"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас эколог әліппесі

24.11.2020

І БЛОК. 1-4 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҮШІН

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША

 «ЖАС ЭКОЛОГ ӘЛІППЕСІ» СЫНЫП САҒАТТАРЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

1. Жалпы ережелер

1. 1-4 сынып оқушыларына арналған экологиялық білім беру бойынша сынып сағаттарының «Жас эколог әліппесі» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) білімнің әртүрлі салаларын (жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, қоғамтану) интеграциялау негізінде әзірленген және экологиялық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде экологиялық жауапкершілік негіздерін тәрбиелеу үшін бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа қамқорлық қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Сынып сағаттары бағдарламасының тәрбиелік функциясы – бастауыш сынып оқушыларында қоршаған ортаны білу қажеттілігін қалыптастыру, табиғатпен және қоғаммен толық үйлесімділік рухында сезімдерді, экологиялық негізделген қажеттіліктерді, мүдделерді, нормалар мен ережелерді тәрбиелеу.

Сынып сағаттарының мазмұнын әзірлеуге іс-әрекеттік көзқарас білімді қабылдау мен меңгеруді қамтамасыз етуге, жас оқушылардың адамгершілік, эстетикалық сипаттағы пайымдауларын айтуға жағдай жасауға, бала әмбебап және утилитарлық құндылықтарды ажыратуды үйренуі тиіс жағдайларға назар аударуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама экологиялық білім беру бойынша білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға, экологиялық мәдениет негіздерін дамытуға және бастауыш сынып оқушыларында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды ұғынуға, қоршаған әлемді байқағыштықты, ізденімпаздықты, үйлесімді, сезімтал қабылдауды дамытуға бағытталған.

2. Сынып сағаттарының ұзақтығы әр сыныпта жылына 9 сағатты құрайды.

          1 сынып –  «Экологияға алғашқы қадамдар» (9 сағат);

          2 сынып – «Мен табиғатты танимын» (9 сағат);

3 сынып – «Экология әлеміне саяхат» (9 сағат);

          4 сынып – «Танымдық экология» (9 сағат).

3. Бағдарламада оқытудың интерактивті формалары қарастырылған: әңгімелер, танымдық ойындар, викториналар, экскурсиялар, практикалық жұмыс, бақылау, тәжірибе, модельдеу, бейнефильмдер көру, эко-квесттер, байқаулар, тренингтер және басқалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері

          4. Бағдарламаның мақсаты: экологиялық сауаттылық, мәдениет және жауапкершілік негіздерін қалыптастыру.

          5. Бағдарламаның міндеттері:

1) бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортаны экологиялық-эстетикалық қабылдауын дамыту, экологиялық сана негізінде құрылатын қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру;

2) бастауыш сынып оқушыларын өз жеріндегі, елдегі, облыстағы, қаладағы және әлемдегі экологиялық жағдай және оның адам денсаулығына әсері туралы хабардар ету;

3) адамның табиғаттағы мінез-құлқының нормалары мен ережелері туралы нақты түсініктерді дамыту және оларды өзінің тіршілік әрекетінде қолдану, адамның табиғатқа қатынасын көрсететін халықтық дәстүрлерді зерделеу;

4) табиғаттың экологиялық жағдайын жақсарту үшін өзінің интеллектуалды және практикалық дағдыларын пайдалану қажеттілігін қалыптастыру;

          5) табиғат құбылыстарының заңдылықтарын, жансыз және тірі табиғаттың бірлігін, табиғаттың, қоғам мен адамның өзара іс-қимылын зерделеу;

          6) өз денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

7) экологиялық бағдарланған құндылықтарды бастауыш сынып оқушыларының санасына сіңіру;

8) оқушыларды жақын жердегі табиғи ортаны зерделеу және сақтау жөніндегі нақты қызметке тарту;

9) табиғат әлеміне тұрақты танымдық қызығушылығын дамыту;

6. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер.

Білім алушылар:

  • адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы;
  • экологиялық жағдай, оның адамдардың өмірі мен денсаулығына әсері туралы;
  • өз жеріндегі жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар туралы;
  • табиғаттағы мінез-құлық ережелері жайында білім алады.

Білім алушылар келесі дағдыларға ие болады:

  • анықтамалық әдебиеттермен жұмыс;
  • табиғи құбылыстарды, сондай-ақ жергілікті фаунаның мекендеушілерін бақылау;
  • құстарға арналған астаулар жасау;
  • нәтижелерін ресімдеу және өз қызметінің қорытындысын шығару.

Білім алушылар:

  • қызығушылықты;
  • табандылықты;
  • табиғатқа, жануарлар әлеміне және өз денсаулығына жағымды, жауапты қарым-қатынас; өзін-өзі ұйымдастырудың маңыздылығын түсіну және ұжымдық шығармашылық қызметтің тікелей тәжірибесін алудф;
  • табиғатқа жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны сақтау қажеттілігін түсінуді үйренеді.

 

Просмотров: 577


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст