"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен еліме ризамын

19.12.2019

     Алғыс-адамның адамға  жасаған жақсылығы ,көмегі,көңілі үшін ризашылық  білдіруі сондай-ақ оның ойы мен іс -әрекетіне ,жасаған істеріне жоғары баға беруі.

    Адам  өзінің өмірге  келгеніне  қуанып  риза болады.Қолындағы  барын қанағат тұтып осының да бар болғанына  рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық  білдіру өзіңді ,өмірді ,өмірде  барды бағалаудан басталады.

     Ризашылық пен алғыс  сөздерінде көп мағына жатыр.Адам өз ісіне қанағаттанып ,сүйсінген кезде ризашылық  сезімге бөленеді.Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.

 Жылы сөз ,қайырымды іс, жақсы ой,   кіршіксіз сезімдеріңді  ешкімнен  ешқашан аямау керек.   «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айту керек. .Адам алғыс пен ризашылықты  естіген сайын ,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есімізде  сақтайық.  Өмірдің әрбір сәтін  бағалай білуге  үйренейік және Табиғат Анаға мейірімді  күні  үшін,көңілді жаңбыры  мен ақ қары үшін,жұмсақ  ұлпа бұлты үшін жақын адамдарға  қайырымдылығы  мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық.

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст