"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

06.12.2018

« Зорлық зомбылықсыз 

балалық шақ»

 тақырыбында өткізілген

 акция

      Бала

тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар

қауымының парасаттылығына байланысты. Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала

басқаның да құқығын сыйламайтын, ол туралы ойланбайтын болады, керісінше

жанұядағы жақсы қарым-қатынаста өскен бала ертең қайырымды болып өседі. Баланы

түзу өсіретін қорқыту-үркіту емес, оның еркін өсуі жан-жақты дамуына игі әсер

етеді. Сондықтан да бала тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында Баратай негізгі

мектебінде 12-23 қараша аралығында «Зорлық - зомбылықсыз  балалық шақ» атты акция өткізілді. Алдын ала

жасалған жоспар негізінде іс-шаралар өткізілді. Барлық іс-шараларды өткізуге

мектеп әкімшілігі,  психолог және сынып жетекшілер бірлесе отырып

атсалысты, сыныптар да белсенділік танытты. Жоспар бойынша 14 қарашада  сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен барлық

сыныптарда «Зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.1-8

сыныптар арасында «Балалар мен балалық шақты қорғайық!» тақырыбында флеш-моб

өткізілді. Қоғамдық инспектор Ташмағанбетова Ж.Қ. 5-8 сынып оқушыларымен  «Балалық шақты қорғау заңды» дөңгелек үстел

өткізді.Мектеп психологі М.Қазыбекқызы ата-аналарға арналған «Отбасындағы

зорлық-зомбылыққа жол бермейік!» атты семинар-тренинг өткізіп, сауалнамалар

алынды.Мектеп кітапханашысы Г.Ибраева «Бақытты отбасы» тақырыбында фото

суреттер көрмесін ұйымдастырды.Онкүндік аясында мөлтек аудандарға жауапты

мұғалімдер «Түнгі көшедегі балалар» атты рейдтер жүргізді.Рейд барысында түнгі

мезгілде көшеде жүрген оқушылар тіркелмеді.

 

 

                                                                                 

Баратай негізгі мектебі

                                                          

Тәрбие ісінің меңгерушісі:Какенова.Ж.К.

Просмотров: 543


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст