"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәні-ерекше пән

20.02.2019

                              Өзін-өзі тану пәні - ерекше пән

    Қазіргі таңда білім беру мен тәрбие жүйесін қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселелері өзекті болып отыр.Осы орайда  білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ізгілендіру басты бағыт болып жалғасын табуда.Аталған мәселеде «Өзін- өзі тану»  пәні маңызды роль атқаруда. Өзін -өзі тану пәні балаларды өзінің өмірлік айқындамасын анықтауға,адамдарға көмек көрсетуге,туыстарына және жақындарына мейірімді,қамқор болуға қоғамда,ұжымда өзін-өзі ұстауды үйретеді.

  «Өзін –өзі тану» пәні мектептік басқа пәндерден ерекшеленеді,өйткені ол қоршаған орта туралы емес,ол-Адам туралы пән.Адам болып өмірге келу аз,сол адамға лайық өмір сүру қажет.Сондықтан да өзін-өзі тану пәні мұғалімінің кәсіби міндеті алдына келген бүлдіршін баланың Адам болып шығуына зор ықпал ету.

Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай сонымен бірге оларды әлеуметтік  бейімделу үдерісінде пайдалана білуге үйретуі тиіс. Өзін-өзі тану пәні балаларды сабақтан тыс іс-шаралар арқылы да тәрбиелейді.Сабақтан тыс іс-шаралар балалардың жүрегінде рухани адамгершілік құндылықтарды ұялатып өмірде кездесетін кез-келген жағдайларды адамгершілікпен шеше білуге көмектеседі.Іс-шаралардың қатарына қайырымдылық акциялары,апталықтар,спорт,драма үйірмелері,клубтар,кездесулер,ақындар бұрышы жатады.

  Еліміздің барлық мектептерінде жылдағы дәстүр бойынша «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік бағдарламасының  авторы С.А.Назарбаеваның туған күніне орай «Өзін-өзі тану;Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»атты тақырыпта онкүндік өтіледі.Биылғы оқу жылында  да осы онкүндік біздің мектебімізде өтті.Апталық салатанатты саптық жиынмен ашылып,мерекелік концертпен аяқталды.

 С.А.Назарбаеваның еңбегі мен қызметі туралы кітаптардан көрме ұйымдастырылды,барлық сыныптарда «Балаға жүрек жылуы»-деген сынып сағаттары өтті,орыс  ,ағылшын, қазақ тілдерінде «Ана», «Отан», «Бейбітшілік», «Достық»  тақырыптарында мәнерлеп өлең оқу сайыстары өтті.  «Өнеге отбасынан»- атты ашық сабақ , «Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілесің» деген тақырыпта әр сынып отбасында ата-анасының берген тәрбиелерін көріністер қойып сахналап  көрсетті.Мектебіміздегі  «Сыр сұхбат» клубының ұйымдастыруымен  «Құрметтейік ата менен ананы» деген тақырыппен ауылымыздың ақсақалы Дулат ата мен Үмітай  апаның үйіне 5-8 сыныптың оқушылары кездесуге барды.

 Ондағы мақсатымыз:Балалардың өмір ,тағдыр деген ұғым жайлы түсініктерін кеңейту.Өзін-өзі тануға  және өмірі туралы түсінікті тереңдетіп жақсы мәнді өмір сүру үшін адам алдына мақсат қойып сол мақсатқа жетем деген оймен жүру керек екенін айтып түсіндіру.Өмірге деген сүйіспеншілігін және өмірге алдарынан кедескен қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.Балалар өздері дайындаған сұрақтарын қойып тамаша әңгіме өрбіді.Атамыз Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауылдың тарихына да тоқталып өтті.Кездесуге барған балалардың ата-әжелері туралы да қызықты әңгімелер айтып әңгімені қыздыра түсті.Сол кездегі газет журналдар мен қазіргі газет журналдарды ,жалпы сол уақыттағы тәлім- тәрбие жайлы  да әңгіме айтылды.Балалармен қосылып ән айтып  атамыз бен әжеміз көңілдері бір көтеріліп қалды.Кездесуге барған балаларды да атамыз бен әжеміз  де риза қылып тәттілермен шай беріп ,өзінің ақ батасын берді.

Дулат ата балаларына қандай тәрбие бергенін және балаларының қазіргі таңдағы істеп жүрген қызметтерін айтып кезінде берген тәрбиесінің зая кетпегінін айтып бір марқайып қалды.

Кездесу барысында мектебіміздің президенті Клепцова Айнерім  атамызға        -Елбасымыз биылғы жылды  «Жастар жылы»-деп жариялады ғой.Енді сіз ата осы жалпы  қазіргі жастарға көңіліңіз толама,жастар жайлы пікіріңізбен бізбен бөліссеңіз,-деген сұрақ қойды.

Сонда атамыз сәл ойланып отырып.

-«Жастар –болашаққа  апаратын алтын көпір»-деген дана адамдардың айтқан  сөзі бар балалар.Әр бала мына дамылсыз өзгеріп жатқан заманнан ,өзінің  шамасы келетін өзінің қабылетіне  қарай,яғни жағдайына қарай кәсібін, оқуын таңдап алуы керек.Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз  елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп,тек қана алға ұмтылуы тиіс.Қазіргі таңда елді мақтайтын да ,елді даттайтын да жастар.Жақсы болсаңда,жаман болсаң да кімнің баласы деп сұрайды.Ол естеріңде болсын.Сондықтан да ата-анаға ,ауылымызға , Қазақстанымызға тіл тимесін, кір келмесін десеңдер жақсы ,адал болыңдар,-деді атамыз.

    Өзін-өзі тану пәні жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің ашылуына ықпал етеді.Біз тек риясыз қызмет етсек қана ричсыз сүйіспеншілік гүл жарады.Рухани адамгершілік  білім ол адамның ішкі жан дүниесінде күнделікті өмірінде болып жатқан оқиға.Адам баласы өзінің қолы жетпейтін Ұлы дүние іздемеу керек,алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікке толы жүрекпен жасау керек.Істейтін жақсылығымыз ,қайырымды ісіміз болар болмас болған сайын,бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміз зорая түседі ағайын.Сондықтан да «Үлкенге құрмет,кішіге ізет» көрсетіп бір-бірімізге мейірімді болайық. 

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст