Текст
1-9-сыныптар арасында "Шын жүректен мың алғыс!" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарының барысында оқушыларға мынадай ұсыныстар жасалды: Балалар, басқаларға жақсылық жасауға, сараңдық жасамаңдар. Өз сөйлеулеріңде «рахмет», «алғыс айтамын», «өте тәнтімін», т.б. сиқырлы сөздерді көбірек қолдануға тырысыңдар. Жақсы алғыс сөздерін естіген адам жақсы істерін жалғастыруға құлшынып тұратынын ұмытпаңдар. Өз өмірлеріңнің әр сәтін бағалауды үйреніңдер. Сендерді қоршаған жақсы істер үшін әрқашан да алғыс айтып жүріңдер. Оқушылар сынып сағатының қорытынды бөлімінде бір-біріне, мұғалімге алғыс сөздерін білдірді.