"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15-мамыр Отбасы күні

18.05.2020

Менің отбасым – кішкентай Отан сияқты, ол әрдайым мені қолдайды және түсінеді. Ұрысып қалғанның өзінде, тез арада татуласамыз. Өйткені, жанұяны мектеп те, балабақша да ешқашан ауыстыра алмайды. Бұл ортада сіз әрқашан қымбат адамсыз және бақытқа қол жеткізу үшін жақындарыңыз бәріне дайын. Өз отбасыңызды бағалаңыз, бұл тағдырдың берген сыйы. Менің жанұям – өте берік және мейірімді. Барлығы бір-бірін құрметтейді және әр мүшенің өзінің атқаратын рөлі бар. Мысалы, анашым балалардың ауа-райына сай киінуін және үйдің тазалығының сақталуын қамтамасыз етеді. Ал, әкем үйдегі барлық қара жұмысты өз мойнына алады. Ол бізге әрқашан көмек көрсетуге дайын. Атам мен апам зейнеткерлікке шыққан. Олар көп уақытын бақшада көкөністер мен жемістерді өсірумен өткізеді. Сондықтан, біздің дастарханда үнемі жаңа піскен тағамдар тұрады. Мен өз ата-анамды сүйемін, біз бақытты отбасымыз.            

 

Просмотров: 313


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст