Мен отбасыммен бақыттымын.
Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы оның өзіндік көзқарасынан ,сенімінен, дүниетанымынан басқа адамдармен қатынасынан ең бастысы оның әрекетінен көрінеді.
Адам қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оның жан дүниесі рухани бай болу керек. Яғни күнделікті өмірде адамдармен қарым- қатынаста әдептен шықпау көңілге келетін сөз айтпау ,жағымсыз міне көрсетпеу – ол адамның ішкі әлемінің көрінісі.
Отбасы адам баласының өсіп өнетін алтын ұясы.Адам өміріндегі ең қуанышты ,қызықты балалық шағы ,қызықты дәурені осы отбасында өтеді екен.Отбасы мүшесі ретінде сенің міндетің ата-анаңды ,туған –туыстарыңды жасы үлкендерді сыйлап,өзіңнен кішілерге қамқор болу мектептегі сабағыңды жақсы оқу білімді, мәдениетті жан-жақты болып өсуге ұмтылу.
Сонымен бірге отбасылық құндылықтардың атап айтқанда белгілі бір дәстүрлердің сақталуына бізде өз үлесімізді қосуымыз керек.
Адам болып дүниеге келгеннен кейін өмірде кездесетін түрлі жағдайларға дайын болуы керек екен Жасың өскен сайын кішіпейіл болуды,үлкендерді сыйлай білуді , мейірімді болуды,жанашыр болуды,жалпы өмірде өзіңді өзің қалай ұстауды үйренеді екенсің. Биыл мен он беске толдым.
Менің ойымша әрбір жас жігіт немесе бойжетіп келе жатқан қыз өздерінің әкелері мен аналары, аталары мен әжелерінің сүріп өткен өмірін міндетті түрде білу керек. Олардың өмірі ауыр болды ма,жеңіл болды ма бәрібір білуі тиіс. Ал біз бүгінгі ұрпақ солардың жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуіміз керек.
Қазір мен Зеренді ауданына қарасты Баратай ауылындағы Айтбаевтардың отбасында тәрбиеленіп жатқан баламын.Ақкөл қаласындағы балалар үйінен осы керемет , иманды ауылға келуіме қазіргі таңда бірге тұрып жатқан досым, әрі бауырым Сыздықов Еламан себепші.Бұл отбасыға Еламан менен бір жыл бұрын келген болатын .Содан бір жыл өткеннен кейін телефон арқылы менің мекен жайымды тауып біліп мені осы отбасыға алып келуге себепші болды.
«Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілесің» деген мақалда айтылғандай біздің қазіргі ата-анамызбен бірге сүріп жатқан өмірімнің әр күні ,әр сағаты ,әр минуты менің сол отбасынан алып жатқан тәрбием деп есептеймін. Біз бір-бірімізді сыйлап тату тәтті барлық балалар бір үйдің баласындай бауырмал боп өсіп келеміз.Үлкен ағамыз Жолан Отан алдындағы борышын өтеп қазіргі күні жақсы бір жұмысқа орналасуға дайындалып жүр.Екінші ағам Руслан Атырау қаласында өзінің Отан алдындағы борышын өтеуде.Қызмет етіп жүрген әскери бөлімшенің басшысынан алғыс хат келіп ата-анамызды бір қуантты.
Ал біз Еламан екеуіміз болсақ Баратай негізгі мектебінің 7-8 сыныптарында білім алудамыз.Менің айтайын дегенім мен осы мана басында айтқандай табиғаты керемет, иманды,бір-бірімен тату берекелі де бай ауылда тұрып жатқаным өзім ризамын сол үшін де бауырым Еламанға алғысым шексіз.Маған тұрып жатқан ауылымда,мені тәрбиелеп отырғын отбасым да,білім алып жүрген мектебім де,ондағы ұстаздар мен менің сыныптас достарым да қатты ұнайды.Мен осындай бақытты өміріме ризамын.
Баратай негізгі мектебі
Айкимбаев Серік 8-сынып оқушысы