"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Халықтарының Бірлігі мерекесі

18.05.2020

Қазақстан  Халықтарының  Бірлігі  мерекесі   елімізде  жыл  сайын  тойланады. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың  белгісі  – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Елімізде  130-дан  астам  ұлт  өкілдері  тұрады.  Ұлт өкілдерінің  осыншалықты  көптігіне  қарамастан  бір  шаңырақ  астында  бір отбасының  баласындай  тату  өмір сүрудеміз.

             Елімізге   келіп  қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Халықтар   бір-бірінің   мәдениеті  мен  салт-дәстүрін  үйреніп, бірлігіміз нығая түсуде.  

          Менің  ойымша  байлықтың  ең  үлкені – халықтардың  достығы. Біз  басынан талай  қиыншылық  өткен кездерде  бір  үзім  нанды  жолдасымен  бөліп жеген  қазақтың  ұрпағымыз.   Қуғын-сүргін құрбаны  болған  түрлі ұлт  өкілдеріне  біздің  еліміз  пана   болған.  Қазіргі  кезде  тілі  басқа  болғанымен, бір  үйдің  баласындай  тілегі  бір  халықпыз.  Бүгінде  осы  татулықтың  арқасында  еліміз  тыныш,  жұртымыз  аман.  Осы  берекеміз,  бірлігіміз  ұзағынан  болсын деп тілеймін.

Майдан Мейірхан

Просмотров: 223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст