Текст
26-қыркүйекте мектеп психологі "Өз балаңа үлгі бол" тақырыбында мектеп ата-аналарымен конференция өткізді. Конференция барысында ата-аналарға бала тәрбиесі бойынша кеңестер мен ұсыныстар айтты. Әсіресе, 1-ші және 5-ші сыныптардың бейімделуі бойынша ата-аналарға психологиялық жадынамалар таратты. Сонымен қатар ата-аналармен "Өрмекші торы", "Байлаулы бала"тренингтері және "Әке мені вальске шақыр", "Ваза" видеороликтерді көрсетті.