«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылының оқу-тәрбие үрдісінің есебі
Мектептің әдістемелік тақырыбы: « Жеке тұлғаның білім сапасын арттыру және жан-жақты дамыту-заман талабы»
Мақсаты: 1. Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру.
2. Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту.
3. Ақпаратты технология мүмкіндіктерін пайдалана білуге дағдыландыру.
4. Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.
2023-2024 оқу жылында мынадай тапсырмаларды алға қойдық:
1. Мектеп контингентінің сипаттамасы
Мектепте 2023-2024 оқу жылы 21 оқушы білім алды, оның ішінде мектепалды даярлық сыныбында-оқушы жоқ , 1-9-сыныптарда 21 оқушы оқыды.
Бастауыш буында: 1-4 сыныптарда 8 оқушы оқып аяқтады.
Жоғары буында:5-9 сыныптарда 13 оқушы оқып аяқтады.
«Баратай негізгі орта мектебі»КММ-нің жанындағы шағын орталықта 7 бүлдіршін тәрбиеленеді. Барлық бүлдіршіндерге керекті жиһаздар мен балалардың жас ерекшелігіне қарай көрнекі құралдармен жабдықталған. Оқу-тәрбие жұмысын 1 тәрбиеші атқарады. Білімі; арнаулы орта, 2020 жылы педагог кадрлар біліктілігін арттыру курсынан өткен.
Мектепте сабақ бір ауысыммен оқытылады. Оқу жылының басынан бастап оқу жүктемесі 1-сынып-33 апта, 2-9 сыныптар 34 апта оқытылды. Сабақ кестелері мен қоңырау кестелері санпиннің нормаларына сәйкес құрылған.
2. Педагог кадрлардың сипаттамасы.
2023-2024 оқу жылының басынан мектебімізде 9 мұғалім еңбек етеді. Сапалық құрамы бойынша: 9 мұғалім жоғары білімді. Олардың ішінде: Педагог-зерттеуші – 4 мұғалім, 44%;
Педагог-сарапшы – 1 мұғалім, 11%;
Педагог-модератор – 2 мұғалім, 22% құрайды.
Әр ұстаздың биылғы оқу жылына арналған жылдық түйінді мәселелері бар, осы тақырып аясында жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатыр.
Мектепте үш әдістемелік бірлестік жұмыс істейді.
3.Оқушылардың үлгерімі және білім сапасы
Оның ішінде үздікке оқитын – 4 оқушы, екпіндіге оқитын – 10 оқушы, үлгермейтін оқушылар жоқ 100%, білім сапасының көрсеткіші – 73 % құрайды.
2022-2023 оқу жылындағы білім сапасының мониторингі
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті»,-деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздерді бізге мұра болып қалды. Мектеп ұстаздары атақты ойшылдарымыздың нақыл сөздерін басты назарға алып биылғы 2023-2024 оқу жылында жұмысын бастады. Биылғы оқу жылында барлық мұғалімдер күнтізбелік жоспарларын бекітіп, сол бойынша жұмыс жүргізілуде. Биылғы оқу жылында бастауыш сынып оқушылары оқулықтармен түгел қамтамасыз етілді. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында, оқушылардың коллиграфиясын жақсартуда, оқу дағдысын арттыруда әр мұғалім өз оқушыларымен жұмыс жасадs.
1-қыркүйек Білім күніне арналған “Сәлем саған,алтын ұя мектебім” атты салтанатты жиын өтті.
Жиын соңынан сыныптарда “Мектебім-мейірім мекені” атты сынып сағаттары өтті.
Сонымен қатар қыркүйек айында тілдер мерекесіне арнап бастауыш сынып оқушылардың арасында «Ауылым-алтын бесігім» атты суреттер көрмесін Какенова Жанар Каримжановна ұйымдастырды. Бұл көрме -оқушылардың туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейту, туған жердің қадір – қасиетін ұғынуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, туған жеріне , еліне деген сүйіспеншіліктерін, сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілген болатын.
Көрме жасау алдында балалармен сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау әдістері қолданылды. Тақтада ауыл көрінісі бейнеленген сурет ілу арқылы өздерінің ойлары бойынша суреттер салуға ұсынылды. Оқушылар А4 парақ қағаздарына жоғары талпыныспен ауылдың бейнесін салды.
Айлық барысында “Бала тілі бал” атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
5-ші қазан ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған “Ұстаз ұлы тұлға” атты мерекелік іс-шара өтті.
Республика күні -мемлекеттік мерекесі ресми түрінде - 25 қазан болып бекітілді. Сондықтан біздің әдіс бірлестігімізде «Менің отаным-Қазақстан!» атты сынып сағаты өткізілді. Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту мақсатында сынып жетекшілер бұл іс-шараны өткізді. Іс-шараның барысында Қазақстан Республикасының картасы, рәміздердің суреттері, қанатты сөздер тиімді пайдаланды. Оқушылармен сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекіліктермен көптеген жұмыстар жүргізілді. Балалар үлкен қызығушылықпен қатысты.
Биылғы 2023-2024 оқу жылында бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.Аспазшы Сыздықова А.Е. оқушыларға арнап түрлі дәмді тамақтар пісіреді.
І тоқсан аяқталған соң әр сыныпта ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналысқа ата-аналар белсенді қатысып, І тоқсанның қорытындысымен танысты.Күзгі демалыс уақытындағы қолхатпен танысып, қауіпсіздік парақшасына қолдарын қойды.
Жалпы әдіс бірлестігінің білім сапасы І-ші тоқсанның қорытындысы пайызды құрды. Соның ішінде 4 үздік, 2 екпінді оқитын және үштері бар оқушылардың саны -1. 1-ші сынып оқушылары бағаланбайды. Биылғы оқу жылында 2-ші сынып оқушылары жаңартылған оқу бағдарламасы бойыншы оқытылып жатыр. Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес 2-ші сынып оқушылары толық жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар осы сынып оқушылары биылғы жылда бірінші рет бағаланып отыр. Оқу процесіннің нәтижесі бойынша 4-ші тоқсанды балалар келесідей аяқтады:
Жалпы бастауыш әдіс бірлестігі бойынша білім сапасы 83% көрсетті. Соның ішінде 4 үздік (Бауржан Айлин,Букенова Ақерке, Бауржан Кәусар, Берік Гауһар), жақсы оқитын оқушылар саны-1, ол: (Секен Дильназ), «3» деген бағалары бар оқушылардың саны:1, ол: (Дулат Нұрали). Сыныптар бойынша сапалық білім көрсеткіштері келесідей: 2-сынып- 100 %, 3-сынып-50 %, 4-сынып 100%.
Сонымен қатар биылғы оқу жылының 4 тоқсанында ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері: “Kemenger ustaz KZ” республикалық ғылыми әдістемелік журналына материал жариялағаны үшін Искендирова Сулушаш Ауталипқызы Алғыс хат және сертификатпен марапатталды.
“Кенгуру” ойын-конкурусына қатысқаны үшін 2-сынып оқушылары Бауржан Кәусар мен Берік Гауһар сертификат жән І дәрежелі дипломмен қоса сынып жетекшісі Какенова Жанар Каримжановна марапатталды және 4-сынып оқушысы Бауржан Айлин қатысып cертификат және І дәрежелі дипломмен қоса сынып жетекшісі Искендирова Сулушаш Ауталипқызы марапатталды.
Қараша айында күзгі демалысқа арналған іс-шаралар өткізілді.Жоспар бойынша бастауыш сыныптар арасында “Балалар кітапханасы” аясында “Ізгілікке қалам тартқан жас қалам тақырыбында кітапханашы Оспанова Т.С. әңгіме өткізді.
8-қараша “Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” ақпараттық науқанның
ашылу салтанаты болды.Осы жиынға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты.
Осы науқанның аясында Искендирова С.А. “Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырды.Мақсаты: қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.
қараша Ұлттық валюта теңге күніне орай 1-4 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты оқушыларға ұлттық валюта елдің өткені, бүгінгісі мен болашағын бейнелейтіні туралы айту, жаңа мағлұматтар беру.
Қараша айында1,2-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Какенова Ж.К. “Ұлттық ойын-халық қазынасы” тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Мақсаты:Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағұлмат беру;ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру;ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу. Құндылықтар: Ұлттық мүдде: Ұлттық мұраға ұқыпты қарау.
Талап: Салауатты өмір салтын ұстану.
Қолданылған көрнекіліктер:
Ұлттық ойын түрлері салынған сурет, ұлттық ойынға байланысты буклет, музыкалық аспап,слайд.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың сабаққа назарын аудару
Кіріспе сөз:-Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Оқушылар сынып сағатына белсенді қатысты.Сабақ соңыңда оқушыларға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бабаев К.М. ұлттық ойындардың бірі «Асық ату», «Бес табан» ойындарын ойнатты.
22-қараша «Тоқта!Зорлық зомбылық» деген тақырыппен 1-9 сынып оқушыларының арасында эстафеталық жарыс өтті.Жарыс дене шынықтыру пәні мұғалімі Бабаев К.М. ұйымдастыруымен өтті.Мақсаты:ойын кезінде өзін өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Тәрбиеші Какенова А.А. ұйымдастыруымен «Айгөлек» шағын орталығында «АЛТЫН КҮЗ» мерекелік ертеңгілік өтті.
5-желтоқсан «Айгөлек» шағын орталығының жетекшісі Какенова А.А. бүлдіршіндермен «Мен санауды үйренем» ойынын ұйымдастырды.
20-желтоқсан 3,4-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Искендирова С.А «Мейірімділік құндылығы» атты ашық сынып сағаты туралы ақпарат
Сабақтың мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Ұлттық мүдде: Отбасының, өз ортасының абыройын асыру
Талап: Білуге, жаңаны тануға құштар болу.
Сынып сағаты барысында: І.Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын - туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір - біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытты өмір сүреді деген өсиет сөздер талданды.
ІІ. «Әңгімелесейік» бөлімінде
• Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
• Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
• Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
ІІІ.Мәтінмен жұмыс«Жай ғана әжей» әңгімесі бөлімінде
• Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
• Бұл оқиғадан не үйрендің?
• Абзал мен Айнұрдың ой - пікірлері туралы не айтасыңдар?
«Табиғаттағы барлық жылу – күннен Өмірдегі барлық жылу - адамнан»
ІҮ. Жағдаяттарды талдау
Ү. Тренинг
ҮІ. Оқушылар шеңбер құрып, жүрекшелерін бір - біріне беріп өз жүректеріне рахмет айтты.
ҮІІ. Қорытынды бөлімінде: Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын, бізді мектепке келгенде білім беріп, тәрбиелеп жатқан мұғалімдерімізге арнап өлеңмен аяқтадық.
Қорытынды бөлім: Кітапты шала – шарпы оқу зиян. Шала оқысаң, оқуың бойыңа жұқпайды. Ылғи шала – пұла, тез оқуға әдеттеніп алсаң, кітап оқуға кеткен еңбегің еш болады. Сондықтан сендерге айтарым: кітапты шала оқымаңдар. Бастаған кітабыңды аяғына дейін оқитын бол.
4-желтоқсан «Бұрымды қыз» челленджіне 3-сынып оқушысы Букенова Ақерке қатысты.
27-желтоқсан «Төрлет Жаңа 2024 жыл» атты ертеңгілік 1-9 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушыларға келер жылдың ерекшелігі тулары айту.
ІІ тоқсан аяқталған соң әр сыныпта ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналысқа ата-аналар белсенді қатысып, ІІ тоқсанның қорытындысымен танысты.Сыныпта жеке өткен жиналыстан соң барлық сыныптардың ата-аналарымен жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыс барысында қысқы каникул кезіндегі өткізілетін іс-шаралар жоспарымен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды және ата-аналар қауіпсіздік парақшасына, хаттамаға «таныстым» деп қолдарын қойды.Жиналыс соңында ата-аналар мен ұстаздарға арналған тренинг өтті.
Мақсаты: Қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ананың баласына деген сенімін ояту, оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.Тренинг ата-аналардың көңілін көтеріп,жақсы көңіл-күй сыйлады.
Мектепте оқушылар бірмезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.Жаппай біліммен қамту қорынан балалар тегін тамақпен тамақтанады.
Күзгі демалыс уақытында өткізілген іс -шараның тақырыбы "Ізгілікке қалам таратқан... жас ғұмыр" "Балалар кітапханасы"
# roo_zer
#Күзгідемалыс
https://www.instagram.com/p/CzK7qbAoVvS/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
2."Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқанның ашылу салтанаты.
#баратайнегізгімектебі
#Қатыгездікпензорлық-зомбылықсызбалалықшақ_ақмола #Детствобезжестокостиинасилия_акмола #Қатыгездікпензорлық-зомбылықсызбалалықшақ_зеренді #Детствобезжестокостиинасилия_зеренда
https://www.instagram.com/p/CzYYmwQMKnR/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
3."Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"тақырыбында бастауыш сыныптар арасында сынып сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.
Өткізген бастауыш сынып мұғалімі Искендирова С.А
#roo_zer2
#nurova_dinara
#nursulu_botina
#Қатыгездікпензорлық-зомбылықсызбалалықшақ_ақмола
#Детствобезжестокостиинасилия_акмола
#Қатыгездікпензорлық-зомбылықсызбалалықшақ_зеренді
#Детствобезжестокостиинасилия_зеренда
https://www.instagram.com/p/Cza_N_SMXKz/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
5."Еркін тыныс ал!"жалпы республикалық флешмоб
#еркінтынысал
#бізтемекішегугеқарсымыз
https://www.instagram.com/reel/Cz3XPQ5MFMF/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
6."Қатыгездік және зорлық зомбылықсыз балалық шақ" науқаны аясында мектепте "Тоқта ! Зорлық зомбылық!" деген тақырыппен эстафеталық жарыс өтті. Жарысқа 1 -9 сынып оқушылары қатысты,
Іс шараның мақсаты: Ойын кезінде өзін өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Эстафеталық жарыс Дене шынықтыру пәні мұғалімі Бабаев Кенжеболат Мималыұлының ұйымдастыруымен өтті.
https://www.instagram.com/reel/Cz8NSvsNgrp/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
7.--"Айгөлек"шағын орталығы
"Мен санауды үйренем" ойыны
Тәрбиешісі Какенова Ажар Айдарбековна
#roo_zer2
#nurova_dinara1987
https://www.instagram.com/p/C0doR7TMY6E/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
8.Ашық тәрбие сағаты.
Тақырыбы "Мейірімділік құндылығы"
Мақсаты: оқушылардың бойында адамгершілік, мейірімділік, ұлттық тәрбие туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақ барысында оқушыларды қайырымды іс жасауға, оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болуға амалдар жасау қадамдары туралы айтылды.
Өткізген Искендирова Сұлушаш Ауталипкызы
Құндылықтар
-Талап: Білуге, жаңаны тануға құштар болу;
-Ар-ұят достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;
#roo_zer2
#nurova_dinara1987
#nursulu_87082194864
#біртұтас_тәрбие
https://www.instagram.com/p/C12Q5g4sffK/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
97Жаппай білім қорынан тегін тамақ
Мектеп асханасы. Зеренді ауданы Баратай НОМ
# too_zer2
#nurova_dinara1987
#nursulu_87082194864
https://www.instagram.com/p/C11ZjJDM0Fy/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
10."Айгөлек"шағын орталығы "АЛТЫН КҮЗ"
Тәрбиешісі Какенова Ажар Айдарбековна
#roo_zer2
https://www.instagram.com/p/C0dpJd3MgG_/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
11.“Бұрымды қыз" челленджі Баратай НОМ 3-сынып оқушысы Букенова Ақерке
#оқуағартуминистрлігі
#зерендібілімбөлімі
#біртұтас_тәрбие
#nurova_dinara1987
#nursulu_87082194864
#бұрымдықыз
https://www.instagram.com/reel/C01i8_ZMpjS/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
12."Төрлет жаңа 2024 жыл"ертеңгілігі
Мақсаты: оқушыларға келер жылдың ерекшелігі туралы айту.
Ұйымдастырушылар: Искендирова Сулушаш Ауталипкызы, Айтбаева Қарақат Жанеткызы
Ар-ұят
- отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну;
Талап
- білуге, жаңаны тануға құштар болу;
#біртұтас_тәрбие
#aqmoedu
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#zerendi_bilim_bolimi
#nursulu_87082194864
https://www.instagram.com/p/C1XOTrGMkx_/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
13.--Ақмола облысы Зеренді ауданы Баратай ауылының негізгі орта мектебі
Ата-аналарды педагогикалық қолдау ұйымының жетекшісі Искендирова Сулушаш Ауталипкызы
Тақырыбы: "Менің отбасым-сыйластық орнаған ортам"
Мақсаты: отбасында ата-аналардың баланың әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауға, бала тәрбиесіне жеткілікті уақыт бөлу, жауапкершілікті арттыру.
Талап:
- дұрыс қарым-қатынас орната білу;
Ар-ұят
- әдеп нормаларын ұстану;
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani_beisembaev
#medetbekova_meruert
#aqmoedu
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
@zerendi_bilim_bolimi
@nursulu_87082194864
https://www.instagram.com/p/C1XJ20RMPF5/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
14.Ашық тәрбие сағаты.
Тақырыбы:"Ұлттық ойын-халық қазынасы"
Мақсаты: Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру; ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып жарыс түрінде көрсетіп қызығушылығын арттыру;
ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шындай түсуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар ұлттық ойындармен танысты.
Сынып сағатын өткізген Какенова Жанар Каримжановна.
Құндылықтар:
-Ұлттық мүдде
-Талап
#roo_zer
#nurova_dinara1987
#nursulu_87082194864
#біртұтас_тәрбие
https://www.instagram.com/p/C12llARs6Re/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
2023-2024 оқу жылында Баратай негізгі орта мектебінде тамыз айында мектеп оқушыларына оқулықтармен қамтамасыз етілді. Жаңа оқу жылының басында барлық сыныптарға оқулықтар таратылды . Жаңа оқу жылындағы оқушылар саны -22. Жетпеген оқулықтарды басқа мектептерден қабылдау -тапсыру, алмасу актісі бойынша алынды. Қазір барлық оқушылар жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқулықтармен 100 пайыз қамтылды .
Кітапханашы 1-2сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру жұмысын жүргізді. Кітапханалық – библиографиялық білімдерді насихаттау ісі- оқушылардың кітап оқуына басшылық ету ісінің табиғи бөлігі болып табылады . Кітапханашы оқушыларды 2023-2024жылы түскен жаңа ертегілер кітаптарымен таныстырды. Оның мақсаты: балаларды оқу гигиенасына дағдыландыруға, кітапты күтіп ұстауға, оны дұрыс таңдауға , кітапхана қорын пайдалана білуге тәрбиелеу.
«Бәсекеге қабілетті тіл -қазақ тілі» Республикалық тілдер мерекесіне орай кітапханада кітап көрмесі жасалды.
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін түсініп , оның адам өміріндегімаңыздылығын ұғуға үйрету. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу.
Мектебімізде қазан айында ұлы ақын Абайдың шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім -ғұлама ақын , данышпан» атты тақырыпта танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты : Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыздың өмір жолы мен шығармашылығының тарихи мазмұны мен мағынасы туралы білімдерін жетілдіру.
Сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлық, поэзия сөйлеу мәдениетін , шешендік өнерге деген құштарлық, поэзияға деген құмарлықтарын ояту. Ақын өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу .
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірімен таныстыру . Оқушылардың білім алып қана қоймай, халқымыздың асыл да, абыройлы қасиеттерін, құндылықтарын бойына сіңіру.
Танымдық сабақ барысында ақынның өмірімен таныстырылып , ақын ұрпақтары туралы айтылды. Ақынның шығармашылығына шолу жасап. Кей өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқыды. Ақынға арналған презентация көрсетілді.
«Оқуға құшар мектеп» жобасы бойынша «Мен кітап оқығанды жақсы көрем» атты тақырыпта 1-4 сыныптар арасында 10 минуттық кітап оқу өткізілді.
Мақсаты : кітап оқу баланың ой -өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді,сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамушылық қызметін анықтайды . баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесіп , алын ала бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін белгілеп, оны ата- анасы өздері ұсынуға болады. Баланы жас кезінен кітапты құрметтеуге және оны күтіп ұстауға баулыған жөн.
Кітапқа , әсіресе , оқулықтартарға аялап қарау -оқырмандардың бірінші парызы.
Оқулықтар жиі қолданылатындықтан , ұқыпсыз ұсталса, кітаптар алғашқы күйін жоғалтып,тез ескіреді және әрі қарай қолдану қолайсыз болады. Оқулықтарды сақтау және оларды ұзақ қолдану – өте маңызды мәселе . мектеп кітапханашысы және 8-сынып оқушысы Сейтқали Махаббат 1-9сынып оқушыларының оқулықтарының сақталуы мен жағдайын тексеру мақсатында оқулықтардың тазалағын тексеру рейд өткізілді. Оқушылар оқулықты таза ұқыпты ұстауда, кітаптары таза және тысталған. Оқушыларға кітапханашы кітапты ұқыпты ,таза ұстауын ескертті.
Оқуға құштар мектепт жобасы бойынша 2 -4 сыныптар арасында « Менің сүйікті кітабым» атты тақырыпта кітап көрме жасалды . Мақсаты :Оқушыларды кітап оқуға ,оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру . ертегілеоқу дар арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу. Оқушылардың оқу дағдысын , сауаттылығын қалыптастыру. Кітап оқуду насихаттау және оқуға шақыру , жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбиелеу. Кітап оқуға басшылық жасау. Оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру.
«Асыл ұстаз, жазушы» атты С.Көбеевтің 145жылдығына арналған танымдық сабақ өткізілді . танымдық сабақ барысында оқушыларға жазушының өмірі мен отбасы туралы айтылып, шығармашылығына және ұстаздық еңбегіне байланысты презентация көрсетілді, жазушының еңбектеріне шолу жасалды. Мақсаты: автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту. Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру; ақын -жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі -өнеге алуға шақыру .
«Тәуелсіздік ел тірегі -білімді ұрпақ атты тақырыпта кітапханада кітап көрмесі жасалды. Мақсаты: оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендеуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Оқушыларды Отанды сүюге турбиелеу , туған елін ,жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. Оқушылардың ой -өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру , белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру
Желтоқсан айында Жазушы , Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы – ұлы тұлға» атты тақырыпта кітапханада кітап көрме қойылды. Мақсаты:Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының өмірі, шығармашылығымен таныстыру. Оқушыларды ерлікке, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу. Момышұлының еңбектерін, ерліктерін оқыту арқылы ой -өрісін, сөйлеу мәнерін білім -Білік дағдыларын дамыту.
Жоғарғы сыныптар пәндер бірлестігі де оқу сапасын жақсарту үшін өз үлесін қосып жатыр.
Мақсаты: «Білім берудің жаңашыл жетістіктерін пайдаланып, оқушыларға нәтижелі білім беру»
Міндеттері:
- Оқу процесін жоғары дәрежеге көтеру үшін сабақта жаңа әдістерді қолдану;
-Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау үшін, әдістемелік семинар, тәжірибе
алмасу, әр мұғалім өз мамандығы бойынша жан-жақты іздену;
- Әдістемелік ақпарат көздерін пайдаланып, білім жетілдіру курстарында болған
жаңалықтар бойынша әдістемелік отырыстарда талдау жасау, сараптау;
Қазіргі уақытта жоғарғы сыныптар әдістемелік бірлестігінің құрамына 10 мұғалім жұмыс істейді.
2023-2024 оқу жылындағы жоғарғы сыныптар пән мұғалімдерінің сапалық құрамын төмендегі кестеден көруге болады:
Жоғарғы сыныптар әдістемелік бірлестігінің құрамындағы мұғалімдердің
сапалық құрамы.
Р/с |
Аты-жөні |
Туған жылы, айы,күні |
Білімі
|
Бітірген оқу орны, мамандығы диплом бойынша, жылы |
Сабақ беретін пәні |
Пед. өтілі |
Санаты |
1 |
Айтбаева Қарақат Жанетқызы |
01.10. 1970ж |
Жоғары |
Павлодар педагогикалық университеті 2022ж Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
Бастауыш сынып мұғалімі,музыка жіне аға тәлімгер |
34 |
Педагог модератор-2020ж |
2 |
Бабаев Кенжеболат Мималымұлы |
15.07. 1969ж |
Жоғары |
Көкшетау пед. Университеті 2002ж.Құқық және экономика |
Құқық, дене шынықтыру, көркем еңбек |
30 |
|
3 |
Есимсеитова Гульзағила Ермановна |
05.11. 1964ж |
Жоғары |
Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау пед. Институты 1987ж Қазақ тілі мен әдебиеті |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
36 |
Педагог-зерттеуші-2019ж |
4 |
Есимсеитов Жанат Нурланович |
26.08. 1979ж |
Арнаулы орта |
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледж, шетел тілі 2001ж |
Ағылшын тілі |
17 |
- |
5 |
Какенова Жанар Каримжановна |
07.09. 1971ж |
Жоғары |
Көкшетау университеті бастауыш оқытудың пед. Мен әдістемесі 2010ж |
Бастауыш сынып мұғалімі |
33 |
Педагог-зерттеуші-2019ж |
6 |
Какенова Ажар Айдарбековна |
01.01. 1969ж |
жоғары |
Көкшетау университеті,2007ж педагогика және бастауыш оқыту методикасы |
информатика |
27 |
- |
7 |
Искендирова Сулушаш Ауталипқызы |
18.09 1972ж |
Жоғары |
Көкшетау университеті,2008ж педагогика және бастауыш оқыту методикасы |
Бастауыш сынып мұғалімі |
21 |
Педагог-зерттеуші-2019ж |
8 |
Садвакасова Толқын Қабдрахмановна |
21.10. 1971ж |
Жоғары |
Қарағанды мемлек.универ. 2004ж химия |
Химия |
33 |
Педагог-зерттеуші-2019ж |
9 |
Тажибаева Гульнар Толегенқызы |
08.02. 1966ж |
Жоғары |
Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау пед. Институты 1989ж математика және физика |
Математика физика,
|
35 |
Педагог-сарапшы 2020ж |
10 |
Ташмағанбетова Жанна Кусаиновна |
14.11. 1976ж |
Жоғары |
«Көкше» академиясы, 2013 ж. Тарих мұғалімі |
Тарих , жаратылыстану. География |
12 |
Педагог-модератор-2019ж |
Ағымдағы оқу жылының қыркүйек айының басында жоғарғы сыныптар пәндер бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып, бекітілді. Сонымен қатар пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарлары қаралып, бекітуге жіберілді.
1-қыркүйек Білім күніне арналған “Сәлем саған,алтын ұя мектебім” атты салтанатты жиын өтті.
Жиыннан кейін әр сыныпта «Мектебім мейірім-мекені» атты тәрбие сағаттары өтілді.
Қазақстан Республикасы Халқының Тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде 5-16 қыркүйек аралығында Тілдер фестивалі өткізілді Тілдер фестивалінің ашылу салтанаты 5 қыркүйек күні өтті. Ашылу салтанатына мектептің барлық оқушылары қатысты. Ашылу салтанатында ҚР тұратын ұлттар мен ұлыстар туралы мәліметтер берілді Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Есимсеитова Г.Е ұйымдастыруымен «Тіл -халық мұрасы» атты танымдық сабақ өткізілді,соңында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді.Оқушылар қызыға қатысты.
5-кыркүйек күні мектебіміздің кітапханасында «Жарық жұлдыздар» атты Сұлтанмақмұт Торайғыровтың 130 жылдығына, Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына, Оралхан Бөкейдің 80 жылдығын, Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығана, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
6 қыркүйек 7-9-сынып оқушылары арасында «Ана тілім құдыретім» атты эссе байқауы өткізілді. Мақсаты Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,туған тіліне деген
құрмет.сөздік қорын дамыту
Онкүндік барысында 7 қыркүйек күні мектебімізде Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығына арнап саяхат сабақ ұйымдастырылды.Сабақ барысында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттегі еңбегі туралы және отбасы туралы
мағлұматтар беріліп, презентация көрсетілді.
13 қыркүйек күні «Ауылым-алтын бесігім» бастауыш сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді, оқушылардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды.5-9-сынып оқушылары арасындаТашмағанбетова Ж.Қ зияткерлік «Жүзден жүйрік» ойынын өткізді. 14 қыркүйек күні «Бала тілі - бал» атты мәнерлеп оқу сайысын бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтті.
14 қыркүйек күні мект еп оқушылары арасында «Полиглот» байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты:Оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу.Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз тілін қадірлеуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу. Ағылшын, қазақ тіліге деген қызығушылығын арттыру.
Жеңімпаз оқушылар марапатталды. 16 кыркүйек күні онкүндіктің қорытындысы ретінде «Фестиваль народов Казакстана» атты мерекелік концерт болды. Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттырамыз.
Б.Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.
Қазан айында мектебімізде М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кеш өтті. Мақсаты ұлы ақынның өмірі мен шығарашылық жолымен таныстыру, оқушылардың дүниетанымын, сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқи білуін дамыту. М.Жұмабаев өлеңдері арқылы оқушыларды туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу. Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалып, презентация көрсетілді.Кеш соңында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Қазан айында оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру ,достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу мақсатында «Күзгі ойындар-2023» көңілді эстафеталық сайыс өткізілді.Сайыс соңында командалар грамотамен марапатталды.
Сонымен қатар қазан айында тарих пәнінің мұғалімі Ташмағанбетова Ж.Қ. оқушылардың білімін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденушілікті арттыра отырып, ой-өрістерін кеңейту,сабақта алған білімін, білік дағдыларын шығармашылықпен пайдалану, тіл байлықтарын молайту, жаттығу жұмыстары арқылы білім дағдыларын өз беттерінше еркін қолдануын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту, ізгілікке, ынтымаққа, өзара сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында «Жүзден жүйрік» атты танымдық сайыс сабағын өткізді.
\
І тоқсан аяқталған соң әр сыныпта ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналысқа ата-аналар белсенді қатысып, І тоқсанның қорытындысымен танысты.Күзгі демалыс уақытындағы қолхатпен танысып, қауіпсіздік парақшасына қолдарын қойды.
. Ағымдағы оқу жылының қараша айының басында жоғарғы сыныптар пәндер бірлестігінің екінші отырысы өтті. Отырыста пән мұғалімдері 1-тоқсанның білім және жазба жұмыстары жайлы хабарлама жасады және 9-сынып оқушылларының ББЖМ-ға дайындық барысына тоқталып өтті.
Қарашаның 13-нен-17-сі аралығында мектепішілік олимпиада өтті. Осы өтілген олимпиаданың нәтижесі бойынша 1-орын алған төмендегі оқушылар аудандық олимпиадаға қатысуға ұсынылды. 5-сынып Қали Аллаберген Қазақстан тарих пәні бойынша, 6-сынып
Бектас Әли Қазақ тілі пәні бойынша, 7-сынып оқушысы Берік Дидар және 8-сынып оқушысы Тақау Нұрсұлтан шетел тілі пәні бойынша .
Қараша айында музыка пәнінің мұғалімі Айтбаева Қ.Ж. 5-9 сынып окушыларымен дәстүрлі өнер түрлерін окытып,үйрету арылы окушылардың ұлттык психологиясын калыптастыру, ән-күй бейнелеу өнері,еңбекке баулу,пәндерінің байланысы аркылы өнерге баулу,ән –күй тарихына токтала отырып,осы саладағы тарихи тұлғаларды үлгі тұтып ,туған жерді сүюге тәрбиелеу мақсатында «Ән –күй халык қазынасы»деген такырыпта сайыс сабак өткізді.
Сонымен қатар қараша айында жаратылыстану пәндер бірлестігі бойынша апталық өтті.
Апталықтың мақсаты: Сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.
Апта ағымында 5-9 сыныптар арасында математика пәнінің мұғалімі Тажибаева Г.Т. «Математикалық сандық» атты топтық сайыс өтті. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен шарада “Таныстыру”, “Бәйге”, “Математикалық хоккей”, “Ғажайып алаңы”, “Кім жылдам” , «Минитест» кезеңдер бойынша сайыс түрлері өтті.
https://www.instagram.com/p/C16tQBOsHFD/?igsh=a2tkZ24zNGZ1ejBl
Апталық жоспарына сәйкес химия пәнінің оқытушысы Садвакасова Т.К химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану мақсатында «Химиялық өрнек» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды..
Апталық аясында ХХI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой-өрісі дамыған азаматты қалыптастыру,жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу,оқушының пәнге қызығуын ойлау қабілетін дамыту, мектептің көшбасшысын анықтау, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету мақсатында география пәні оқытушысы Ташмаганбетова Ж. К. ұйымдастыруымен “Қазынаға жол» сайыс сабағы өткізілді.
https://www.instagram.com/p/C1BnmZvMQcl/?igsh=MzRlODBiNWFlZA=
Биология пәні мұғалімі Какенова Ж.К 7-9-сыныптар арасында «Қызықты биология» танымдық сайысын ұйымдастырып, оқушыларды биология ғылымының қызықты мәліметтерімен таныстыру және білімді, білікті болуға, шапшаңдыққа, алғырлыққа, тез ойлауға, достарымен топтасып жұмыс жасауға баулу мақсатында көңілді іс-шаралар өткізді. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: «Таныстыру»,«Ғажайып ондық» кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеледі. «Образға ену», «Не жетпейді?»,«Анықтама бюросы», “Биологиялық пошта”,“Ізденіс”,“101 жұмбақ”,«Шешендік»
Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру,шығармашылық ізденістерін арттыру, өз білімдерін дамытуға, бір - бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелелеу мақсатында өткізілген «Информатика дарабозы» ойынға 5-9 сынып оқушылары қатысып “Бәйге”, “Тіл-өнер”, “Көкпар” және “Жорға” кезеңдері бойынша білім сайысына түсті.
Оқушылар екі топқа бөлініп робот құрастырып жарысты.Сайыс өз дәрежесінде өтті. Сайыс балаларға ұнады.
Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен,сыйлықтармен марапатталды. Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Қарашаның 27-ші жұлдызында Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І-кезеңіне төмендегі оқушылар қатысты Тақау Мақсат математика пәні бойынша қатысып 35 баллмен ІІ кезеңге өтті. Сыздық Омар Қазақстан тарихы пәнінен қатысып 39 балл алды, ал Таскенов Мәди Қазақ тілі пәнінен қатысып 6-балл алып қатысқандары үшін сертификат алды.
Желтоқсан айында орыс тілі пәнінің мұғалімі Искендирова С.А. оқушылардың ой-өрісін кеңейту,орыс тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, қисынды ойлауға дағдыландыру мақсатында «Веселая грамматика» сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрды:
1 кезең «Сұрақ-жауап»
2 кезең «Қызықты тапсырмалар»
3 кезең «Шарада»
4 кезең «Мақалды жалғастыр...»
5 кезең Метаграммы
6 кезең «Үшінші артық»
7 кезең «Ойын-сұрақтар»
8 кезең «Сострадание» сөзінен мағыналы сөздер шығару
ҮІІ. Қ орытынды бөлімінде: алға шыққан оқушылар марапатталды.
21-ші желтоқсанда 9-сынып оқушысы Сыздық Омар мен 7-сынып оқушысы Кенжеболат Жалғас география пәнінен аймақтық олимпиадаға қатысып қатысқаны үшін сертификат алды.
ІІ тоқсан аяқталған соң әр сыныпта ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналысқа ата-аналар белсенді қатысып, ІІ тоқсанның қорытындысымен танысты.Қысқы демалыс уақытындағы қолхатпен танысып, қауіпсіздік парақшасына қолдарын қойды.
Қаңтар айында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Такауова Айгерим Болатбекқызы 5-7–сыныптар арасында «Welcome our Lesson » тақырыбында сайыс сабағын өткізді.
Мақсаты : Оқушылардың өткен лексико- грамматикалық материалдарын ойын арқылы бекіту, ауыз-екі сөйлеу дағдасын қалыптастыру .
Ойын арқылы пәнге деген қызығышылуғын арттыру, ойлау,сөйлеу, тыңдау,қабылдау дағдыларын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту
Ақпан айында оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорытындылау, әртүрлі сұрақтар беру арқылы биология пәні бойынша білімдерін, шығармашылық қабілетін, дүниетанымдығын дамыту, шапшаңдыққа, тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізуге, биологиялық тілде сөйлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Ғажайып биология» атты тақырыпта сайыс өткізді.
Сайыс кезеңдері:
І кезең – «Таныстыру»
ІІ кезең – «Сен білесіңбе» ширату сұрақтары.
ІІІ кезең –«Кім шапшаң» Тапқыр болсаң тауып көр.
ІҮ кезең –«Тіл білгірі» үш тілділік
Наурыз айында гуманитарлық пәндер бірлестігі бойынша апталық өтті.
Күні |
Өткізілетін іс-шара |
сынып |
түрі |
уақыты |
жауапты мұғалім |
Дүйсенбі |
1.Апталықтың ашылу салтанаты 2. «Тарих әлеміне саяхат» |
5-9 |
Топтық сайыс |
наурыз |
Ташмаганбетова Ж.К. |
Сейсенбі |
«Турнир знатаков русского языка» |
5-6 |
Сайыс |
наурыз |
Искендирова С. А. |
Сәрсебі |
«Сөз қадірі, өз қадірің» |
7-9 |
Әдеби кеш |
наурыз |
Есимсейтова Г.Е. |
Бейсенбі |
«Fairy tales» |
7-9 |
Ертегі |
наурыз |
Такауова А.Б. |
Жұма |
«Вальстің королі-Шәмші» |
5-9 |
Кеш |
наурыз |
Айтбаева Қ.Ж. |
1-күн. 1. Апталықтың ашылу салтанаты
2.Тарих пәнінің мұғалімі Ташмаганбетова Ж.К. оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру, туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу мақсатында «Тарих әлеміне саяхат» атты топтық сайыс өткізді.
Сайыстың ұраны:
«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет»
Ш.Уәлиханов.
2-күн. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Искендирова Сулушаш Ауталиповна оқушылардың ой-өрісін кеңейту,орыс тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, қисынды ойлауға дағдыландыру мақсатында «Турнир знатаков русского языка» сайысын өткізді.
3-күн. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Есимсеитова Г.Е. «Сөз қадірі, өз қадірің» атты әдеби кеш өткізді. Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту,ана тіліміздің қадір-қасиетін дамыту, ана тілін құрметтеуге, топ алдында еркін сөйлеуге баулу, халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу, озық ойлы оқушыны анықтау, танымдық көзқарасын қалыптастыру.
4-күн Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Такауова А.Б. « Fairy tales» деген тақырыпта ертегі сабақ өткізді. Оқушылар ағылшын тілінде еркін сөйлеп ертегіні тамаша көрсетті.
5-күн. Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Айтбаева Қарақат Жанетқызы «Вальстің королі-Шәмші» атты тамаша кеш өткізді.
Наурыз айында математика пәнінің мұғалімі Тажибаева Г.Т. «Қызықты математика» сайысын өткізді. Мақсаты; Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру. Оқушыларды оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту.
Оқушылар екі топқа бөлінді. І-топ «Бірлік» ІІ-топ «Натурал»
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрды:
1-кезең: “Бәйге” – Сұрақ – жауап.
2-кезең: “Жорға” – Амал таңбаларын қою.
3-кезең: “Көкпар” сайысы 3 бөліктен тұрады.
1.Жұмбақ есептер шешу. 2. Математикалық есептер шешу. 3. Логикалық есептер шешу.
4-кезең: «Кім жылдам?» Суретте қанша үшбұрыш бар екенін табу.
Сайысқа топтар қызығушылықпен қатысты.Сайыс соңында топтар марапатталды.
Сәуір айында химия пәнінің мұғалімі Садвакасова Т.Қ. «Құпияға толы химия елі» атты сайыс өтті.Информатика пәнінің мұғалімі Какенова А.А. «Информатика-ақпараттар ғылымы» тақырыбында сайыс өткізді. айында география пәнінің мұғалімі Ташмағанбетова Ж.Қ. «Жас географ» сайысын өткізді.
Әр тоқсан аяғында бірлестіктің кезекті отырысында бірлестік мұғалімдері пән бойынша білім сапалары туралы және жазба жұмыстары жөнінде есебін берді
Әр тоқсан сайын пәндер бойынша ТЖБ (тоқсандық жиынтық бақылау) және тест жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар мектебімізде 26 мамырдан бастап 17 маусымға дейін «Жазғы мектеп» жұмыс жасады. Оқушылардың ата-аналардың өтініштері қабылданып алынды
Жалпы жоғарғы әдістемелік бірлестіктің құрылған жоспары бойынша бүкіл іс-шаралары өткізілді.
«Алау» балалар коғамдык ұйымының басты максаты окушылардан кұралған бірлестіктердің жұмыс және өзін –өзі баскаруды жаңа тұрғыда ұйымдастырып окушылардың бос уакытын тиімді өткізу.Мәңгілік елдің патриотын ,жан-жакты дамыған тұлғасын дамыту.Өскелең жас ұрпактың бойында патриоттык , білім мен өзін- өзі жетілдіруге деген кұштарлы ,беріктік,Отан ,тарихына,елдің тарихына,Тәуелсіз Казастанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті калыптастыру.
Биылғы оку жылымыз «Біртұтас тәрбие бағдарламасымен» жұмыс істеуді бастағаны бәрімізге белгілі.Бұл бағдарлама өскелең ұрпактың түзу,таза,жолмен жүру үшін өте колайлы деп ойлаймын. Өскелең жас ұрпакты рухани адамгершілік касиетке баулу,тәрбиелеу-барлык кезеңде өзекті .Біздің келешегіміз –жас ұрпак,ал ұрпак тәрбиесі адамзаттың мәңгілік такырыбы.
Бір тұтас тәрбие бағдарламасы ұлттык адами кұндылыктарға негіздерген.Бұл кұжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыкканды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында калыптастырылуы тиіс, кұндылыктармен тәрбиенің максаты ,міндеттері айкындалады.Жадпы адамзаттык және ұлттык кұндылыктарды бойына сіңірген ,әлемдік озык , білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу керек деген максатты алға койып біздің мектептің де «Алау» балалар коғамдык ұйымының яғни «Өзін –өзі басару ұйымының» бір жылға
арналған жұмыс жоспары кұрылды.Осы жұмыстар өз ретімен жүргізілуде.
Жылдағыдай жұмысымызды бірінші отырыстан жылдык жоспар кұрудан бастадык.
Кыркүйек айында мектебіміздің Президентін сайлап алдык.
«Еңбек күні мерекесін» атап өту максатында «Менің өмірім-менің жетістігім»деген такырыпта ауылымыздың аксакалы еңбек ардагері Сейткали атамен кездесу ұйымдастырдык.Ондағы максатымыз балалар кәсіп таңдау барсыныда кателеспей өздерінің көңілдеріне жакын өздерінің колдарынан келетін жұмыспен айналысу керек екені естерінде сактау,Еңбек еткен адамды бағалай,кұрметтей білу керек екенін айтып түсіндіру.
Атамыз балалармен өзінің жетістіктерімен бөлісіп, осы күнге калай жеткені туралы әңгіме
айтып балаларға батасын берді.
Өзін- өзі баскару ұйымы мүшелері жоспар бойынша барлы іс шараларға белсенді катысады.Денсаулык күніне байланысты ұйымдастырылған «Дене сергіту»челленджіне де катысып өздерінің каншалытыкты шымыр,шапшаң екендерін көрсетті. Ұстаздар мерекесіндегі Дублер күнін ойдағыдай өткіздік.
Сссс
1-казан Карттар мерекесіне орай мектебімізде 40 жыл ұстаздык кызмет аткарған зейнеткер ұстаздардың үйлеріне барып мерекемен кұттыктап кайттык.
Кұкык бұзушылыктың алдын алу мксатында 5-9 сыныптың кыз балаларымен «Ерте жүктіліктің алдын алу жолдарымен таныстырып» әңгіме өткізілді.,айына бір рет 5-9 сынып оушыларынан сауалнама алынып танымдык сабактар өткізілді.
Күзгі демалыста шығар алдында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізіліп І-токсанның корытындымен таныстырылып ,ата-аналарды күзгі демалыс уакытындағы кауіпсіздік ержелерімен таныстырылды.Ата -аналар жиналысында казіргі мектептегі жүргізіліп жаткан Біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстырылып айтылды,Отбасылык дәстүрлер такырыбы козғалды.
Отбасылык дәстүрлер жайлы 3-4 сыныптың жетекшісі Искендирова С.а. баяндама окыды.
Күзгі демалыс күндерін окушылардың бос уакыттарын тиімді пайдалану максатында алдын ала кұрылған жоспар бойынша бекітілген мұғалімдер өз жұмыстарын ойдағыдай өткізді. Мектебіміздің кітапханашысы «Ізгілікке калам таврткан жас ғұмыр» атты кездесу ұйымдастырды.
Тарих пәні мұғалімі Ташмаганбетова Ж.К. «Кожа Ахметт Яссауидің хал хикмет ілім»деген танымдык сабак өткізді.
«Әкеге –ізет,анаға-кұрмет» деген такырыпта 5-8 сынып окушыларымен айтыс өткіздік.Айтыска 5-сыныптан Смагулова Айша мен Кали Аллаберген ,ал 8-сыныптан
Сейткали Махаббат пен Такау Нұрсұлтан катысты.
Караша айында 1-9 сынып окушыларымен Республикалык «Ұлттык ойын ;Асык ату, Бес табан»деген челленджге катыстык.Бастауыш сыныптан жеңімпаз болып 3-сынып оушысы Дулат Нұрали ,ал жоғары сыныптан 9-сынып окушысы Сыздык Омар болды.
Осы ұлттык ойынды өткізудегі біздің максатымыз окушыларымыз казактың ұлттык ойындарын ұмытпай оны әрі карай ұрпактан ұрпакка жадғкастыру,осы ойындардың денсаулыкка ,әсіресе баланың дұрыс дені сау өсіп жетілуіне пайдасының зор екенін айтып жеткізу.
Осы караша айында мектепте Ата -аналарға педагогикалык колдау көрсету максатында отырыс өткізілді.Отырыс барысында 3-4 сыныптың жетекшісі Искендирова С.А «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі»деген баяндама окылды.Ата аналар екі топка бөлініп өздерінің ойларымен бөлісіп,сұрактарға жауап беріп,ойындар ойнап өздерінің ой
пікірлерімен бөлісті.Ұстаз және ата-аналардың катысуымен «Екі жұлдыз» деген іс шара өтті .Бұл кездесудің масаты:Ұстаз және ата-аналар мен окушылар арасындағы психо-педагогикалык ынтымактастыкты дамыту ,ата-аналардың мектеппен әлеуметтік байланысын нығайту,ұстаздың окушымен тығыз байланыста болуын ұйымдастыру.Окушыларға казак халкының салт –дәстүрін ,әдет –ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,ұстаз бен ата –ана ,окушы арасында тығыз байланыс жасау аркылы бір тұтас тәрбиеге жұмылдыру.
ыс жасау Бұл «Екі жұлдыз» кездесуіне әр сыныптың жетекшісі мен бір бір ата-ана катысты.
1-2 сыныптан Дүйсенбекова Әсемгүл –Какенова Ж.К.
3-4 сыныптан Букенова Үміт-Искендирова С.А.
5-6-7 сыныптан Сүлейменова Макпал- Тажибаева Г.Т.
8-9 сыныптан Таскенова Заурегүл-Айтбаева К.Ж.
Жалпы адамзаттык және ұлттык кұндылыктарды бойына сіңірген еңбеккор жасампаз азаматты тәрбиелеу максатында ұдттык кұндылыктарды дәріптеу максатында мектебімізде биылғы жылы «Ал канекей әжелер» атты әжелер сайысы өтті.
16-желтоксан Тәуелсіздік күні де өз деңгейінде өтті .Әр сынып «Тәуелсіздік –тұғырым»деген такырыпта сынып сағаттарын өткізіп,бейне роликтер ,көрсетіліп Отан,Тәуелсіз Казакстан , туралы өлеңлер окылды.
ІІ-токсан соңында ата-аналар кезекті мектепішілік жиналыс өтті.Ата- аналарды ІІ –токсан корытындысымен таныстырылып,әр түрлі мәселелер оның ішінде балалардың тәртібі каралды .Кыскы демалыс уакытынлағы балалардың кауіпсіздігі ережелерімен таныстырылып кол койылды.
Жаңа жыл мерекесі мектептегі өзін- өзі баскару ұйымы мүшелерінің катысуымен жаксы каркынмен өтті.Аяз ата болып 7-сынып окушысы Юмакулов Илья ,ал Каршакыз кыз болып Секен Дильназ ойнады.Екеуі де тамаша ойындар ойнатып келген ата-аналардың көңілдерін
көтерді.
Кыскы демалыс кезінде балалар уакыттарын тиімлі пайдалану максатында окушылар жоспар бойынша іс шараларға катыстырдык.Барлык жүргізілген жұмыстар әлеуметтік желіліерге салынды . Балалардың шығармашылығын арттыру ,олардың кәсіпке деген, мамандыкка деген, ынталарын арттыру,ата-аналарына колғабыс көрсете білу ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу масатында жоғары сынып окушылары «Отбасылык хобби» айдары аясында «Жас аспаздардың шеберліктері»деген челленджге катысты. 8-сыныптың
окушысы Сейткали Махаббат катысты.Ол өзінің әпкесі Гүлзанамен салат әзірлеп жатканын айтып фотосын көрсетті.
Жалпы Махаббат өзі ас әзірлеуді оның ішінде салат жасауды,көкөністерді маринадтауды,жаксы көрем дейді. Осының барлығын жасауды өзім анамнан үйрендім дейді.Алдағы уакытта жаксы окып кондитер мамандығын игерсем деймін..
https://www.instagram.com/reel/C1jsXCisJzR/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==
Мектепте және Аудандық ІІБ-де тәртібі бойынша 1 оқушы Юмакулов Илья тіркеуде,сол оқушымен және ата-анасымен әр апта сайын түрлі жұмыстар жүргізіледі.Жалпы,бұл оқушының оқуға қабілеті бар,тілді тез меңгеріп алды,бірақ кей уақытта сабаққа дайындығы,өзінің көңіл күйіне байланысты құбылмалы,бірде мүлде сабаққа қатыспай,мұғалім берген тапсырманы орындамай өз бетімен отырады.Мектебіміздің психологы бала күту демалысында болғандықтан,бұл оқушымен пән мұғалімдері,сынып жетекшісі,мектеп директоры жұмыс жүргізіп отырады.
Мектеп директоры: Садвакасова Т.К