"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Наурыз" мерекенің тойлануы

21.03.2019

20 наурызда біздің мектепте Наурыз мейрамы атап өтілді. Біздің оқушыларымыздың қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Балалардың ата-аналары да осы мерекенің тойлануына шақырылды. Мереке өте жылы көңіл-күйде өтті. Концерттен кейін  мектеп мұғалімдері  ұйымдастырған және мектебіміздің аспазшысы Г.А. Ибраева дайындаған Наурыз-көже ұйымдастырылды. Біздің халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне сай, біздің ауылдың ақсақалы Уәлиев Сейтқали оқушылар  мен мұғалімдерге осындай концертті өткізгені үшін алғысын білдіріп, осы мерекеге орай ақ батасын берді. Сондай-ақ біздің тұрақты демеушіміз, біздің ауылымыздың тумасы Нахимов Мұса Ғаббасұлы, барлық оқушыларымызға жеміс-жидек пен тәттілер түрінде сыйлықтарын берудің арқасында көбірек мерекелік көрініс алды. Мұса Габбасұлы патронаттық тәрбиелеуде жүрген сегіз оқушымызға, республикамыздың туын бейнеленген бас киімдерін қосымша сыйлықтар ретінде берді. Осы жерде айта кету керек-Мұса Ғаббасұлы біздің балаларымызға осы сыйлықтарын алғаш ретте ұсынып тұрған жоқ. Оқу жылының басында ол біздің мектебімізге жаңа технологиялық портативті музыка орталығын сыйға тартты, соның арқасында мектебіміздің мерекелеріміз ілде қайда қызықты болып өткізілііп жатыр! патронаттық тәрбиедегі ​​балалар үшін Мұса Ғаббасұлы әр мерекеге киімдер, сыйлықтар және кеңсе тауарлары түрінде сыйлық жасайды. Мұса Габбасұлына алғысымызды айтамыз және баршаңызды ұлы ұлттық мерекемен құттықтаймыз!

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст