"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру – ұрпақтың дара жолы

02.11.2020

 Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жанаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Көне замандағы көрікті қалаларымыз сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынған болатын. Олар бәсекелестік қабілет ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, XXI ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Прагматизм: Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой,салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту,ұлттық болмыстан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтарымен үлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Біздің мектептің ұстаздары осы бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстарына ат салысуда.

«Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – дей келе, жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылатын жастарды тәрбиелеу – біздің асыл борышымыз.

Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст