Текст
А.Құнанбаев "Бес асыл іс..." Мақсаты:Оқушыларға ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет(талап, терең ой, қанағат, рақым, еңбек) жөнінде кеңінен түсінік бере отырып ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, инабатты болуға, еңбексүйгіштікке баулу арқылы тәрбиелеу.
Жақсы, ең алдымен талап туралы сендерге айтып өтейін. Адам өмірде өз орнын табу үшін талапты, қабілетті, ізденімпаз, еңбекқор болуы тиіс. Адам өзінің ынта-ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады. Талап туралы сендер де мақыл, нақыл сөздер білесіңдер. Олай болса кім қандай мақал біледі?
Таудай болса талабың,Бағың болып жанамын.Талапты елге нұр жауарТалапсыз неме құр қалар.Талап пендеден,Көмек алладан.