"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ең жақын досым бос уақытын қалай өткізеді?" эссе

27.07.2020

Менің досым сабақтан бос уақытын өзінің сүйікті хоббиіне арнағанды ұнатады. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.

  Досымның сүйікті хоббиі - сурет салу. Сурет салумен ол үш жасынан бастап айналысады. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барады. Арманның пікірінше, сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандайды.

Сурет салуға бар бос уақытын арнап, талантын шыңдауға тырысады, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындайды.

Қаладағы көркемсурет галереясының бірде бір көрмесін жіберіп алмай, міндетті түрде барып тұрады, себебі белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық, әрі осы арқылы рухани азық алып, сусындауға болады. Сонымен қатар қазіргі таңда аса танымал болған шеберлік сабақтарына қатысып, бұрын білмеген нәрселерімді үйренуге тырысады.

Алдына мақсат қойып, болашақта аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандайды.

 

                                                                                                                                                                                  Берік Дидар 4-сынып

 

Просмотров: 394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст