"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамақтану тәртібі

23.12.2019

3-параграф. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету тәртібі

 

64. Тамақтандыруды ұйымдастыру «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы                                18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

65. Асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты оқу процесі аяқталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады.

66. Білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары интернет-ресурста «Мектептік тамақтану» айдарын құрады және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз етеді.

67. Орта білім беру ұйымының басшысы перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге ас мәзірін бекітеді және оны асханаға және білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерге орналастырады.

68. Қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.

69. Орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы орта білім беру ұйымының басшысы болып табылады.

70. Комиссияның міндеттеріне келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу кіреді.

71. Комиссия жұмысының қорытындылары тоқсан сайын кейін оларды білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпарат түрінде ресімделеді.

72. Білім беруді басқару органдары жанынан қызмет атқаратын тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізеді және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.

 

 

 

Просмотров: 261


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст