"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бала қуанышы"

07.10.2017

                                      

                   Бала

қуанышы.

       

 

    Қазақта  адамгершілігі мол ,өз елінің қамын ойлаған

адамды-  Азамат деген. Азамат  - адамгершілік қасиеті мол ,саналы

адам.Халық  осындай азаматтарға  үлкен сенім артады,оған құрметпен қарайды.

    Ещкім азамат болып

тумайды.Басында бұлағы бар өзеннің  ұзақ

ағатыны секілді ,өнегелі ата-ананың 

тәліміне сусындап –адалдық ,еңбексүйгіштік бауырмалдық, рухта ер

жеткен  бала,мектеп,қоғам тәрбиесін  де бойына 

жақсы  сіңіреді.Азамат болу үшін

міндетті түрде ерлік жасаудың қажеті жоқ,ол Отанын ,туған жерін ,елін

сүюден  туады.  Ал Отанды сүю дегеніміз  ол үй ішінен,отбасынан басталады.Ата-ананы,апа-қарындасты,аға-ініні  туған туыс бауырларды  құрметтеген адам  халқының 

да қадіріне жетеді.Елін сүйген ер атанады.Өйткені ерлік  білекте емес,елін сүйе білген  адал жүректе.

Осындай  адал жүрегі ер азаматтың

бірі  біздің Баратай ауылының тумасы  Байбол атамыздың  баласы Рүстемов Мереке.

   Жуырда осы Мереке  ағамыз Баратай негізгі мектебінің «Айгөлек»

шағын орталығындағы  бүлдіршіндердің  қуанышын өз көзімен көріп  жақсы бір игі іс жасап қайтты.  Демеушілік 

көрсетіп  орталықтың  балаларына  

түрлі түсті ойыншықтар сыйлады.Балалардың  қуаныштарында шек болмады.Қазақта 

«Үлкеннің мыңына бергенше,баланың біріне бер» -деген тамаша сөз осы орайға

сай айтылған.

 Ағамыздың  біздің мектебімізге жасап жатқан  алғашқы көмегі емес,бұдан бұрын да бірнеше

рет өз қолынан келгенше  демеушілік жасап

жүрген жайы бар.

    Мереке ағамызға  Баратай 

ауылындағы «Айгөлек» шағын орталығының бүлдіршіндерінің ата-аналарының

,мектептегі ұстаздар ұжымының атынан айтар алғысымыз шексіз.

  Ағамызға еңбекте табыс,отбасына

береке бірлік,  және осындай игі істері

үшін жасаған  жақсылығы сауаптан болсын

демекпіз.

 Адам шынайы  бақытты өзімен өзі және айнала қоршаған

ортамен үйлесімді  тамаша өмір сүріп,өз

өмірін басқалардың жолына арнағанда  және

оның қуанышына  бөленгенде  ғана сезінеді екен. Ол бақытқа  ақ ниет,ізгі пейіл және адал еңбек  қана апара алады.

                                                                         

Баратай негізгі мектебінің жанындағы

                                                                         

«Айгөлек»шағын орталығының

                                                                           Тәрбиешісі:

Какенова А.А.

                                                                                                              

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст