"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мен және менің отбасым" шығарма

28.07.2020

«Даулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» - демекші, білім мектептен, тәрбие бесігі отбасынан басталады. Отбасы - махаббатқа, бақытқа, қуанышқа, шаттыққа, жылулыққа толы мекен. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Отбасы осы екі тірегіміздің арқасында берік қаланады. Ол Құдайдың бізге тартқан сыйы. Адам Ата мен Хауа Ананы жер бетіне әкелген мақсаты отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеу еді. Біз сол отбасының тұяқтарымыз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей отбасында көрген тәлім, алған тәрбиенің арқасында есті болып өсудеміз. Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет көрсету арқасында тату - тәтті өмір сүрудеміз. Еркелігімізді, қателескен кездегі қателігімізді түсініп, кешіре білетін, кезінде ақылын аямайтын, осы өмірдің тәтті тұстарын көрсетуден жақсылыққа жетелеуден жалықпайтын әке - шешеміз.

Менің отбасым - менің баға жетпес байлығым. Мен бақыттымын себебі, қуанышқа толы үйім бар. Біз отбасында өз салтымызды сақтаймыз. Әкем дәстүрлі әндерді шебер орындаушы. Анам, үлкен ағам және апам мұғалім. Бір ағам тоғызыншы сыныпта оқиды. Мерекелер кезінде бір - бірімізді құттықтап, сыйлықтар береміз. Қандай қуаныш пен қайғы болса да отбасымен біргеміз. Әрдайым бір - бірімізге қолдау көрсетіп, көмегімізді еш аямаймыз.

Мен отбасымды жақсы көремін және әрқашан қорғап жүремін. Ынтымағы жарасқан отбасында дүниеге келгеніме қуанамын. Менің отбасым - өзімнің екінші Отаным. Ұлтымның құндылықтырын бойыма сіңірген қамқоршы әкем, аяулы анам, жанашыр бауырларым бар отбасымды мақтан тұтамын. Жапырағын кеңге жайған қос шынарым - әке - шешемді саялаған отбасым, қазағымның бір үйі аман болсын!

                                                                                                                                                                                                                Сыздық Омар 6- сынып

Просмотров: 1884


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст