Текст
1-сынып оқушыларымен "Жол ережелері" тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларға бағдаршам туралы түсінік беру, көшеде жүру ережелерін меңгерту. Оқушылардың қабылдау процесін арттыру, зейіндерін тұрақтандыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Жол ережелерін бұлжытпай орындауға, оған немқұрайлы салғырт қарамауға, жол апатынан сақтануға тәрбиелеу.