"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жемқорлық- індет , оның алдын алу міндет

27.09.2019

Жемқорлық- індет, оның алдын алу міндет.

     Себебі ол мемлекет пен қоғамның  тұрақтылығына елдің қауіпсіздігіне қауіп  төндіріп  жатқан және әлеуметтік өзгерістерге зиян,кедергілер келтіреді. Осыған  байланысты  біздің Егемен еліміздің негізін  қалаушы Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев  өзінің  жылдағы дәстүр бойынша жолдайтын жолдауларында осы кейінгі  кезде белең алып келе жатқан індеттің алдын алудағы мем лекеттің басты бағыттарын айқындап  нақтылап көрскетіп отырды.Қазақстандықтардың әл ауқатынның  өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді   күрес жалғасатын ,сондай-ақ құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың  өздерін тәртіпке салу керектігін айтты.

   Ал, енді биылғы 2019 жылы 5-маусымда Президент болып сайланған Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің сайлауға түсер алдындағы жасаған бағдарламасында осы жемқорлық деген індетті түп тамырымен  жою керек  және сол үшән жасалып жатқан күресті тоқтатпауымыз керек деп жазған.

   Биылғы 2019-2020 оқу жылы басталысымен 2-қыркүйек күні Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен Еліміздің барлық оқу орындарында «Адалдық сабақтары» өтті. «Адалдық жүрген жерде –адамдық жүреді» дегнен қағидапны негізге ала отырып біздің мектебімізде де адалдық сабағы өтті.Сабаққа мектептегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері қатысты.Клубтың жетекшісі мектептің тәлімгері Айтбаева Қ.Ж. оқущыларды елімізде жемқорлықты жою үшін жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырып өтті.

    Сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртық жара емес бұл тамыррын тереңгек жайған өзге сау органдарын шырмап ,тыныс тіршілігін тарылтатын,сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне  қатер төндіретін қауіпті кесел.Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу ,даму ,таралу жолдарын біліп,дерттің қозуына  қолайлы  жағдай тууына жол бермеу керек.Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет.Яғни бұқара  көпшілік сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс.Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз.

    Елімізде осы маңызды мәселе  бойынша 2015-2025 жылдарға  арналған «Қазақстан -2050» стратегшися жұмыс істеуде.Ол стратегияның басты мақсаттары:

-Жемқорлықтың масштабын табу.

-Мемлекеттік Органдардың ашықтығы.

-Жеке секторлардың ашықтығы.

Осы бағдарлама  аясында жүргізілген жұмыстардың арқасында 2016 жылы 2807 құқық бұзушылық  орын алған екен, ал енді 2019 жылдың соңғы 7 айында 1738 құқық бұзушылық тіркелген екен. Байқап отырғанымыздай жылдан жылға елімізде жалпы өңірімізде қылмыстық фактілер азайып келеді. Демек жемқорлыққа қарсы күрес өз деңгейінде жүргізіліп жатыр деген сөз.

     2019 жыл Қазақстандықтар үшін, әсіресе жастар үшін ерекше жыл болмақ, себебі Елбасымыз осы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Елбасымыз айтқандай «Әр адам еңбек ету, оқып білу, өмір сүру және заманауи әлемде тіршілігін жалғастыру дағдыларын қалыптастыруы тиіс» деген болатын.

     Жаңа заманның жастары біліммен бірге адалдық,  парасаттылық, әділдік пен сенім деген адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп өсуі керек. Біліммен қаруланған, ақыл парасаты толысқан адал ұрпақ барда, Қазақстанның келешегі жарқын болатындығына сеніміміз мол.

     Сонымен  қатар жастар елі үшін аянбай еңбек ететін және қызмет пен мансап қуалаудан бұрын ар-ұят пен патриоттық сезімді алға қоятын, азаматтар шығады деп сенемін және тілектеспін.

Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст