"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандығым мақтанышым

20.11.2017

Мамандығым мақтанышым.

 

      Денсаулық – адам баласының ең

құнды игілігінің  бірі.Денсаулықты сақтау

үшін ең бірінші кезекте ойың ,ниетің таза болуы керек.Адамның жан тазалығы

денсаулығына да әсер етеді.

     Сабыр мен сенім ,мейірімділік

пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.Денсаулығың жақсы

болса көңіл күйің де көтеріңікі жүреді.Деннің 

саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуына, көңіл күйін басқара

білуіне байланысты.Өзіне және өзгелерге деген адал сезім ,ақыл ой –ол

салауаттылықтың негізі екенін бәріміз 

білеміз.Денсаулықты сақтау мен нығайту адамның өз қолында.

    Қазіргі таңда белең алып

кеткен  дерт ол зиянды әдеттерге әуес

болу болып отыр.Күн сайын адамдар темекі шегу,ішімдікке салыну,нашақорлықтан

түрлі дертке ,бақытсыздыққа шалдығады.Зиянды әдеттер  адамның өмір бойы өзін -өзі тұлға ретінде

іске асыруы на  мүмкіндік бермейтінін

біле тұра ол адам сонымен  

айналысады.Бір сөзбен айтқанда өз өміріне балта шауып ,өз өмірін

құртады.

Осындай  жағымсыз қылықтар мен зиянды

әдеттерден аулақ болсын,түрлі келеңсіз жағдайлардан  сақтану 

және зиянды әдеттердің  жас

жеткіншектердің өміріне қаншалықты қауіпті екені  айтып түсіндіру мақсатында  біздің мектепте де түрлі тәрбиелік мәні

бар  жұмыстар жүргізіледі.

   Осындай іс шараларды   біздің мектепте  өз ісінің маманы ауылымыздың медбикесі

Сүлейменова Мақпал Қалиқызы. Бірнеше жылдан бері

ауылымыздың дәрігерлік қызметімен қатар 

мектептің де жұмысын қатар алып келеді.Айналасындағы  адамдарға мейірімділікпен қарап қолынан

келгенше  көмек көрсете білу адамшылықтың

жақсы бір қасиеті екенін біледі.Жүзінде нұр ойнаған ,пейілі кең  жан. 

Әрқашан күн демей түн демей 

ауылымыздың сырқаттанған қариясы  мен  қызуы көтерілген сәбилердің қасынан

табылады.Ізеттілік пен  инабаттылық  әрине жақсы адамға тән қасиет.Жақсы ниетімен

айтылған  бір ауыз жылы сөзі  жүрегіңіді тебірентіп жаныңды  жадыратады.Сонымен қатар мектептің

балаларымен де түрлі пайдалы кеңестер жүргізіп отырады.  «Дені саудың жаны сау»,  «Зиянды әдеттерден сақтану жолдары» ,  «Ауырып ем іздегенше..»,  «Қыздар 

қызғалдақтар»  және т.б.

  «Жақсының  жақсылығын айт ,нұры тасысын» деген даналық

сөздің мәні осында деп ойлаймын.Жасампаздықтың жарасымы да осындай елі үшін

жалпы адам өмірі үшін жасаған жақсы істерден туындайды.

Баратай НМ

 

Аға

тәлімгер: Айтбаева Қ.Ж.

Просмотров: 274


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст