"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баратай НМ қамқорлшылық кеңесінің хаттамалары (2018-2019 оқу жылы)

Хаттама №1

«Баратай негізгі мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы

    Өткізілген уақыты:

 

  1. 2017-2018 оқу жылындағы ата-ана комитеті төрайымының есебі.
  2. Ата-ана комитеттері мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттерімен танысыру.
  3. 2018-2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесін құру нұсқаулығымен таныстыру,қамқоршылық кеңесінің төрайымы мен мүшелерін сайлау.
  4. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау,бекіту.

     Қатысқандар:18 ата-ана,комитеттің төрайымы.

     1.Тыңдалды:

      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы Г.А.Ибраева 2017-2018 оқу жылында ата-аналар комитеті мүшелерімен бірлесе атқарылатын жұмыстардың есебін берді.Жыл бойынша мектепішілік іс-шаралар: «Алтын күз», «Кел,Жаңа жыл!», «Тілдер мерекесі», «Қарттар күні», «Наурыз» т.б. өткізілген іс-шараларға қатысып, қолдау көрсетті.Әр айдың соңында мектеп асханасының жұмыс барысын тексеру мақсатында акт толтырылып,жағдайы бақылауға алынды.1 маусым-балалар күніне орай мектеп бойынша өткізілген мерекелік іс-шараға мектеп оқушыларының қатысуына ата-аналар тарапынан көмек көрсетілгені жайлы айтты.

      Шешімі:Келесі оқу жылында да ата-аналар комитеттерінің жұмыстары әрі қарай жалғастырылып,мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жүргізілсін деп хабарлама жасап айтты.

      2. Тыңдалды:

      Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектептегі тәрбие ісінің меңгерушісі Какенова Ж.К. «Баратай негізгі мектебі» КММ 2018-2019 оқу жылына қамқоршылық кеңесін құру керектігі жайлы және қамқоршылық кеңес мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылатынын,мектептің қызметі мен дамуына жәрдемдесу үшін құрылатынын айтып өтті.Қамқоршылар кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету,әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету,мектепке жабдықтар, материалдар мен оқу –әдістемелік әдебиеттер сатып алуға көмектесу үшін құрылады деп айта отырып мектеп жанында кеңеске мүшелер қабылдау керек екенін айтты.

      Шешімі: Ата-аналар комитетінің төрайымы Г.А.Ибраева айтқан ақпаратқа талдау жасай отырып өзі осы кеңеске мүше болуға келісім берді.

      3. Тыңдалды:

      Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесін құру нұсқаулығымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Какенова толық таныстырып өтті.2018-2019 оқу жылында қамқорлық кеңесінің төрайымы мен мүшелерінің сайлауы өтіліп-қамқоршылық кеңестің құрамына 9 адам мүше болып тағайындалды.

      1.Ибраева Гүлнара Амиржановна-мүшесі

      2.Какенова Жанар Каримжановна-мүшесі

      3.Есимсеитова Гүлзағила Ермановна-мүшесі

      4.Қазыбай Манар Қазыбекқызы-мүшесі

      5.Сулейменова Макпал Калиевна-мүшесі

      6.Ташмағанбетова Бақыт Нұрлановна-мүшесі

      7.Айтбаев Болатбек Қазыкенұлы-мүшесі

      8.Какенова Ажар Айдарбековна-мүшесі

      9.Махамбет Сауле Ерғанқызы-мүшесі

      Шешімі:Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен мүшелері тағайындалып,бекітілсін.

     4.Тыңдалды:

      Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары құрылып,бекітілді.Жоспар ата-аналар арасында талқыланып,таныстырылды.

      Шешімі:Жоспардағы іс-шаралар мерзімге  сай орындалсын.

 

                                                        Ата-аналар комитетінің төрайымы: Г.А.Ибраева

                                                        Хатшысы:Уалиева Ж.Ж.

Жаңартылған күні: 06.04.2019 13:03
Құрылған күні: 23.01.2020 11:21

Текст