"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұстаздық қылған жалықпас" эссе

08.10.2020

Ұстаздық қылған жалықпас

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға                         Абай Құнабайұлы

Жыл сайын жүзден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

 «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ.  Ұстаз берген білім мен тәрбие адамзат алдындағы жол көрсетер шамшырақ сияқты. Ғылым иесі ғалым да, суырып-салма ақын да, ел қорғаны болып жүрген батыр да ұстаз алдынан өткен, сондықтан да ұстаздарға бар халық бас иіп құрмепен қарайды.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақандай, ұстаздық еткеннің еңбегі өлшеусіз. Жан жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын бала бойына дарыта білу, сол бойды ғұмыр бойы сақтай жүруді үйреті ұстаздықтың қолына, бойына біткен дарын. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский тура айтқандай, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Ұстаз – ұлы есім екені осыдан-ақ аңғаруға болады. Сол ұлы есімді абыроймен жамылып жүргеніме, қаншама жыл еңбегімді шәкірт тәрбиелеуге жұмсағаныма өз басым мақтан етемін. Еккен еңбегімнің жемісін, жеңісін көргенде баға жетпес байлыққа кенелемін. Ұстаздық жолында жүргенім, жарқын болашақтың берік керегесін ұстайтын ұрпаққа білім беріп, еліміздің көркеюіне үлес қосқаным деп білемін.

 

Айтбаева Қарақат

Ақмола облысы, Зеренді ауданы,

Баратай негізгі мектебінің мұғалімі

Просмотров: 282


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст