Текст
Кітап сарқылмас рухани қазына.
Біздің ата-бабамыз « Кітап-көп ақылдың құйылған көлі»,
«Кітап-білім бұлағы», « Кітап- ғажап дос» деп бекер айтпаған. Барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділеттілікке, зұлымдылықпен күресуге үйретеді.
Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, жақсысынан тағылым аламыз. Қымбат мұра ретінде бағалаймыз. Кітап туралы: « Мен одан қайырымды көршіні , одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін»,- деген екен араб жазушысы Әл-Жиһаз.