Баратай негізгі мектебінде 11-12 қараша күндері оқушылар арасында Қысқы кезеңдегі жазатайым жағдайларды болдырмау мақсатында, «Қысқы кезеңдегі қысылтаяң төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер» тақырыбында сабақтар өткізілді.
Мақсаты:• балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін толықтыру;
• ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
• өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушыларға Өз денсаулығының бағалы байлық екендігі,Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару жайында айтылып,түсіндірілді.Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін.Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды.«Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіп кеткенде, далада қалып қою т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет екендігі туралы айтылып ,түсіндірілді.