Ізгіліктің бір ісі-алғыс айту
Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
Міне бүгінгі күні мен де осындай қайырымды істер жасап, қаншама баланың сауабын алып жүрген еліміздің таудай азаматы Нахимов Мұса мен жұбайы Әлияға рахметімді айтқым келеді.
Осындай игі істерді жалғастырып, балаларға керемет көңіл-күй сыйлаған біздің замандастарымызға шын жүректен алғыс айтып, отбасылық бақыт, зор денсаулық тілеймін.