Текст
Отбасы деген ол шағын мемлекет,сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталатыны рас. Отбасы деген бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерінің пайда болуы, тәрбиелі болуы осы отбасында қалыптасады деп ойлаймын. Баланың тәрбиелі, инабатты болып өсуі, болашақта қоғамда өз орнын таба білуі берекелі, ынтымағы мол отбасыға байланысты.