Текст
Оқушылар бойында өз денсаулықтарына жауапкершілікті арттыру мен салауатты өмір салтын ұстану, аурулардың алдын алу мақсатында 5-10 шы қазан аралығында мектебімізде «Денсаулық апталығы» аясында «Мен, сен, ол – біз салауатты елміз!» атты ұранымен апталық өткізілуде. Апталықтың мақсаты – спортпен шұғылдану , дұрыс тамақтану, тұрмыста және жолда қауіпсіз жүріп тұру, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру.Жоспар бойынша «Денсаулық зор байлық» атты тақырыбында барлық сыныптарда қашықтықтан тәрбие сағаттары өткізілуде .Сонымен қатар барлық спорттық іс-шаралар, насихаттау мен алдын алу жұмыстары жүргізілуде.