Текст
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді. 1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар 31 желтоқсанға дейінгі алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады. Азаиаттарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі. Құжаттар:1. Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады) 2. Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады) 3. Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны) 4.Егу паспорты (065/у нысаны) 5. Баланың суреті (3*4 өлшемді)