Мақсаты: оқушыларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету. Табиғаттағы қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту. Өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа. Мынау – балкон мен терезе. Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқп шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды. Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды. Мынау – үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады. Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек. Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе!