Текст
Жазғы демалыс кезінде балаларды жолдарда, су айдындарында, ойын алаңдарында үлкен қауіп күтіп тұр. Бұған ауа - райы мен балалардың қызығушылығы, бос уақыттың болуы, ең бастысы-ересектердің тиісті бақылауының болмауы ықпал етеді. Жазғы демалыс кезінде оқушылар өздерінің қауіпсіздігі мен денсаулығын есте сақтауы тиіс. Құрметті ата-аналар! 1.Балаларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастырыңыз. 2.Балалармен сөйлесіп, өмірді сақтауға көмектесетін маңызды ережелерді түсіндіріңіз.