"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауыл тарихы

30.10.2019

            Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы,тұтастану тарихы.

            Қазақ-тек бірігу,бірлесу жолында келе жатқан халық.

           Бізді біріктіретін жеке бастың қамы емес,бізді ел туралы биік ұғымдар,   

          ортақ   тарих,ортақ мүдделер ғана біріктіре алады.

                        Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

                                                   Ауыл тарихына шолу

     Біздің туған жеріміз-Көкшетаудың іргесіндегі қазіргі Зеренді ауданына қарасты Баратай ауылы.Түпкі тарихын тарататын болсақ,бұл жерде негізінен Қарауылдың Есенбай Шұңғырша тармағынан тарайтын үш атаның балалары:Шұғыл,Жарасқұл,Сүйіншәлі  ұрпақтары тұрады.

  Ауыл 1930 жылы  қоғамдасып,қауымдасып,алғашқы іргетасын қалаған.Оған дейін әр жерді паналап,дауылдан ық қойнауын қоныстанып,әр жерде жеке-жеке отырған кішкентай-кішкентай ауылдар  бір орталыққа   көшіріліп қоныстанған.Біздің ауылда Баратай деген көл бар ,сол көлді жағалай  жартылай қазылған ор бар.Баяғыда бұл ор  өте терең болған екен.Ордың қолмен қазылғаны  көзге бірден көрініп тұратын.Бұл ор  ақ патшаның бұйрығымен қазылған шекара белгісі болып шықты.Сол кезде  патшаның бұйрығына сәйкес  орыс халқының   адамдары қазақтың ең бір шұрайлы,ең бір тәуір ,құнарлы   жерлерін тартып алып ,сол жерлерге поселок сала бастаған.Қазіргі таңда ой елегінен өткізіп қарап отырсақ, қазақтың аты аңызға айналған  көркіне көз тоймайтын ,мөлдіреген тана көлдері толықсып жататын  биші қайыңдары бар, мәңгі жап –жасыл болып тұратын қарағайға бай  Бурабай,Зеренді,Шалқар,Айыртау,Имантау  сияқты  ғажап та керемет  жерлердің бәріне  казактардың станциялары салынып қойған екен.Осы кезден бастап екі ел арасында осы жер үшін талай қақтығы стар болған,тіпті кісі өлімі де болып,қаралы оқыс оқиғалар орын алған.

Сулы  нулы,балығы тайдай тулаған ,орман –тоғайы жеміс –жидекке  тұнып тұрған  бай табиғат өлкесін  жамбасына басқан орыстар осы көшіп қонып жүрген қазақтарға осы жердің қажеті шамалы,олар осы қазылған ордан аспаулары керек деп шекара жасап қойған екен. Бұл ор сан ғасырлар бойы  жаумен арпалысқан батырлардың ,ат белінен түспеген Алаш жұртының жүрегіне салынған дақ болды.

Қазақ ғалымдарының  зерттеулеріне назар аударатын болсақ,  Баратай  атауы туралы көптеген жорамалдар айтылып жүр.

Баратай деген сөздің « бара» сөзін көне түркі тілінен «бара»кең,үлкен,көп деп түсіндіруге болады. «,ап»форматын иран тілдерінен  «аб-ап» өзен,су деп алып ,гибридті атау ретінде «Бара» \үлкен,кең\ ,ап\аб су үлкен су ,ауқымды кең су ,көл деп мағынасын  ашуға болады.Бұл атау бойынша бір сырдың құпиясын ашады.

«Баратай»-  сөзі монғол  тілінде үлкен ,қомақты,арбиған деген мағынаны білдіреді.  «Баратай уул»-үлкен ,қомақты көл деген  қосымша  анықтама  Б.Базылханның монғолша-қазақша сөздігінде анық берілген.Баратай көлінің қазіргі кезде тартылып,суы азайып кеткенімен  ертеде мөлдір таза шалқар көл  болғандығын ешкім жоққа шығармайды.-деді филология  ғылымдарының кандидаты ,Баратай ауылының тумасы  Алиева Гүлнар Шияпқызы.

    Ауылымыз жылдан -жылға көркейіп  келе жатыр.1993 жылы  екі қабатты зәулім мектеп салынды. Ұлы Отан соғысының ардагері Абилкадиров Тоқсанбай,сол кездегі мектептің директоры Мұқанбетов Қайырлы Жанәбілұлы,ауылымыздың қадірлі азаматы қазіргі күні зейнеткер қария Қаппасов Қуанышбек ,сол кезде Көкшетау облыстық советінің депутаты болған Мустафин Қанатбек Жанахметұлы., «Баратай» шағын кәсіпорнының директоры Есмағанбетов Асылбек  ,Бейсенбеков Сапар,Сарызек  совхозының  директоры Абилмаженов Айтмағанбет және ауыл тұрғындарының  жазған хатының  осы мектептің салынуына көп септігі тиді.Сөйтіп, көп ұзамай 180 орындық мектептің фундаменті құрылып, ауыл тұрғындары және сол жылы  мектеп табалдырығын  аттағалы отырған бүлдіршіндер зор қуанышқа бөленді.

                                    

Содан  Сарыөзек совхозы жабылы, біздің ауылдың ер азаматтары жеке-жеке шаруа қожалықтары болып бөлінді.Қазіргі таңда ауылымызда «Аян», «Таң», «Жансая», «Тас»   деген шаруа қожалықтыры өз кәсіптерімен айналысып жатыр.Жылда көктемде олар егін салып, күзде сол еңбектерінің  өнімін алып ауылды жем шөппен қамтамасыз етеді.Жалпы Баратай ауылының климаты егін шаруашылығы болсын,мал шаруашылығы болсын өте қолайлы.Ауыл ормандарында жеміс жидектің де бірнеше түрі өседі.Біздің мектептің оқушылары жазғы демалыстарын босқа өткізбей осы табиғаттың байлығын жинап,теріп қала тұрғындарына апарып сатып сол  тапқан табыстарына өздерінің оқу құралдарын,киім кешектерін алып ата-аналарына өз септерін тигізуде..Ұлы Отан соғысы жылдары да ауылымыздың тұрғындары қалыс қалған жоқ.Біздің ауылдан 58 адам майданға аттанып  бірнешеуі хабарсыз кетті,елге оралғандары  кейін ауылдың соғыстан кейінгі жағдайын түзетуге,өркендеп өсуіне  өз үлестерін қосты.Атап айтсақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Абилкадиров Тоқсанбай,Ибраев Казбай,Мушанбеков Бектас .Бұл  аталарымыз  майданның алдыңғы шебінде жаумен шайқасып елге батыр боп оралды.Кейінде еліміздің Тәуелсіздік алғанын,Тұғыш президенттің сайланғанын, Елордамыздың Астана болғанын өз көздерімен көріп,тілдің,діннің оралғанын естіп қазақ елінің көптен күткен армандары орындалып еліміздің бейбіт тыныш өмір сүруіне өз үлестерінің болғанына қуанды.Саналы ғұмырларын Отан деп ,тынымсыз еңбектері мен ауылымыздың іргетасын  құруға  аталарымыз бен әжелеріміздің қосқан үлестері өте зор.Қазіргі жастарға олардың өмір жолдары табылмас қазына.

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст