5-8-сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспар бойынша "Жазасыз тәрбие" тақырыбында әңгіме ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Білімділік:кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, қылмыстың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұйымдастырған: Искендирова Сулушаш Ауталипкызы
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл — заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды.