Текст
29.12.2021
"Әліппемен қоштасу" ертеңгілігі
Желтоқсанның 28 күні санитарлық талаптарды сақтай отырып 1-сынып оқушыларымен "Әліппемен қоштасу" ертеңгілігі ұйымдастырылды. Мақсаты: әліппе кезеңінде алған білімдерін тиянақтау болатын. Оқушылар ертеңгілік барысында алған білімдерін ортаға сала білді.
24.12.2021
Мектеп асханасы
Біздің мектепте асхана бірінші қабатта орналасқан. Асханамыз үлкен, таза және әдемі. Аспаздар әр түрлі дәмді тамақ дайындайды. Түрлі салаттар дайындайды. Аспазшылар қызметі бізге өте ұнайды.
20.12.2021
Дене сымбаты
Дененің саулығы – жаныңның саулығы. Осы бір ауыз сөз адам тәнінің байлығын ешнәрсеге теңестіруге болмайтындығын түсіндіріп, санаңа ой қосады. Денені жетілдіру – жеке тұлғаның мінез- құлқын, ой-өрісін, сұлулық талғамын жетілдіру екенін ғұлама ғалымдардың...
13.12.2021
Апталық "Тәуелсіздік таңы"
5-9 сыныптар арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына арналған "Тәуелсіздік таңы" тақырыбында апталық басталды.Апталық барысында оқушылар мен бірге танымдық сабақтар,викториналық ойындар,ашық сабақ ұйымдастырылады.
06.12.2021
Дене шынықтыру сабағы
Дене шынықтыру сабағы өте қызықты өтеді. Біз онда денемізді шынықтырамыз, түрлі жаттығулар орындаймыз. Қимыл қозғалысқа арналған ойындар ойнаймыз. Мен дене шынықтыру сабағын қатты жақсы көремін. Букенова Ақерке 1-сынып
06.12.2021
"Солтүстік" фильмі
3 желтоқсан мектеп ұжымымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған "Север" фильмінің қаралымы ұйымдастырылды.
03.12.2021
Мектеп асханасы
Мектеп асханасы өз жұмысын сапалы жүргізуде. Мектебіміздің барлық оқушылары асханадан санитарлық талаптарды сақтай отырып тамақтанып келеді.
03.12.2021
Инспектормен кездесу ұйымдастырылды
Мектебіміздің оқушылары аймақтық инспектормен кездесдесті. Оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында жасөспірімдерді қылмыстық әрекеттерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. Қылмыстық...
29.11.2021
1 желтоқсан Тұңғыш Перзидент күні
1 желтоқсан Тұңғыш Перзидент күні арналған "Елімнің тұңғыш Президенті" тақырыбында жалпымектептік тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағаттарында Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы жете таныстырылды.
22.11.2021
Мен ағылшынша сөйлеймін
8-9-сыныптар арасында ағылшын тілінен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс , жеке жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылар үш тілде жауап берді, мәтінмен жұмыс жасады.