"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала құқығы-адам құқығы

09.11.2020

        Бала  тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екенін  бәріміз білеміз.Қазіргі таңда ата -  ана бойына өздеріне тәрбиеші ,мұғалім ретінде қарауда  қызығушылықтарын дамыту баламен дұрыс тіл табысуға,балаға қысым түсірмей зорлық -  зомбылықсыз қарым-қатынас орнатуға бағыт беру.Қоғамдағы  адам  үшін ең  бастысы , бостандығы  және уайым қайғысыз өмірі.

   Қазақстанда  салауатты  өмір салтына қол жеткізуде  денсаулықты сақтау  мен нығайтудағы  басты міндеттің бірі,   бала құқығын қорғау ,зорлық- зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы  айтқанда зомбылықты  физикалық  қасірет  көрсету әрекеті деп анықтау болса ,онда тұрмыстық  зомбылықта   осы әрекеттің бастауы мен айқындау  нүктесі  анық белгіленеді. Ол жанұя , яғни ең жақын адамдар  болады.Олар ата-аналар мен балалар. Отбасындағы зорлық- зомбылық  мәселесі  әлемнің әр елінде ертеден орын алған.Зорлық баланың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары ,үшін ауыр машақат болып табылады.

 Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда одан ешкімнің ештеңесі кетпейді  деген түсініктен  арылу керек.    Кикілжің көп болатын  отбасында өскен  балалар  есейген  соң не әкесінің ,не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

 Қазіргі уақытта  ата-анасы жұмыс басты болып баласына көп көңіл бөлмегендіктен  түрлі зорлық- зомбылықтар орын алуда.

Атап айтар болсақ зорлықтың біренеше түрі бар.

...Эмоциялық зорлық-баланы балағаттау,қорлау,сөгу,балалардың жеке өміріне қол сұғу.

...Физикалық зорлық –отбасы мүшелерін  мас күйінде немесе  сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық.

Өз өзіне қауіп қатер  көрсетіп отбасын тастап кетемін деп қорқыту әйелін немесе балаларын  ұру ,соғу,  ақыр соңында өз-өзіне қол жұмсауға  итермелейді. Мектептерде  балаларға құқық ұғымы  жайлы немесе жалпы құқықтық құбылыстар жайлы түсінік бергенде,құқықтың қоғамдағы ,адам өміріндегі ролі туралы  нақты айту керек. Әлемнің көптеген елдерінде балалар уақытының басым бөлігін мектепте өткізеді. Ата-аналар сияқты балалар да мектептің өздері үшін қауіпсіз өсіп –жетілуіне жәрдемдесетін балаларды оқытып , дамытуға қолдау көрсетіп септігін тигізетін орта болады деп күтеді.Өкінішке орай әлемдегі көптеген бала мектепте кемсітушілікке, зорлық-зомбылыққа ұшырайды бұл олардың мектепке баруына оқуға деген қабылетіне ,академиялық үлгеріміне кері әсерін тигізетіні дәлелденеді. Мектептен көрген зорлық- зомбылықтың кесірінен балалар мектепті орта жолдан тастап кетеді.Соның салдарынан мектепте зорлық –зомбылықка тап болған балалар өз құқықтарын оның ішінде білім алу құқығынан айырылады.  Өзінің   өмір сүріп жүрген өмірінен алшақтап кетіп әлемді тани алатын  ақылы мен қабылеті бола тұра  заң алдында құқықтық нормаларды бұзып жауапқа тартылады  .

    Кемелетке толмаған жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілікке    14   жастан бастап тартылады.Азамат   14 жастан бастап қылмыстың кісі өлтіру, денсаулығына зиян келтіру, тонау,  әйел зорлау,  бұзақылықтың ауыр  түрін жасау,мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою,қару немесе әскери жабдықтарды ұстау, уландырғыш заттарды ұрлағаны үшін  сот алдында жауапқа тартылады. Осы кәмелет жасқа толмаған балалар  мұндай  қылықтардың  қылмыс  болып саналатынын толық түсіну керек.

Сот 18 жасқа толмаған қылмыскердің  ісіне неғұрлым  парасаттылықпен, байыппен, сабырлылықпен қарауға тиіс. Егер сот қылмыскерге тәрбиелік шараның өзі де жеткілікті деп тапса,  онда  қылмыскерді құқықбұзушылық жазадан босатады.Ондай жағдайда оған мәжбүр ету түріндегі  тәрбиелік шара қолданылуы мүмкін.

Халық даналығы «Жақсы бала сүйеніш,жаман бала күйініш», «Таяқтау оңай,тәрбиелеу қиын». «Бала өсіру балапан ұшыру емес» деген екен.осы халықтың айтқан даналық дәйексөзіне сүйене отырып, мектеп  яғни мұғалімдер  балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс атқаруы керек,  екенін өздерінің әр сабағына тиек етеді.Сондықтан баламыздың отбасындағы алатын алғашқы тәрбие үлгісі зорлық-зомбылықсыз ортада орындалуы тиіс.балаларға жарқын болашақты ұсыну негізінде біріктіру,қарым-қатынастарын жақсарту, бір мақсатты көздеп  дұрыс ,тура жолға қоя білу. Тәуелсіздік  төрімізден  орын алған  қоғамымыздағы ең баст    құндылық адам бостандығы .  Адамның және адамзаттың құқықтары  мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау конституциялық заңдылықтың басты талабы.  Адам қоғамда заңсыз өмір сүре алмайды.Сондықтан да барлығымыз осы Конституцияда  орын алған заңға бағынуымыз керек.

 

                                                            Баратай негізгі мектебі

                                                           Аға тәлімгер Айтбаева Қарақат Жанетқызы

Просмотров: 258


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст