2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылуда.
Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады. Осы мақсатта Баратай негізгі орта мектебінде де Мектепке жол акциясы аясында жұмыстар жүргізілді.
Демеушілер тарапынан қолдауды қажет ететін патронаттық тәрбиедегі 7-сынып оқушылары Клепцов Иванға, 2-сынып оқушысы Оралбайқызы Асылайға, 4-сынып оқушысы Оралбай Нұрисламға, 6-сынып оқушысы Оралбай Кәусарға, 9-сынып оқушысы Оралбай Алинаға, сонымен қатар мектеп табалдырығың алғаш рет аттағалы тұрған 1-сынып оқушыларына көмек көрсетілді. Акция барысында осы балаларға ауылымыздың тумасы, Көкшетау қаласының тұрғыны Нахимов Мұса және «Көкше-Орман-2013» шаруашылық қожалығының директоры Жарқынбаев Жанболат оқу-құралдары салынған портфель , спорттық костюмдер сыйға тартты.
Ата-аналар осындай сауапты іске ұйытқы болған, мектеп ұжымы мен жомарттық танытқан азаматтарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді .