"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Әке көрген оқ жонар" сайысы

15.03.2019

15 наурызда 1-4 сынып оқушылары арасында біздің мектепте «Әке көрген оқ жоңар» байқауы өтті. Бұл байқауға тек ұлдар ғана қатысты. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Тапсырмалар әр түрлі және қызықты болды. Бұл жарысқа  барлық қатысушылар үлкен жауапкершілікпен дайындалыпты. Жігіттер осы жарыстарға өз әкелері жасаған қолөнер бұйымдарын және өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын әкелді. Сонымен қатар аналары да дайындаған дәмді тағамдарды әкелді және әрбір қатысушы осы тағамдарды дайындау жолымен,рецептімен барлық көрермендерді таныстырды. Мақал-мәтелдер білуіне арналған конкурстар өте қызықты болды. Сондай-ақ, барлық балалар өз халқының салт-дәстүріне қатысты сұрақтарға лайықты жауап берді. Қазылар алқасы  барлық қатысушыларының қойылымдарын мұқият қадағалап, балалардың  қатысуына құзыретті бағалау берді. Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды  Клепцов Иван алды. 2-ші сынып оқушысы Марат Нурислам 2-орынға ие болды, екінші орынды Кенжеболат Жалғас пен Берік Дидар өзара бөлісті. 4-ші орынды 4-ші сынып оқушысы Такау Мақсат иеленіп, 5-орынды 3-сынып оқушысы Такау Нұрсұлтан алды. Осылайша,  ұпайлар бойынша шағын айырмашылығы бар орындарды қатысушылар арасында таратылды. Қатысушыларымызды құттықтаймыз және болашақта үлкен шыңдарды бағындыруды тілейміз!

Просмотров: 448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст