"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамаша табиғат

02.05.2018

                                             Тамаша  табиғат.

  Табиғат –дегеніміз ол бізді қоршаған орта,бар

байлықтың ырысы мен қазынасы.

   Табиғатсыз

адамдар да,жан-жануарлар да,құстар да өмір сүре алмайды.Өйткені адамдарға ,жан-жануарларға  құстарға таза ауа  керек,таза ауамен  тыныс алуы керек.Біздің табиғатымыз жыл сайын

өзгеріп тұрады,яғни төрт мезгіл сайын.

   Мысалы,

қыста  күн суытып қар жауады, көктемде

қар еріп  күн жылына бастайды,   жазда жерге жап-жасыл шөп шығып,көптеген

жеміс  -жидектер өседі, ал күзде күн

салқындап жапырақтар жерге түсіп, жаз бойы өсірген жем шөптерімізді жинап

аламыз.

  Біздің ауылымыздың

табиғаты өте әдемі  және бай.Түрлі құстар

мен аңдар бар.Ауыл шетінде Баратай деген көлімізде аққу ,қаз,үйректер жүзіп

жүреді.Қазір нағыз осы уақытта таңертең қаздар мен аққулардың шулаған

дауыстарын естисің.Неткен тамаша десеңші!Ауылымызда жеміс- жидек те егін шөптер

де жақсы өседі.Жалпы біздің ауылдың топырағы өте құнарлы егістікке жайлы,мал

жайылымына да ыңғайлы.

   Жалпы Қазақстан

бойынша маған ұнайтын   жер ол киелі де,сұлу,көркем  мақтауға сөз жетпейтін Бурабай жері.Ол

жерде  көптеген шипажайлар,емделуге

арналған демалыс орындары бар.Табиғаты өте сұлу,ауасы таза ,қаз- қатар боп

өскен  қарағайлар мен биші қайыңдары  ,көгілдірленіп  жатқан көлдері қандай.Бұл жердің табиғатын

мақтай берсең кітап жазуға болады.Бурабай жеріне адамдар дем алуға

,денсаулықтарын жақсартуға барып тұрады.Тіпті шет мемлекеттерден де келіп кетіп

жатады.

 Менің айтар

ойым  адам мен  табиғат ол бір тұтас дүние. Бір –бірімен

тығыз байланысты.Табиғатсыз адамның   

өмір  сүруі мүмкін емес.  Сондықтан да 

табиғаттың бізге берген сыйын 

қорғап,аялап  жүруіміз керек.

Осы мақсатта біздің мектебіміз,оның ішінде біздің сынып

осы табиғатты аялап құстарға қамқорлық жасауда көп жұмыстар жасадық. Қысты күні

жем салып қоюға жем шашар жасап,ал енді көктемде ауылымызға қайтып оралатын

құстарға мектеп ауласына үйшіктер жасап ілдік. Қандай қамқорлық болсада біз ең

алдымен өзімізден бастау керегін біз жақсы білеміз.

                                             

 

Кадиржанова Аружан

Баратай негізгі

мектебі                                    

5-сынып оқушысы

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст