"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалыс алаңы-2024

19.06.2024

Жазғы демалыс алаңы-2024

Оқушылармен бірге "Бой жазайық, кел, ойнайық!" тақырыбында қимылды спорттық ойындар өтті.  Мақсаты:Оқушыларға ойынның ойнау ережелерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындардың әдіс- тәсілдерін үйрету. Оқушылардың денсаулығын күшейту, спортқа деген ынтасын арттыру және күш-жігерлерін дамыту. Шапшаңдыққа, икемділікке баулу

 

Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:

Доппен орындалатын жаттығулар.

Түрлі заттарды айнала қозғалу

 

1)«Жапалақ»

Әзірлік. Залдың немес алаңнын бұрышынан диаметрі 1-2 м. дөңгелек сызылады, яғни ол «жапалақтың ұясы» болады. Дөңгелектің қасына отырғыш қойылады. Ойынға қатысушылардың ішінен жүргізуші «жапалақ», ал қалғандары «дала тышқаны» болып бөлінеді. Жапалақ ұясына орналасады, ал тышқандар залдан орын алады. Ойынды баяндау. Ойын жүргізуші «Күн» деп айтқанда, барлық «тышқандар» жүгіріп залдын ортасына шығады. Онда жүгіріп, ойнап жүреді. Ал жапалақ ұясында ұйықтап отырады. Жүргізуші «Түн» деп айтқанда, барлық тышқандар өздерінің орындарында жыбырламай үн-түнсіз тұра қалады. Ал, жапалақ болса, оянып жәндіктерді аулауға шығады. Қай тышқан жыбырласа, ол соны ұясына алып кетеді. Ойын жүргізуші «Күн» деп айтқанда жапалақ тышқан аулауды қойып, ұясына қайтады. ¥яға 3-5 тышқан ұсталса, олардан «жапалақ» сайланады. Осылайша бірнеше рет ойын қайталанады.

 

2) «ҚАҚПАН» ОЙЫНЫ 
4 немесе 6 ойыншы шеңбер жасай қол ұстасып «қақпан» құрып тұрады. Басқа ойыншылар ойынды бастауға белгі берілісімен шеңбердің кез келген жерінен шығып жүре береді. Екінші белгі бергенде (ысқырық естілгенде) қақпан құрып тұрғандар тез жүрелей отырып, іштегілерді ұстап қалады, яғни олар қақпанға түскен болып есептеледі. «Қақпанға түскен» ойыншылар ойыннан шығарыла береді. 

 

3) «Колонналарда допты тигізу»

Әзірлік. Ойынға қатысушылар бірнеше топқа, командаға бөлінеді. Олар бір-бірден тұрып, колонна құрады жэне параллель орналасады. Алдағы тұрғандардың қолдарында доп немесе тағы да басқа зат болулары қажет. Ойынды баяндау. Белгі бойынша алда тұрғандар допты кейінгі тұрғандарға бастарынан жоғары жалғастырады. Оларда кейінгі тұрғандарға осылай жалғастырады. Ең соңғысы допты алғаннан кейін, жүгіріп келіп, алдыңғы қатарға тұрады. Ойын осылай жалғаса береді. Қай команда ойынды бірінші болып аяқтаса, сол жеңіске жетеді..

Просмотров: 147


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст