардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру. «Заң бәріне бірдей» атты тақырыпта түсініктемелік баяндама оқылды. Алдағы уақытта жоспарланған жұмыстар жүргізіледі. «Мемлекеттік қызмет- өмірлік ұстаным»-мемлекеттік қызметкерлерімен аспазшымен,медбикелермен,мемлекеттік қызметкерлер ардагерлерімен кездесу қаңтар айында ұйымдастырылды.Наурыз айында «Жемқорлыққа қарсымыз»,«Жемқорлыққа жол жоқ»,Адал және сатылмайтын еңбек» суреттер көрмесі өткізілді.