"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жүрек жылуы

13.12.2017

                                            АПТАЛЫҚ

Жүрек жылуы

Өзін-өзі тану

пәні бойынша

            

      Апталықтың

мақсаты оқушыларға «Өзін-өзі тану» пәні арқылы

рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру. ”Адамгершілік” құндылығы туралы

түсініктерін кеңейтіп, адам бойындағы адамгершілік сезімін, сүйіспеншілікті

танып, оны құрмет тұтуға баулу. Сүйіспеншілікке,сезімталдыққа, нәзіктілікке

тәрбиелеу болды.

Апталықтың әр күні

ерекше  жылы лебізбен басталады. Оқушылардың

көңіл-күйлерін түрлі көріністер мен өткен күнге рефлексия жасай отырып

басталғаны әр оқушының өзін-өзі реттеуіне себепші  болды.

  «Мейірімді жүрек» ойын-сабағы ұйымдастырылды.

Барысында оқушылардың көңіл-күйін ретке келтіру мақсатында алдыңғы күні

орындаған жұмыстары таныстырылым арқылы 

көрсетілді. Осы тақырып аясында 

видео көрсетілімдер, ойындар, топтық жұмыстар орындалды.

    Қайырымды іс

жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық

жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың,

қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір

адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса,

әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді. Осы орайда «Қуаныш-жан шуағы» тақырыбымен мүмкіндігі

шектеулі балалар үйлеріне барып  сол

балалардың көңілін көтеру мақсатында шағын дайындаған концертіміз бен

сыйлықтарымызды табыстадық .Бұл іс-шараға 

бастауыш сынып оқушылары мен сынып жетекшілері ат салысты.

                            

 

«Кішіпейілділік барлық

мейірімді іскерлердің патшасы» тақырыбында тренинг-сабақ ұйымдастырылды.  Қатысушы оқушылар топтық , жұптық, жеке

жұмыстар жасады. Мектеп психологі 

Казыбай Манар оқушылар арасында  

«Мен кіммін» ,   «Мен қандаймын» ,

 «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны»,   «Өз ұстазыңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?»

тренингтерін ұйымдастырды. 

  «Мен бақытты баламын» тақырыбында

қорытынды кеш өтті.

          Апталықтың жабылуында    «Жүректен жүрекке» шеңбері өткізілді.  Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы сандықтан адамның

қасиеттерін анықтайтын сөздер жазылған түрлі пішіндер алады. Қайырымды,

мейірімді, сабырлы, кешірімді Соңынан осы пішіндерден үлкен бір бүтін жүрек

құрастырылады.

 «Өзін-өзі тану» апталығының соңында оқушылар

бұл пән мектепте өте маңызды деген және бала кезден өзін жақсы таныса, үлкен

өмірге қадам басу оңай болады деген қорытындыға келді. Бұл пән сүюге және жақсы

істер жасауға мүмкіндік береді.  Кез

келген жағдайда адамдарға қуаныш, шаттық, махаббат сыйласаң, сонда сенің әлемің

бай болады, кешірімшіл және саған адамдар құштар болады. Себебі осындай жақсы

істер жасаған сайын, қанатың біткендей, шабыттанып, мейірлене бастап,

айналаңдағы адамдар да мейірімді болады. Біздің әлемде осындай адамдардың

қатары көбейгенін қалаймын.

Баратай негізгі мектебі

                                                                       

           Апталықты ұйымдастырушы

Искендирова Сулушаша Ауталипқызы

Просмотров: 315


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст