"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жылға тарту

10.01.2019

      Жаңа

жыл тартуы

    Қай бала

болмасын  соның  ішінде әсіресе Жаңа жыл мерекесін асыға күтеді.

Олардың барлығы да армандаған арманымыз, тілеген тілегіміз орындалады деп Жаңа

жыл ертегісіне, жылтырауыққа оранған ғажайып шыршаға, Аяз Ата мен Ақшақар қызға

сенеді. Міне,  осындай Жаңа жылға арналған ертеңгілік Баратай негізгі мектебінде де болып өтті. Жаңа жылдық

ертеңгілікке Баратай ауылының

тумасы ,қазіргі кезде Көкшетау қаласында тұрып жатқан Нахимов Мұса ағамыз бен

Әлия тәтеміз қатысты.-Құрметті жас достар! Сіздерді жаңа

жылдарыңызбен құттықтаймын.  Сіздердің жақсы білім алуларыңызға өнер мен

шығармашылықтарыңызды әрі қарай дамытуға  барлық жағдай жасалынып

отырғанын көріп отырмын.  Оқыңдар, білім алыңдар, тәрбиелі болыңдар.

Сондықтан балалар сіздерге тек жақсылық, қуаныш тілеймін,-деген тілектерін

білдірді.Мұса ағамыз бен Әлия

тәтеміз мектеп оқушыларына  құрқол келмей, Жаңа жылдық сыйлығын ала

келіпті. Сый-сыйяпат ретінде  жемістер,яғни

алма ,мандарин,жүзім әкелді. Сонымен қатар патронатты тәрбиедегі

Айкимбаев Серик,Сыздықов Еламан,Клепцовтар және Реслерлер отбасындағы балаларға

жылы күртелер сыйлады. Балалармен естелікке суретке түсті. Осылайша  балалардың

армандаған армандарының бір бөлшегін орындады деуге болады.

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл

сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке.Жаңа жыл құтты болсын!Келген Жаңа

жыл бәрімізге жаңа бақыт әкелсін деп тілейміз!

 

 

                                                                           

Какенова Ж.К.

Тәрбие ісінің

меңгерушісі

Баратай негізгі

мектебі

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст