Менің Тұңғыш Президентім.
Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді салып жүріп еңбек ет.
Жердің де ,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! Н.Ә .Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев –бүкіл халықтың көз алдында дара тұлға болып қалыптасты.Халқының сеніміне ие болды.Елдің аманатын орындау мақсатында мемлекет басқару ісінде білімділік, біліктілік, қайраткерлік, жанашырлық үлгісін көрсетіп , елдің беделін көтере білетін жол таба білетін сол жолмен жүретін қабылеті мол -Тұлға болып табылды.
Бұл президентімізді мадақтау емес. Елбасымыз мақтау мен мадақтауға зәру емес.Президенттің лауазымы да еңбегі де қандай да мадақтаудан жоғары тұрған ұғым. Елбасымыз өзінің алдына қойған мақсат мүдделеріне толықтай жетті деуге әбден болады. Себебі біз бейбіт өмір сүріп, Егеменді мемлекетті шалқып тасып ғұмыр кешіп келеміз.
Халқының сенімін атқарып та , ақтап келген , Жаңа Дәуірдегі Жаңа Қазақстанның , Жаңа астанасы Нұрсұлтанды ашып, оны гүлденткен Тұлға-Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегіне куә болған халық -оған лайықты бағасын бере алары хақ.
Президент болу оңай ма?
Тұңғыш Президент болған Нұрсұлтан Назарбаев 22-23 жасында Президент немесе осы Қазақстанның бірінші басшысы болам деп ойлады ма екен?Оны өзіне басқа бір жан айта алмас .Бірақ ,оны қаршадайынан өзіне бейтаныс үлкен өмірге айрықша құлшынысы ,жігері талабы болғанын бүкіл елге әйгілі ашық өмірбаянынан білеміз. Осыдан елу жыл бұрынғы қазақ жастарының арасынан метеллург мамандығын игеріп ,Қазақстан Одақ көлемінде жарқырап шыққанын өнеркәсіп шежіресі де , сол кезде өмірге араласа бастаған бүгіндері аға ұрпаққа қарай бой түзеп келе жатқан Президенттің замандастары кітаптарынан оқып білдік.Темиртау қаласының комсомол жастарын , отқа темір балқытып суша ағызған кәсіптік шеберлігінің, қажымас, қажырлы еңбегі мен қоғам ісіне араласуға бейімді көпшіл қабылетінің арқасында оны жұртшылық кәсіпорынның жастар жетекшілігіне одан ,Теміртау қаласының комсомол жастарын басқарып , сол кездегі сынақтардан сүрінбей өтіп барып ,партия қызметіне ауысып содан жоғары сатыларға қадам басқан екен.
Өткен ғасырдың 60-жылдары тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин мен бірге «Құрмет белгісімен»марапатталған тұңғыш қазақ болған да біздің Елбасымыз еді.Адам баласы бір жүріп өткен жолымен екінші қайтып жүре алмайды. Ол дегеніміз- табиғаттың жаратылысы, Алланың жазуы деп жатамыз. Жаратушының әр адамға бір –ақ рет берген мүмкіндігі, ал біздің өмір сүрген қоғам біздің ұлтымыздың өткен,өскен жолдары ол біздің тарихымыз.Сондықтан да қандай заманда,қандай қоғамда,өмір сүрсек те сол кезеңдердің болғанын айту уақыт алдындағы парызымыз.
Баратай негізгі мектебі 8-сынып оқушысы Сыздықов Еламан.