Текст
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тұғырының беріктігі мен елдігіміздің тұтастығы Елбасымыз,егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы екендігі баршамызға аян.Қазақстан - біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ десек ,елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі,баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етіп келеді.Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп,беделді де абыройлы,әлемдік қауымдастықты мойындаған,жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді.