«Баратай ауылының негізгі орта мектебі» КММ
2021-2022 оқу жылы
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің жартыжылдық сараптамасы
Бастауыш сынып –оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуының басты баспалдағы. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеу үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Сабақ беруде пәндерді оқыту технологиясынын жан-жақты қолдану- ұстаз білігі мен шеберлігі. Яғни, тәуелсіз елдің талапты ұрпағын тәрбиелеудегі жауапкершілік.
2021-2022 оқу жылындағы әдіс бірлестігінің тақырыбы: «Білімнің, біліктілік пен дағдылардың барлық жүйесін оқушылардың сапалы меңгеруін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»
Бастауыш сынып бағытының әдістемелік бірлестігінің мақсаты: «Оқушының жеке психикалық және дене бітімі ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінез-құлық уәждерінің әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушыны тұлға ретінде үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толықтай ашу».
Биылғы 2021-2022 оқу жылында Баратай негізгі орта мектебінің бастауыш әдіс бірлестігінде 6 мұғалім жұмыс істеді. 4 мұғалім жоғары білімді, оның ішінде педагог-зерттеуші- 2 мұғалім, 1 мұғалім-педагог-сарапшы және 1 мұғалім педагог-модератор. Екі мұғалімде арнаулы орта білімдері бар, соның ішінде 1 мұғалім педагог-модератор. Бірлестік мүшелері ұйымшыл, өз міндеттеріне жауапты қарайтын ұстаздар. Бірлестік жыл басында бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді. Әдістеме бірлестігінің барлық жоспарланған жұмыстары, жиналыстары өз уақытында өтілді.
Қыркүйек айында бастауыш сынып ұжымы нормативтік құжаттармен, әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды. Жаңа оқу жылына жұмыс жоспарлары талқыланып, бекітілді. Әрбір сынып жетекшілері пән бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспарларын құрып, бекітілді. Пән мұғалімдеріне тиесілі міндеттері бөлінді.
Әдістеме бірлестігінің 3 отырысы жоспарланған уақытында өтілді. Әр отырыста баяндамалар оқылып, пікірталастар жүргізілді. Бастауыш әдістеме мұғалімдері үнемі өз біліктілігін көтеру курстарынан уақытында өтіп тұрады. Сонымен қатар бастауыш әдіс бірлестігінің мұғалімдері аудандық, аймақтық семинарларға қатысып, тәжірибе алмасып отырады. Әдіс бірлестігі бойынша Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі қыркүйек айында атап өтілді. Мерекеге арнайы жоспар құрылып мектепішілік шараларға қатыстық. Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу, ана тілін білудің маңызына назара ауудару мақсаттарыында «Ана тілім-айбыным», «Табиғат-ғажап әлемі» тақырыптарында сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланып өткізілді.
Қазан айында Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына орай «Ы.Алтынсарин-ұлы тұлға» - атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. «Күз еркесі» тақырыбында ертеңгілік өтті. Күз байлығына арналған көрме ұйымдастырылды.
«Кім тапқыр?!» сайысына оқушылар жоғары белсенділікпен қатысты.Сайыстың мақсаты: оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау. Білімге,ғылымға деген қызығушылығын арттыру,оқушылырдың ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қараша айында бастауыш әдіс бірлестігінде «Дос болайық бәріміз!» атты іс-ш араны даярлық топ оқушыларының жетекшісі Какенова А.А. өткізді.
Желтоқсан айында тұңғыш Президент күніне арналған «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында сынып сағаттары және ҚР тәуелсіздігінің 30-жылдығына байланысты «Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім»-атты сынып сағаттары өткізілді.
Жаңажылдық мерекесі де биылғы жылда пандемияға байланысты әрбір сыныпта жеке өткізілді. Бұл іс-шара «Жаңа жыл шыршасы» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды. Оқушылар жаңажылдық суреттер салып,өлең мен тақпақтарын айтып жақсы көңіл-күймен бұл сабақтарға қатысты.
Сонымен қатар, жоспар бойынша қойылған ашық сабақтарды ұстаздар уақытында өткізді. Атап айтқанда бұл қараша айында 3-ші сыныпта математика пәнінен «Санның квадраты және кубы» ,мұғалімі-Искендир Г.А., ағылшын тілінен «Days of the week», мұғалімі-Есімсеитов Ж.Н. және 1-ші сыныптың мұғалімі Искендирова С.А -«Үйретеді әліппе 42 әріпке»- тақырыптарындағы сабақтар.
Өткізілген ашық сабақтардың ішінен ерекше назар «Үйретеді әліппе 42 әріпке» атты сабағына тоқталуға тура келеді. Себебі-биылғы оқу жылында 1-ші сынып оқушылары «Әліппе» оқулығы бойынша алғашқы білімдерін ала бастады. Былтырғы оқу жылдарында 1-ші сынып оқушылары «Сауат ашу» оқулығы бойынша оқитын болған. ІІ-ші тоқсанда 1-ші сынып оқушылары «Әліппе» оқулығын аяқтап, салтанатты түрде «Ана тілі» оқулықтарына ие болды. Барлық оқушылар өздерін сабақта жақсы ұстай білді, ойларын, жауаптарын еркін жеткізе білді. Жалпы барлық оқушылардың мектепке деген бейімделуілері жақсы дәрежеде екені анықталды.
Бастауыш әдіс бірлестігі бойынша 2-4-сынып оқушыларынан оқу техникасы жоспар бойынша алынды. Желтоқсан айында жартыжылдық оқу техникасы алынды. Оқушылар келесі мәтіндерді оқыды: 2-сынып-«Шымшық пен көртышқан»; 3-сынып «Алтын балта»; 4-сынып-«Құмға салған сурет». Мәтіндер оқушыларға таныс емес.
Оқу техникасын тексерудің нәтижесі:
Оқушының аты-жөні |
Сыныбы |
Оқыған сөздер саны |
Бағасы |
Бауыржан Адема |
2 |
27 |
3 |
Бауржан Айлин |
2 |
52 |
5 |
Абдығали Шыңғыс |
3 |
26 |
3 |
Оралбайұлы Нұрислам |
3 |
32 |
3 |
Марат Исламия |
3 |
33 |
3 |
Қазыбай Елдана |
3 |
84 |
5 |
Қали Аллаберген |
3 |
71 |
4 |
Таскенова Жасмин |
3 |
21 |
3 |
Бектас Әли |
4 |
98 |
5 |
Марат Нұрислам |
4 |
121 |
5 |
Сәліков Өмір |
4 |
83 |
5 |
Абдығали Шыңғыс, Оралбайұлы Нұрислам, Марат Исламия және Таскенова Жасмин және Бауыржан Адема оқу техникасының нормасына сәйкес оқи алмады. Алдағы уақытта осы оқушыларға оқу техникасын нормаға сәйкес жеткізу үшін қосымша мәтіндерді оқуға ұсынылды. Қалған оқушылардың оқу техникасы нормаға сәйкес келіп тұр.
Бастауыш сынып оқушыларының білім көрсеткіші
р/с |
сынып |
Үлгерімі |
Сапасы |
Сынып жетекшісі |
1 |
2-сынып |
100% |
100 % |
Искендир Г.А. |
2 |
3-сынып |
100% |
67 % |
Искендир Г.А. |
3 |
4-сынып |
100% |
69 % |
Какенова Ж.К. |
Жалпы бастауыш әдіс бірлестігінің сапалық үлгерім көрсеткіші-73%. Соның ішінде 3 оқушы үздік, олар: 2-ші сынып оқушысы Бауржан Айлин, 3-сынып оқушысы-Қазыбай Елдана, 4-ші сынып оқушысы-Марат Нұрислам.Үлгерімі жақсы оқушылар саны- 5 оқушы және үлгерімі орташа оқушылар саны-3 оқушы.Пән мұғалімдері үнемі білім сапасын көтеру мақсатында оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста және тиісті ескертулер уақытында айтылады. Жалпы бастауыш әдіс бірлестігі бойынша барлық жоспарланған іс-шаралар уақытында өткізілді, алдағы уақытта да жұмысымызды осы дәрежеден түсірмеуге бар күшін саламыз деген ниет бар.