"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 оқу жылының І жартыжылдық сараптамасы

         2019-2020 оқу жылының оқу-тәрбие үрдісінің есебі

        Мектептің жұмыс жасайтын әдістемелік тақырыбы: « Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану-білім сапасын арттырудың негізгі құралы»

                                                                                   Балаларға көп үйретем деп,

                                             асығып шала-шарпы үйретуден гөрі,

                                      аз болса да, анықтап нық үйрету абзал.

                                                                      Тіл-құрал. Орынбор,1914.

                                                                                     А.Байтұрсынов

                             

      Биылғы оқу жылындағы  әдістемелік кеңестің мақсаты: оқытудағы инновациялық әдістерді меңгеруге үйрету деп жоспарланды.

2018-2019 оқу жылында мынадай міндеттерді  алға қойдық:

1. Жаңа технологиялардың тиімділігін  сабақ үрдісінде пайдалану арқылы оқыту сапасын дамытып; оқушылардың білімге деген құштарлығын қалыптастыру;

2. Жаңа технологияларды меңгерген мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін насихаттау;

3. Мұғалімдерді тиімді әдістемелік біліммен қамтамасыз етуде жеке құндылығын қалыптастыру;

4. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру.

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді.

     2019-2020 оқу жылында  мектебімізде 12 мұғалім еңбек етеді. Сапалық құрамы бойынша:  9  мұғалім жоғары білімді, 3 мұғалім арнаулы орта білімді.      Әр ұстаздың биылғы оқу жылына арналған жылдық түйінді мәселелері бар, осы тақырып аясында жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламасы бойынша  жұмыс жасап жатыр. Барлық пән мұғалімдері жаңартылған оқу бағдарламасының  курсын аяқтаған.

Қазіргі таңда мектебіміздің 1,2,3,4,5,6,7,8,9- сыныптары жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламасымен  оқып жатыр.

    Оқу пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшелігі , оқу бағдарламасы «шиыршық қағидаты» негізінде әзірленген, яғни тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен білік бірте-бірте өсіп дағдылар күрделеніп отырады.

    Әр тоқсан сайын жыл басында бекітілген кесте   бойынша ББЖ және ТЖБ  жұмыстары жүргізіледі.  Оқушылар  ББЖ және ТЖБ ережелерін сақтайды.

  Мектепте оқу жылының басында 39 оқушы болатын 1 оқушы жанұялық жағдаймен қоныс аударуына байланысты басқа мектепке ауысты, қазір ІІ-тоқсан  соңында 38 оқушы. Олардың ішінен 7 үздік, 14 екпінді оқушылар оқиды.  Мектеп бойынша І-жартыжылдың білім сапасы  -66%.

Сыныптар бойынша І-жартыжылдың білім сапасы төмендегідей:

          Сыныптар

Оқушылар саны

Үздік оқушылар

саны

Үлгерімі жақсы оқушылар

саны

Сапалық үлгерім

Жалпы үлгерім (%)

1

6

0

0

0

0

2

3

0

1

33%

100%

3

5

0

3

60%

100%

4

4

1

1

50%

100%

5

5

1

2

60%

100%

6

3

2

1

100%

100%

7

8

3

2

63%

100%

8

1

0

1

100%

100%

9

3

0

3

100%

 

Жалпы

38

7

14

66%

100%

            Сыныптар бойынша  төмен білім сапасын көрсетіп тұрған 2-сынып. Сапалық үлгерімі-33%. Сыныпта 3 оқушы 1-еуі екпінді, екі оқушы Бектас Әли мен Сәлік Өмір математика, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен төмен, пән мұғалімдеріне алдағы уақытта жеке жұмыстар жүргізуге көңіл бөлу ескертілді.

Kundelik.kz сайтын сапалы толтыру бойынша көрсеткішіміз:

Қыркүйек- 86% (себебі, мұғалімдердің уақытылы күнтізбелік жоспарларын толтырмағандары үшін),  қазан айында-100%, қараша айында - 100%, желтоқсан айында -  100%

 

Мектепте үш әдістемелік бірлестік жұмыс істейді.

  1. Бастауыш әдіс бірлестігі-жетекшісі Искендир Г.А.
  2. Жоғарғы сыныптар әдіс бірлестігі-жетекшісі Тажибаева Г.Т.
  3. Сынып жетекшілер бірлестігі- жетекшісі Мушанбекова  Ж.Г.

         Биылғы оқу жылында бастауыш пән бірлестігінің мақсаты:оқушының жеке психикалық және дене бітімі ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінез-құлық уәждерінің әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушыны тұлға ретінде үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толықтай ашу-болып жоспарланды. Осы мақсатқа жету үшін жылдық жоспары құрылды. Жалпы бастауыш әдістемелік бірлестігімізде төрт мұғалім жұмыс жасайды. Екі мұғалім бірінші санатта, екі мұғалім екінші санатта. Биылғы оқу жылында 1-4-сынып оқушылары толығымен жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту жүйесіне көшті. Екі мұғалім - Искендирова Сұлушаш Ауталиповна және Какенова Жанар Каримжановна педагог-зерттеуші мұғалім санаттарына үміткер болды. Осыған байланысты осы мұғалімдер, «U-study» орталығында онлайн тестілеуден  сәтті өтіп, жоғары ұпайларға ие болды.

 

Осы күнге дейін әдістемелік бірлестігімізде үш отырыс өткізілді. Екінші отырыста “Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру”-Какенова Ж.К. және үшінші отырыста «Жаңа технологияларды қолдану тиімділігі" тақырыптарында баяндамалар өткізілді. Сабақтан тыс уақыттардағы оқу-тәрбиелік, көпшілік жұмыстары жоспарланып өткізілді. Қыркүйек айында  тілдер мерекесіне байланысты бірнеше іс-шаралар өткізілді: 9-қыркүйек күні мектебімізде ҚР Тілдер мерекесіне арналған онкүндік барысында А.Құнанбаевтың табиғат тақырыбындағы шығармалары аясында «Табиғат-ғажап әлемі» суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты А.Құнанбаевтің 175 жылдық мерейтойына байланысты ақын шығармалырын насихаттау, оқушыларды табиғатты аялауға ,қорғауға  баулу. Суреттер көрмесі 1-4 сыныптар арасында бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Искендир Г.А өткізді. Оқушылар Абайдың  жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдерінің ішінен   өздеріне ұнаған өлең бойынша суреттер салды.Оқушылар тапсырманы қызыға орындады. Оқушылардың суреттерінің көбі  жылдың төрт мезгіліне арналған.

13 қыркүйек күні бастауыш сынып оқушылары арасында Какенова Ж.К «Бөгенбай батырдың шөбересі-Саққұлақ би» атты танымдық  сағатын өткізді. Мақсаты өзіміздің туған жерімізден шыққан атақты тұлғалармен таныстыру,оқушыларға қазақтың би-шешендірінің шешендік өнерімен және қазақ халқының тілін,салт –дәстүрін құрметтеу.

Танымдық сабақ барысында бүлдіршіндерге Саққұлақ би туралы мағлұматтар берілді , шешендік сөздеріне тоқталып өтті.

 Мектебіміздің дәстүріне айналған «Аяулы күз-алтын күз!» мерекесі қазан айында өткізілді. Мақсаты: оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу; сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету; «Еңбек түбі-береке» деген халық даналығының дұрыстығына көз жеткізу.  Оқушылар жоғары қызығушылықпен қатысты, презентация, бейнероликтерді көрді, күз туралы әндер айтып, тамаша билерін билеп берді. Мерекеге орай ата-аналардың көмегімен қабырға газеттері жасалды. Ең  ата-аналардың ұйымдастырумыен оқушыларға күзгі дастарқан жайылды.

 

Қараша айында «Бастауыш-білім бастауы» атты апталығы өткізілді. Жауапты Искендир Г.А. 1-ші және 2-ші  күндері қазақ тілінен  және математика пәнінен олимпиадалары өткізілді. Бірінші күні олимпиада  2-4-сынып оқушылардың арасында қазақ тілінен олимпиадасы өткізілді. Әр сыныпқа өздерінің стандарт бағдарламаларына сәйкес тапсырмалар әзірленіп таратылды. Олимпиада 40 минут уақытқа белгіленіп, өткізілді. Сынып оқушыларыы түгел қатысты, тек қана 4-сынып оқушысы Есламбек Альбина, денсаулыққа байланысты, олимпиадаға қатыса алмады. Олимпиаданың нәтижесі бойынша І орынға Майдан Мейірхан мен Кенжеболат Жалғас, ІІ орынға Берік Дидар және ІІІ орынға Есламбек Адина иеленді.

 

   Екінші күні  2-4-сынып оқушылардың арасында математика пәнінен олимпиадасы өткізілді. Осы күнде де әр сыныпқа стандарт бағдарламаларына сәйкес тапсырмалар әзірленіп таратылды. Олимпиада 40 минут уақытқа белгіленіп, өткізілді. Сынып оқушыларыы түгел қатысты. Олимпиаданың нәтижесі бойынша І орынға 4-сынып оқушысы Есламбек Альбина, ІІ орынға Есламбек Адина және ІІІ орынды Кенжеболат Жалғас пен Майдан Мейірхан иеленді.

 

Апталықтың 3-ші күні «Шынықсаң-шымыр боларсың!» атты сайысы өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты – ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.Оқушылар үлкен қызығушылықпен осы сайысқа қатысты.

 

4-ші күнде «Тапқырлар тартысы» атты сайысы өтті. Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу мақсатында апталықтың төртінші күні де сәтті өтті. Оқушылар мектепте  алған білімдерін көрсете білді. «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,ренжімей тараса, озбағандар жарады;жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау;озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау» - дей келе сайыстың кезеңдерімен таныстырылды:  І.Бәйге.ІІ. Дода.ІІІ. Тіл - өнер.ІV.Тәуелсіздікке тарту. Барлық кезеңдерде оқушылардың ұпай сандары әділ қазылар алқасының қадағалауымен есептеліп тұрды. Сайыстың нәтижесінде «Қыран» тобы алға шықты. Сайыстың соңында оқушылар «Еркін микрофон» арқылы бір-біріне тілектерін айтып шықты. Бүкіл оқушылар сайыстан жақсы әсер алып кетті.
         Апталықтың соңғы іс-шарасына 1-ші сыныпта ашық сабақ жоспарланды.

                         Кейбір себептерге байланысты сабақ кейінге ауысты. Сондықтан ашық сабақтың тақырыбы өтілген күннің жоспары бойынша өткізілді, яғни  жоспарланған «Қ дыбысы мен әрпі» тақырыбының орнына «И дыбысы мен әрпі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту;берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту;сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту болды. Барлық оқушылар И дыбысы бар сөздерді анықтай алады; И әрпін оқиды, жазу ретімен танысады, жазады.Оқушылардың көбісі: сөздерді буындап оқи алады және кейбірі: суреттер бойынша әңгіме құрастыра алады-деген мақсаттары бойынша өткізілді. Сабақ барысы ойын түрінде өткізілді. Оқушылар жоғары қызығушылықпен сабаққа қатысты, сабаққа қатысқан мұғалімдердің алдында өздерін жақсы ұстап, ойларын еркін жеткізе білді.

 

«Әлем мойындаған тұлға» атты танымдық сабағы 1-ші желтоқсан-тұңғыш президент күніне орай өткізілді. Оқушыларға Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру-негізгі мақсаты болып табылды. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушыларға елбасымыздың өмірбаяны туралы әңгімеленді, көрнекілігтері ретінде кітаптар, слайдтар көрсетілді, үнтаспа ойнатылды. Президенттің мемлекетке деген маңыздылығы туралы айтылды.

                Туелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты салтанатты жиын мектепішілік жоспарына сәйкес өткізілді.Оқушылардың ел тарихын, салт - дәстүрді қаншалықты білетіндіктерін тексеру, еліміздің тәуелсіздік алған жолында кездескен қиыншылықтар туралы, соның ішінде біздің қазақ ұл-қыздарымыздың қосқан үлестері туралы мағлұмат берумақсатында бұлсалтанатты жиын мектеп көлемінде бірігіп өткізілді. Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, сұрақтар, қима қағаздар, түрлі - түсті конверттер, ұлттық нақыштағы оюлы себет.

 

    «Жасыл шырша жанында»  және шағын орталықта «Төрлет,төрлет, Жаңа жыл» атты  ертеңгіліктер өткізілді. Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу-сынып сағатының мақсаты. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салыды  үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру. Оқушыларға жылдар ауысу туралы мәліметтер берілді, әндер айтылып, билерін биледі балалар. Көңілді өткізілді, жаңа жыл туралы мәліметтер айтылды. Ертеңгілікке ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар жоғары дайындықпен қатысты.

 
 

 

 

        Жалпы бастауыш сыныптарда 18 оқушы білім алуда. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша білім сапасы төмендегідей:

Сынып

Оқушылар саны

Үздіктер

саны

Екпінділер

саны

«3» деген бағалары бар

Білім сапасы (%)

Үлгерімі (%)

2-сынып

3

0

1

2

33

100

3-сынып

5

0

3

2

60

100

4-сынып

4

1

1

2

50

100

Жалпы

12

1

5

6

50

100

   1-сынып оқушылары І жартыжылдықта оқу бағдарламасы орындалды. Оқушылар мектепке жақсы бейімделіп келеді. Негізгі пәндер бойынша балалар қосу, азайту амалдарын жақсы меңгеруде, әріптерді таниды, буындап оқып үйреніп жатыр. Соның ішінде Есламбек Ерхан мен Қазыбай Елдананың меңгеруілері жақсы. Қали Аллаберген мен Абдығали Шыңғыспен каллиграфиясымен әлі де қосымша жұмыстар жасау керектігі анық болды.  Таскенова Жасмин және Құрмангожина Жанель сауат ашу және математикадан өте көп жұмыс жасау керектігі анықталды. Осы оқушылардың аналарымен сынып жетекшісі Искендир Г.А. әңгімелесіп, алдағы уақытқа балаларға көбірек көңіл бөлу керектігі айтылды.   

  Жалпы бстауыш әдістемелік бірлестіктің құрылған жоспары бойынша бүкіл іс-шаралары өткізілді. Алдағы уақытта оқушыларды әртүрлі сайыстарға, олимпиадаларға қатыстыру жұмыстары жоспарланып тұр.

  Баратай НМ жоғарғы сыныптар  әдістемелік бірлестігінің мақсаты: «Білім берудің жаңашыл жетістіктерін пайдаланып, оқушыларға нәтижелі білім беру»

  Жоғарғы сыныптар пәндер бірлестігі де оқу сапасын жақсарту үшін өз үлесін қосып жатыр.
Тамыз  айының соңында бірлестік отырысы болып, жылдық жоспар бекітілді.

 Қыркүйек айының 5-нен-17-не дейінгі аралықта Қазақстан халықтарының тіл  мерекесіне арналған онкүндік өтті.  

 Бұл апталықта сынып жетекшілер «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» тақырыбына тәрбие сағаттарын  өткізді.                   

         9-сынып оқушылары «Абай –дана, Абай дара қазақта» тақырыбында латын карпінде эссе жазды.Сонымен қатар 7-9-сынып оқушылары  Бүкілхалықтық ашық диктантқа қатысты

      Онкүндік аясында   5-9- сыныптар   қазақ тілі пәнінің мұғалімі Есимсеитова Г.Е ұйымдастыруымен мектебімізде Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай «С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы», Біржан сал Қожағұлұлының 185 жылдығына орай «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» атты әдеби кеш , тарих пәнінің мұғалімі Ташмағанбетова Ж.Қ ұйымдастыруымен 7-9- сыныптар арасында«Атығай Қарауылдың бас биі-Қанай Құттымбекұлының өмірбаяны мен шешендік өнері»атты танымдық сағаттары  өткізілді

     10 қыркүйек күні ҚР Халқының Тілдер мерекесі аясында  қазақ тілі мұғалімі  Есимсеитова Г.Е ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдерінің арасында   «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты сайыс өткізілді.Сайысқа Клепцова Виктория,Клепцов Евгений,Клепцов Иван, Реслер Света.Реслер Станилсов,Реслер Нина қатысты.

ҚР Халқының Тілдер мерекесіне орай өткізілетін іс шаралар жоспарына сәйкес 16 қыркүйек күні мектебімізде 5-9- сыныптар арасында «Атаның сөзі-ақылдың көзі» атты интеллектуалды сайыс өтті .Сайыстың мақсаты көнерген сөздерді насихаттау ,  тілімізге деген құрмет,шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру.

     Онкүндіктің жабылу салтанатында қорытындыды жасалып, «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты кеш өткізілді. Оқушылар   шешендік сөздерді мәнерлеп жатқа оқыды,тіл туралы ребус пен шарадалар шешті.Онкүндікке белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

         Қазан айында математика пәнінің мұғалімі Тажибаева Г.Т  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,математикалық білім қабілеттерін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында «ХХI ғасыр  көшбасшысы» сайысы өткізілді.

     

     Тоқсан аяғында бірлестіктің кезекті отырысында бірлестік мұғалімдері пән бойынша білім сапалары туралы және жазба жұмыстары жөнінде есебін берді

Қараша айында информатика пәнінің пәнінің мұғалімі Искендир Г.А  «Үштілділік-заман талабы» апталық өткізді.

1-күні  оқушылардың тіл пәндеріне деген біліктіліктерін, білімдерін арттыру мақсатында «Полиглот» өткізілді.

      2-ші күн оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. «Scratch» программасын тәжірибеде дұрыс қолдануға дағдыландыру және программирование жасауға   шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында «Жас программист» атты сайыс 5-9-сыныптар арасында өткізілді.Оқушылар сайысқа белсенді қатысты.

 

3-ші күн оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру, информатика сабағында ағылшын тілінде терминдерді жақсы меңгеруге ынталандыру мақсатында бастауыш сыныптар арасында сайыс өткізілді.

 

 

4-ші күн . 3-9-сынып оқушылардың арасында «Ғажайып ұяшық» блиц-турнир өткізілді. Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, информатикада пайдалынатын негізгі терминдер мен тұсініктемелерді үш тілде есте сақтау мақсатында өткізілді.

 

  5-ші күн  9-сынып оқушыларымен ашық сабақ ағылшын тілінде өткізілді. Сабаққа мектеп әкімшілігі, ұстаздары және Зеренді ауданы бойынша менторлық жұмыс жасап жүрген Нимиткина Людмила Николаевна қатысты.  Оқушылар онлайн түрінде  жұмыс жасайтындарын көрсете алды. Сабақ жақсы өтті. Людмила Николаевнаның бағалауы бойынша сабақ 75 пайыз ағылшын тілінде өткізілді.

 

 

Желтоқсан айының 9-13 аралығында Тәуелсіздігіміздің 28-жылдығына орай тарих пәнінің мұғалімі Ташмағанбетова Ж.Қ «Ұлы дала тарихына тағзым» апталығын өткізді. «Ұлт тағдыры –ел тағдыры» атты конференция бастама болды. Конференция барысында мектеп оқушыларын   еліміздің алғашқы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың  өмір жолымен ,алғашқы бастамаларымен таныстырылды.Көрсетілім тамашалады.

         

«Дарабоз» атты танымдық сайыс болып өтті.

 «Тәуелсіздік - ән-жырымсың ғажап тым!» оқушылар Тәуелсіздікке арнау өлеңдер айтты , күй  тартылды.

                 Желтоқсан оқиғасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Мақсаты.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептерін,сипатын,қозғаушы күштерін,маңызын  

 «КТА»көңілділер мен тапқырлар сайысы өткізілді.

  «Ұлы дала тарихына тағзым » атты тарих пәнінен өткізілген апталыққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау

Химия пәнінің мұғалімі Садвакасова Т.Қ «Білімділір мен білгірлер» сайысын өткізді.

Жоғарғы сынып пәндер  бірлестігінің мұғалімдері жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарады.

Әр тоқсан сайын пәндер бойынша ТЖБ (тоқсандық жиынтық бақылау) және тест жұмыстары жүргізіледі.

           Жоғарғы сыныптар бойынша І-жартыжылдың  білім көрсеткіші төмендегідей:

       Сынып

Оқушылар саны

Үздіктер

саны

Екпінділер

саны

«3» деген бағалары бар

Білім сапасы (%)

Үлгерімі (%)

5-сынып

5

1

2

2

60%

100%

6-сынып

3

2

1

0

100%

100%

7-сынып

8

3

2

3

63%

100%

8-сынып

1

0

1

0

100%

100%

9-сынып

3

0

3

0

100%

100%

Жалпы

20

6

9

5

75%

100%

                    

Баратай негізгі мектебі бойынша І жартыжылдағы оқушылардың  жетістіктері:

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

 

Пәні

Жетекшісі

орыны

1

Есламбек Адина

2

Қазақ тілі

Какенова Ж.К.

www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі пәнде олимпиадасы (І дәрежелі диплом)

2

Сәлік Өмір

2

Қазақ тілі

Какенова Ж.К.

www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі пәнде олимпиадасы (І дәрежелі диплом)

3

Берік Дидар

3

математика

Искендирова С.А.

«Пони» 32 ұпай

4

Майдан Мейірхан

3

математика

Искендирова С.А.

«Пони» 25 ұпай

5

Есламбек Альбина

4

Қазақ тілі

Искендирова С.А.

www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі пәнде олимпиадасы (І дәрежелі диплом)

6

Манәп Сезім

6

Қазақ тілі

Есимсейтова Г.Е

KIO Қашықтық олимпиада Мадақтама аудан бойынша ІІІ-орын

7

Кенжеболат Арай

6

Қазақ тілі

Есимсейтова Г.Е

NIO Қашықтық олимпиада

Сертификат

 

8

Клепцова Виктория

9

Қазақ тілі

Есімсейтова Г.Е

www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі пәнде олимпиадасы (І дәрежелі диплом)

9

Тақау Тұрлыбек

9

Химия

Садвакасова Т.Қ.

www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі пәнде олимпиадасы (І дәрежелі диплом)

                                                 

                                         Мұғалімдердің жетістіктері:

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні

Жетістіктері

1

Садвакасова Т.К.

Химия

www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі пәнде олимпиадасы (І дәрежелі диплом)

2

Есимсейтова Г.Е

Қазақ тілі

Ұлттық олимпиадаға дарынды оқушыларды дайындағаны үшін

 

3

Какенова Ж.К.

Математика

www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі пәнде олимпиадасы (І дәрежелі диплом)


Тәрбие– халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты– жалпы адамзаттық құндылықтар идеясына негізделген демократиялық қоғамда өмір сүре білетін бәсекеге қаблетті, азаматтық санасы қалыптасқан, шығармашылық ойлау қабілеттері дамыған, жаңа заманға лайықты, білімді, өнегелі, өз Отанын сүйе, қадір тұтатын, рухани адамгершілігі мол, жан-жақты қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар:
тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

  Тәрбиенің негізгі міндеттері:

Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін жетілдіру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін кеңейту;

Өз Отанын құрметтеуге, азаматтық пен патриотизмге, сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу;

Тұлға мен ұжым дамуындағы жаңа технологияны қолдану барысында тәрбие үрдісінің нәтижесін өз өмір тәжірбиесінде пайдалана білуге тәрбиелеу;

Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, салауатты өмір салтын сақтауға бағыттау;

Мемлекет пен құқықтық туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Осы міндеттерді іске асыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің  тұжырымдамалық негіздері бойынша тәрбиенің басым 8 бағыттық жұмысы қамтылды.

Олар:

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

  Оқу жылының басында 2018-2019 оқу жылында атқарған жұмыстарға талдау арқылы  2019-2020 оқу жылына міндеттер айқындалып,ұйымдастыру шаралары іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп,белгіленді.

 Мектепте барлығы  6 (алты) сынып жетекші жұмыс атқарады .Сынып жетекшілер бірлестігі жұмыс жасайды,жетекшісі Мушанбекова Ж.Ғ.

  Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмысының басым

бағыттары:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

 

Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл  сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылында                      «Жүректен жүрекке!» ұранымен бастау алды.

    Акцияның мақсаты- аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеументтік қолдау көрсету. 

    Осы мақсатта Баратай негізгі мектебінде де акция жалғасын тапты. Мөлтек аудандарға жауапты мұғалімдері бірлесіп   рейд жасалды. Рейд қорытындысы бойынша шаруа қожалықтарында, алқаптарда жұмыс жасап жүрген балалар анықталған жоқ. Демеушілер тарапынан қолдауды қажет ететін патронаттығы тәрбиедегі Сыздықов Е. Айкимбаев, С Клепцовтар, Реслерлер және тұрмыс деңгейі төмен Таскеновтар отбасындағы  оқушыларға көмек көрсетті. Акция барысында осы балаларға  ауылымыздың тумасы,Көкшетау қаласының тұрғыны Нахимов Мұса ағамыз жұбайы Әлиямен  осы балаларға акция барысында мектеп формаларын және спорттық костюмдер алып берді.

        1 қыркүйек Білім күні «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын әрі қарай қолдап өзінің көмегін көрсетуге және оқушыларды мерекемен құттықтауға арнайы  Нахимов Мұса ағамыз жұбайы Әлиямен тағы да келіп,осы оқушыларға оқу құралдарына толы  оқушы сөмкесін сыйға тартты.

2019 жылдың 1-қыркүйегі –Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.                                                                                                                                        Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу,сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру,еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

   Биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын 1-сыныптың 6 оқушысы аттады. Сынып жетекшісі Искендир Гүлмира Алимовна.

   Салтанатты жиынның қонақтары мектебіміздің қарт ұстаздары және ата-аналар болды.

Жиыннан кейін барлық сыныптарда «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты білім күнінің алғашқы сабағы өтті.

  Денсаулық күніне орай  оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, көңіл күйді көтеру, сыныппен бірге ұйымшылдықты сезіну мақсатында  «Спорт-денсаулық кепілі» атты спорттық іс-шаралар,ойындар өткізді.

Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық ұйымдастырылды.

       1-қазан  «Рухани-адамгершілік тәрбие» бағыты бойынша қарттар мерекесіне арналған «Аман жүрші,қарттарым!» атты мерекелік кеш өтті.Бұл кешке ауылымыздың қариялары және мектебіміздің зейнеткер қарт ұстаздары  қонаққа шақырылды.Мереке барысында қариялар оқушылардың арнап дайндаған концерттерін тамашалады, демеушіміз Нахимов Мұсаның әкелген сыйлықтарын алып, мектеп асханасында ыстық шәй ішіті.Соңында ақсақалдарризашылықтарын білдіріп бата берді.

Мектебімізде мерекеге арналған   кеш өтті. Мерекелік кешке ауылымыздың қарт адамдарына ауыл азаматы Мұса Нахимов сыйлық әкелді. Қарттар үйіне мектеп оқушылары көмек көрсетті.  Біз мерекеге  арналған ән-шашуымызбен қарттарды қуанттық.

         4- қазан күні «Рухани-адамгершілік тәрбие» бағыты бойынша«Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік!» атты мерекелік кеш және Өзін-өзі басқару күні өтті.Мерекелік іс-шара 2 кезеңнен тұрды. 1 кезең жоғары сынып оқушылары бір сәт өздерін  мұғалім сезініп сабақ берді,2 кезең ұстаздарға арнап мерекелік  концерт ұйымдастырды.

  Оқушылар таңертең мұғалімдерді мектеп дәлізінде әсем музыкамен қарсы алды.Салтанатты жиын өткізіп,мұғалімдерді құттықтады.

    Мектебімізде 17 –қазан күні «Еңбек,экономикалық және экологиялық» тәрбие бағыты бойынша «Аяулы күз,алтын күз» атты мерекелік кеш өтті.

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

  Мерекелік кешке арнап оқушылар қабырға газеттерін шығарды, өздері дайындаған концерттерін қойып және ата-аналармен бірлесе дастархан әзірледі.                   

               

                                         

    18-қазан  күні  «Зияткерлік  тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі » бағытында «Кім білгір, кім алғыр!?» тақырыбында  6-7 сыныптар арасында сайыс өтті.     Мақсаты: Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.     Сайыс басталмас бұрын оқушыларды топтарға бөліп,әділқазылар алқасы сайланды.Оқушылар сайысқа белсенді қатыты.Сайыс соңында әділқазылар алқасына сөз беріліп,сайысқа қатысқан топтар мақтау грамоталарымен марапатталды.

    15-қараша «Еңбек,экономикалық және экологиялық» тәрбие бағыты бойынша Ұлттық валюта теңге күніне орай сыныптарда «Теңге қалай шықты?», «Теңге –ұлттық валюта» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.

Мақсаты:білім алушылардың Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен енгізілген ұлттық валюта-теңге туралы білімдерін кеңейту; қазақстандық патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке, ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасының қызметіне деген құрмет пен мақтанышқа тәрбиелеу.

       

23-қараша күні ата-аналармен жүргізілетін мәдени-ағарту жұмыстары бойынша ата-аналардың қатысуымен 6-9 сынып оқушыларының арасында  « Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым» атты кеш өтті

Мақсаты:  Оқушыларды қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік тәлімдік  қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен      байланыстыра білу. Ұл бала мен қыз баланы бір-бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру; Оқушылардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту;  Талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, яғни эстетикаға тәрбиелеу.

 Мақсаты:  оқушыларды қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік тәлімдік  қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен      байланыстыра білу;ұл бала мен қыз баланы бір-бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру; оқушылардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту;  талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, яғни эстетикаға тәрбиелеу.

        

25-қараша 6,8-сыныпта сынып жетекшісі Тажибаева Г.Т.  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Отбасы-рухани жаңғыру негізі» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті.

1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті күніне  арнап сыныптар арасында«Әлем мойындаған тұлға» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сабақтың мақсаты:

- білім алушыларды Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттерімен, өмірімен таныстыру;

- Ұлт Көшбасшысын мақтан етуге, патриотизмге, Отанды сүюге тәрбиелеу;

- білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

- білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру;

- танымдық қабілеттерін дамыту;

- өз еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

       

  13-желтоқсан  күні «Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым» атты салтанатты жиын өтті.                                                                                                                                        Мақсаты: оқушылардың отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар.                                                                                                                               Жиын барысында әр сыныптың топбасшылары рапорт беріп, жиынға дайын екендерін хабарлады, 5-9 сынып оқушылары тақпақтар оқып, әндер орындады және слайдтар көрсетілді.

   

          Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» аясында да біршама іс-шаралар өтті.

Оқу жылының бірінші аптасында 1-9-сынып оқушылар арасында «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» атты  тәрбие сабақтары өтті. Бұл ашық сабақта сынып жетекшілер бағдарламалық мақаланың бағыттары бойынша көптеген жұмыс түрлерін көрсетті. Бірнеше презентациялар ұсынылды.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Есимсеитова Г.Е.  5-9 сынып оқушылар арасында «Туған тілім » атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Оқушылар өте белсенді қатысып, өздерін жан-жақты көрсете алды.

      Тарих пәнінің мұғалімі Ташмағанбетова Ж.Қ. 5-9 сынып оқушыларымен «Туған елімнің тарихына саяхат» атты саяхат сабағын ұйымдастырды. Оқушылар елімізідің тарихына шолу жасады, тарихи жерлерге видео арқылы саяхатқа шықты. Мұғалім сабақты жақсы және жан-жақты ұйымдастырғандықтан  , оқушылар сабаққа белсенді.

                         

  Сонымен қатар мектеп кітапханашысы бастауыш сыныптар арасында        «Кітап-ақылшың, әрі досың» атты рухани ақпарат беріп, көріністер көрсетті.Оқушыларымен кітаптар еліне саяхат жасады.

       5-9 сыныптар арасында «Тапқырлыр мен білімділер » сайысы өткізілді.

       

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Мақсаты:оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті    арттыру,алдына мақсат қоя білуге баулу;оқушылардың ойлау, тыңдау,сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту; оқушыларды адамгершілікке , елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

                                                                            

Бұны білген жөн «Заң және мен» тақырыбында  танымдық сабақ өтті.                                                                  Мақсаты:1.Білімділік: оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуіне дайын болуы, іс-әрекеттің заңға сәйкестігін қадағалау қабілетін қалыптастыру.

2.Дамытушылық:Жеке тұлғаны дамыту, талдау,салыстыра білу қабілетін дамыту;заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.

3.Тәрбиелік:азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы  кез келген көріністерге  төзбеуге тәрбиелеу.

   Сабақ барысында Ата Заң қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы»-демекші ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің  де құқығын  бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды ,ақылды ұл-қызы болып өсу жайлы айтылды. Сонымен қатар тестік сұрақтарға жауап берді.

         

   Мектепте 27 - желтоқсан күні «Қош келдің , Жаңа жыл! » атты жаңа жыл мерекесіне арналған кеш өтті.

   Мақсаты:балалардың мерекелік көңіл күйлерін ояту;әр баланың мерекеге қатысуын қадағалап,мерекені балалардың естерінде қалатындай өткізу.

Безендірілген шырша,баяу музыка.Әр сынып сынып жетекшілерімен бөлек-бөлек ортаға шақырылды. Жаңа жылдық кешті көруге ата-аналар,мұғалімдер шақырылды. 

                             

   Барлық оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып Аяз-ата мен Ақшақардың  

  сыйлығына бөленді. Шырша мерекесі барлық оқушыларымызға көтеріңкі көңіл   

  – күй сыйлап қуантты. Ата-аналарымызда өз ризашылықтарын білдірді.           

 

      Оқу ісінің меңгерушісі:                       Искендирова С.А.

                    Тәрбие ісінің меңгерушісі:                        Какенова Ж.К.

Жаңартылған күні: 24.01.2020 15:54
Құрылған күні: 24.01.2020 15:54

Текст