"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасына алғыс

06.11.2018

                                             Елбасына алғыс

Досым-ау, осы сенің

арманың бар ма?

Бірақ сенде қандай

арман болсын, оқуыңды оқып білім алып жатырсың. Денің сау, тәрбиелі азаматсың.

    Анадан туып өмірге, жарық дүниеге келгеннен

кейін тәрбие алып, ес білгеннен соң адамда арман деген көп болады. Біреу оқып

білім алсам екен,   халқыма пайдалы іс жасасам екен , екіншілері

мал-малданып байысам екен, жан-жанданып молайсам екен дейді-бұл да арман.

Адамның арманы көп және сан-қилы.

     Менің де арманым көп, менің қазір он үштемін.

Мен жастайымнан екі бауырым Иван және Евгениймен   Ақкөл

қаласындағы балалар үйінде тәрбиелендік. Сол кездегі менің басты арманым жақсы

отбасын тауып, өзіммен бірге қуанышта да, қиындықта да бірге болатын жанұя табу

болатын.

      Осы   арманым

орындалып Ақмола облысы, Зеренді ауданындағы Баратай деген тамаша табиғат

көркем, ауасы таза, ну орманы бар, иманды ауылда тұратын мейірімге толы

Ибраевтар отбасына патронаттық тәрбиеге келдім. Ендігі менің арманым осы

отбасымда қамқоршы болып отырған ата-анам яғни Сайран Казыбайұлы мен Гүлнара

Амиржанқызына маған және бауырларыма жасаған қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып,

олардың алдындағы парызымды өтеу. Менің мақсатым- сабағымды жақсы оқып, бір

мамандықтың иесі атану , Егемен еліміздің еңбексүйгіш азаматы  болу.

      Адам алдына қойған мақсатына жету үшін

талаптану керек. Талаптану дегеніміз-адамның қажырлы еңбек етуі арқылы

ізденіске түсіп, алға қадам басуы, алға қарай талпынысы. Халқымыз «Талапты

ерге-нұр жауар» деген. Мақалдың мағынасы терең. Егер мен осындай ерді елестете

алсам, әрине ең алдымен көзінде оты, жүрегінде жалыны бар елімізді Егемендікке

жеткізген  тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевты айтар едім.

     Адам өмірінің асқаралы болуы оның

бойындағы күш-қуаты мен қайнаған жігерінің болуында деп ойлаймын.

     Ертеңін ойлайтын, болашағына үмітпен

қарайтын көшелі ел алдымен ұрпақ тәрбиесіне, шәкірт біліміне ерекше назар

аударатын. Елбасымыздың арқасында биылғы жазғы демалыста біз Қазақстанның

кең-байтақ жерлерінің бірі, аты аңызға айналған, жастарға берер тарихи мұралары

көп жеріміздің бірі-Қызылорда қаласына қыдырып барып қайттық.

     Қазақтың тек өз төл тарихы, әдебиеті мен

мәдениеті- әлі талай ұрпақ үшін таусылмайтын қазына. Ұрпаққа өнеге болар

өзіміздің хан- сұлтан, батыр-бағлан, би-шешен, ақын-жазушыларымыз қаншама.

Ендеше , біз неге әйтеуір киіз туырлықта дүниеге келдік екен деп есте жоқ ескі

дәуірдің ерлерінің жыртысын жыртамыз. Қайта керісінше, бүгінгі ұрпаққа өз

ата-бабамыздың тарихын ұсынбаймыз ба? Ұлттық тарихтың өзі осындайдан басталмай

ма?-деп Елбасымыз айтқандай, біз еліміздегі тарихи мұралары мен

ескерткіштерін  атап айтсақ,  Қорқыт ата ескерткішін, Сұғанақ қалашығымен

және Байқоңырдағы ғарыш кемелерін, олардың ғарыш әлеміндегі   алғашқы еңбек жолдарымен танысып қайттық.

Мұндай тамаша саяхатты мен алғаш рет көрдім. Жақсы әсер алдым, көптеген достар

таптым.

      Біздің еліміздің Тәуелсіздік алғанына

биыл алла жазса 27 жыл толады. Осы уақыт аралығында еліміздің жайнап құлпырып

өсуі, әрбір талдың мәуелі ағаш болып жайқалуы - Елбасында отырған атамыздың

арқасы

      Қазіргі таңда елімізді бәрі таниды.

Дамыған елдердің қатарына кіріп бой түзеп келе жатырмыз. Алла тағалам бізді осы

жолдан тайдырмасын. Біз үшін Елбасымыздың еңбегі ерекше білім алу тегін, оқулық

тегін соңғы жылдары білім саласында  өзгерістер мен жаңалықтар болып жатыр.

     Еліміздің жастары шет елдерден білім алып,

еліміздің дамуына көптеген инновациялық жаңалықтар мен технологиялар ойлап

табуда. Оны мен күнделікті теледидардан көріп біліп жүрмін.

     Шапса тұлпар аяғы талған, ұшса сұңқар

қанаты талған, ұлан-ғайыр кең даламызға Егемендік иісін енгізген Елбасымызға

айтар алғысымыз шексіз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Мен

осындай байтақ жері бар, Тәуелсіз елде дүниеге келіп сол елдің ұрпағы болғаныма

өте-өте ризамын. Егер менен  сенің сүйікті

атаң кім деп  сұраса, мен мүдірместен ол

менің Елбасым -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дер едім.

                       

                                                                    Клепцова

Виктория

                                                                                            

8-сынып оқушысы

                                                            

                                Зеренді ауданы

                                                                                            

Баратай негізгі мектебі

  

Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст