"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық ойындар халық қазынасы

18.04.2017

Ұлттық ойындар көне

заманнан келе жатқан спорт ойындары.Ертеде қазақ халқымыз жаз

жайлауда,той-домалақтарда ұлттық ойындарды ойнаған.Қазақ халқы мал баққандықтан

ойындардың көбі ат үстінде,малдың сүйектерімен ойналады.

Мысалы: «Қыз қуу», «Көкпар», «Асық», «Ақ сүйек» т.б

ойындар.Қазіргі кезде Бекболат Тілеухан бастаған ұлт жанашырлары ұлттық

ойындарды жандандыруда.Осы орайда кішкене болсын өз үлесімді қосайын деп,-жуырда

Баратай негізгі мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойынды

дәріптейік» атты апталық өтті.Апталық өткізудегі негізгі мақсатым балалардың

санасына ұлттық қазынаны сіңіру.Ұлттық ойындардың балаларға берері

көп.Апталықтың алғашқы күні ұлттық ойын түрлерінен жалпы мағлұмат берумен

басталды.Келесі күні бастауыш сыныптар арасында ұлттық ойындардан жарыс

өткізілді.Мектеп директоры Толқын Қабдрахманқызымен сынып жетекшілері қазылық

жасап оң бағаларын берді.Апталықтың үшінші күні «Ұлттық ойындар халық қазынасы»

атты тақырыпта бейнеролик көрсетілді.Төртінші күні бастауыш сынып оқушыларының

ата-аналарымен бірлесе отырып ұлттық ойындардан жарыс өтті.Апталықтың бесінші

күні сабақтың қорытынды бөліміне ұлттық ойындарды енгізіп, 3- сыныпта ашық

сабақ өткізілді.Апталықтың соңғы күні қорытынды кеш өтті.Кеште әр сынып

дайындап келген көне ұлттық ойындарын ортаға салып таныстырып, ережелерін

түсіндірді.Кеш соңында оқу ісінің меңгерушісі Гүлзағила Ерманқызы сөз сөйлеп,

оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.Осындай апталықтардың арқасында

оқушылардың бойына ұлттық байлығымызды сіңіре білсек,ұлттық құндылығымыз

ешқашан ескіріп ұмытылмайды.Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табады.

                                                                                      

Просмотров: 656


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст